Сүйір бұрыштың sin∝, cos∝, tg∝, ctg∝ бір элементі бойынша табу. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2В бөлім: Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Сүйір бұрыштың sin, cos, tg, ctg бір элементі бойынша табу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.1.3.24 Сүйір бұрыштың sin, cos, tg, ctg бір элементі бойынша табу

Сабақ мақсаттары

Үшбұрыштардың бұрыштарын табу үшін синус, косинус, тангенс пен котангенс қатынастарын пайдалану;

Сүйір бұрыштың тангенс пен котангенс мәндері және басқа қабырғасының ұзындығы берілген тікбұрышты үшбұрыштың қабырғаларының ұзындығын анықтауды үйрету;

Тригонометриялық функциялар қолданылатын геометриялық есептерді шешуді меңгерту.

Бағалау критерийлері

Оқушылар

біледі:

  • α бұрышының синусы sinα = a/c 
  • α бұрышының косинусы cosα = b/c 
  • α бұрышының тангенсі tgα = a/b 
  • α бұрышының котангенсі ctgα = b/a 

қолдана алады:

  • жоғарыдағыларды пайдаланып, есептерді шеше алады

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология

тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі; бұрышқа іргелес жатқан катет; бұрышқа қарсы жатқан катет; катеттердің квадраттарының қосындысы; Египет үшбұрышы; негізгі тригонометриялық тепе-теңдік; перпендикуляр, проекция және көлбеу; катеттердің гипотенузаға проекциялары; геометриялық орта.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы анықтамасынан α бұрышына қарсы жатқан катет ... тең; тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының косинусы анықтамасынан α бұрышына іргелес жатқан катет ... тең; тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының тангенсі анықтамасынан α бұрышына қарсы жатқан катет ... тең; Пифагор теоремасын қолданып, ... табамыз;негізгі тригонометриялық тепе-теңдік негізінде ...; катеттің квадраты ... тең.

Құндылықтарды дарыту

Бір-бірін тыңдау, кезекпен сөйлеу, өз ойын нақты жеткізу, дәлелдер мен мысалдар келтіру, өздігінен үйренуге талпыну, академиялық шыншылдық, топтық және жұптық жұмыстарда ашық болу.

Пәнаралық байланыстар

Сызу, физика

 АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтаны қолданып, сыныпты жаңа тақырыппен таныстыру.

Бастапқы білім

Тікбұрышты үшбұрыш және оның элементтерінің анықтамалары туралы біледі. Тікбұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілері туралы біледі және оларды қолдану біліктілігі. Үшбұрыш теңсіздігі және үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

1. Сыныпты ұйымдастыру.

Оқушылармен сәлемдесу. Сынып тазалығына назар аудару. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Үй жұмысын тексеру.

2. Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлерін оқушылармен бірге талқылау.

https://bilimland.kz/kk/home#lesson=11478

Сабақтың ортасы

Ж

30 минут

1. Білу және түсіну

Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы осы бұрыштың синусы деп аталады. 

Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына іргелес жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы осы бұрыштың косинусы деп аталады. 

Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының тангенсі қарсы жатқан катеттің іргелес жатқан катетке қатынасына тең.Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының котангенсі іргелес жатқан катеттің қарсы жатқан катетке қатынасына тең.

Қолдану.

№282,283,284,285 есептерді жұпта шығару

  • Тең бүйірлі үшбұрыштың биіктігі 12,4 м, ал табаны 40,6 м. Үшбұрыштың бұрыштарын және бүйір қабырғасын тап.
  • Тік төрбұрыштың қабырғалары 12,4 см және 26 см. Диогоналдарының арасындағы бұрышты анықтаңдар.
  • Ромбының диогоналдары 4,73 см және 2,94 см. Оның бұрыштарын табыңдар.
  • Ромбының қабырғасы 241 м, биіктігі 120 м. Бұрыштарын табыңдар.

Жекелеме жұмыс

№4 Тікбұрышты үшбұрыштың бір катеті 8см-ге тең, ал оған қарсы жатқан бұрыштың синусы 0,8-ге тең. Гипотенузасын және екінші катетін табыңдар.

https://bilimland.kz/kk/home#lesson=11478

Қосымша 1

Ә. Н.

Шыныбеков. Алгебра, 8. Алматы, 2012

Қосымша 2

Сабақтың соңы

Ой толғаныс

5 минут

1. Жинақтау. Оқушылар өздері сұрақтар құрастыру арқылы «иә» немесе «жоқ» стратегиясы арқылы жауап беру.

2. Бағалау. Оқушылар өзін-өзі ауызша критерий бойынша бағалайды.

3. Оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі.

4. Үйге тапсырма: № 287, 288

Ә. Н.

Шыныбеков. Алгебра, 8. Алматы, 2012

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында өздеріне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, есепті шешу және талқылау жолдарын бақылап, үйренеді. Топтық талқылауда барлық оқушының қатысатынына, білімі төмен оқушылардың басқалардан тәуелді болмауына класс оқушыларның сенімді болуы жоспарланған.

Оқушылардың тақырыпты меңгергенін және мақсатты жеткілікті немесе жеткіліксіз түсінгенін қадағалау үшін, сабақ барысында әрбір оқушының қасына жеке-жеке барып қажет еткен жағдайда көмек көрсетемін.

Сынып бөлмесін сабақтан бұрын желдету. Сыныптағы орындық парталардың түзу туруына назар аудару.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу