Бұрыштың синусының, косинусының, тангенсінің немесе котангенсінің белгілі мәні бойынша бұрыш салу. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары, 4 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2В бөлім: Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Чултуков Н.С.

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бұрыштың синусының, косинусының, тангенсінің немесе котангенсінің белгілі мәні бойынша бұрыш салу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.1.3.5 бұрышты оның синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің белгілі мәні бойынша салу

Сабақ мақсаттары

Бұрыштың синусының, косинусының, тангенсінің немесе котангенсінің белгілі мәні бойынша бұрыш сала алады

Бағалау критерийлері

- Синус, косинус, тангенс, котангенс анықтамаларын қолданады;

- бұрышты синусы бойынша сала алады;

- бұрышты косинусы бойынша салады;

- бұрышты тангенс бойынша салады;

- бұрышты котангенс бойынша салады.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология

тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі; бұрышқа іргелес жатқан катет; бұрышқа қарсы жатқан катет; катеттердің квадраттарының қосындысы.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы анықтамасынан α бұрышына қарсы жатқан катет ... тең; тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының косинусы анықтамасынан α бұрышына іргелес жатқан катет ... тең; тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының тангенсі анықтамасынан α бұрышына қарсы жатқан катет ... тең;

Құндылықтарды дарыту

Бір-бірін тыңдау, кезекпен сөйлеу, өз ойын нақты жеткізу, дәлелдер мен мысалдар келтіру, өздігінен үйренуге талпыну, академиялық шыншылдық, топтық және жұптық жұмыстарда ашық болу.

Пәнаралық байланыстар

Сызу

 АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтаны қолданып, сыныпты жаңа тақырыппен таныстыру.

Бастапқы білім

Тікбұрышты үшбұрыш және оның элементтерін, сүйір бұрыштың синусы, косинусы, тангені, котангенсі анықтамалары туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 –12 мин

Сыныпты ұйымдастыру.

Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлерін оқушылармен бірге талқылау.

Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен тақырып бойынша тест алу арқылы оқу мақсатына оқышыларды жетелеу. (Қосымша 1)

Оқушылар жанындағы отырған жұптарының жұмыстарын тексеріп (дәптерлерін ауыстырып), бірін бірі бағалайды. Қиындық тудырған тапсырмалар болса топпен талқылап, тақтада көрсету. Осылайша оқушылармен жаңа тақырыптың мақсаты мен бағалау критерийлеріне назар аударту.

Слайд № 1-3

Қосымша 1

Сабақтың ортасы

13- 25 мин

Жаңа білімді игеру. Ұжымдық жұмыс:

Сұрақты құру: бұрышты оның синусы, косинусы немесе тангенсі арқылы тұрғызу. Оқушылар сұрақты өздері талқылайды. Мұғалім оқушылардың назарына «Салу есептерінің» көмегі тиетінін салады. Яғңни, қажетті құралдар сызғыш, қарындаш, циркульдың көмегіне жүгінетінін айтады (циркульмен жұмыс істегенде қауіпсіздік шараларын ескерту). Бұрыштың синусының, косинусының, тангенсінің немесе котангенсінің белгілі мәні бойынша бұрыш салу жұмысын оқушылармен бірге интерактивті тақтада немесе слайд шоу арқылы түсіндіру.

I) Ең алдымен бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі анықтамаларын және олардың өзге қабырғалары мен арасындағы байланысты еске түсіру қажет. (слайд №4)

II) Тригонометриялық функциялардың бұрыштарын интерактивті түрде тұрғызу. Презентация арқылы әр қабамды ашып көрсету.

Мысал 1: Сүйір бұрышының синусы 0,6-ға тең тік бұрышты үшбұрышты салу керек.

түрде жазуға болады. Сонан соң синустың анықтамасын еске түсіру. =, Демек BC=4 бірлік, AB=5 бірлік.

Салу:

  • 1-ші сәулені салып, оны тең 4 бөлікке бөлеміз;
  • 2-ші сәулені салып, оны да тең 5 бөлікке бөлеміз (алдыңғы бөліктермен тең болуы шарт);
  • Тік С бұрышын саламыз;
  • С нүктесін центр етіп алып, радиусы 4 бірлікке тең шеібермен қиып, В нүктесін алу;
  • В нүктесін центр етіп алып, радиусы 5 бірлікке тең шеңбер салып, тік бұрыштың екінші қабырғасымен қиылысқан жерін А деп белгілейік;
  • А және В нүктелерін қосайық.

Сонда синусы 0,8-ге тең А бұрышын алдық. Алынған үшбұрыштың ВС катеті 4-ке, АВ гипотенузасы 5-ке тең.

Слайд №4

http://sitkovoshool.narod.ru/Gpostroenija/files/sin.html

  •  Бұрыштың синусының, косинусының белгілі мәні бойынша бұрыш салу үшін гипотенуза мен катеті бойынша тікбұрышты үшбұрыш салып берілген шартты қанағаттандыратын бұрышты көрсетсек болады.
  •  Бұрыштың тангенсінің, котангенсінің белгілі мәні бойынша бұрыш салу үшін екі катеті бойынша тікбұрышты үшбұрыш салып берілген шартты қанағаттандыратын бұрышты көрсетсек болады

26 - 37 мин

Топтық жұмыс

1 топ

2 топ

берілсе, онда тікбұрышты үшбұрышты салыңыз.

Бұрышты тангенсі бойынша

салу: tg A = 1,2.

Қосымша 2

Слайд № 6, 7

Сабақтың соңы

38 - 40 мин

Бағалау. Оқушылар өзін-өзі ауызша критерий бойынша бағалайды.

Рефлексия.

Үйге тапсырма:

  • Сүйір бұрышының косинусы 1)–ке; 2)–ке; 3) 0,5-ке; 4)0,8-ге тең болатын бұрышты салу?

Ә.Н. Шыныбеков

Геометрия

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Деңгейлік тапсырамалар кезінде оқушылардың қастарына барып тапсырмаларды орындауын бақылап, сұрақтары болса жеке жауап беріп бағыттап отырамын. Сызбаны дұрыс салун қадағалаймын. Жұмысты жылдам әрі дұрыс орындаған, жеке жұмысты толық әрі нақты орындаған оқушыларға дербес қолдау көрсетіп отырамын.

Тапсырмаларды орындау деңгейіне қарай бағалаймын. А деңгейіндегі тапсырмаларды қатесіз бағалау критерийіне сай ұпайларын алған оқушылардың барлығы да бүгінгі сабақ мақсатына жеткенін, Ал В мен С деңгейіндегі тапсырмаларды орындаған оқушыларға ерекше мақтап барлығыңда сол деңгейге жетулеріңе мүмкіндік бар екенін айтып өтемін.

Сыныпта парта мен орындықтардың оқушы денсаулығына зиян келтірмейтіндей етіп орналастырылуына басты назар аударамын. Сызу және жазу құралдарымен қауіпсіз жұмыс жасау техникасын ескертемін



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу