Пифагор теоремасы. Геометрия, 8 сынып, презентация, 3 сабақ.
Сабақ тақырыбы
Пифагор теоремасы
Сабақ мақсаты
8.3.3.2
Пифагор теоремасын дәлелдейді және қолданады;
Бағалау критерийлері
- Пифагор теоремасын қолданып есептер шығарады.
1-тапсырма. (Пифагор теоремасының авиацияда қолданылуы)
Аэродромнан екі ұшақ бір уақытта ұшты: біріншісі батысқа қарай, екіншісі оңтүстікке қарай. Екі сағаттан кейін олардың арақашықтығы 2000км болды. Егер бір ұшақтың жылдамдығы екіншісінің жылдамдығының 75%-ын құраса, ұшақтардың жылдамдықтарын табыңдар.
2-тапсырма (архитектурада қолданылуы)
(шатыр құрылысы)
Құрылыста үйлер мен коттедждерді салуда, стропиланың (үйдің шатырына қажет ағаш материалы) ұзындығы туралы мәселе жиі туындайды. мысалы: үйге суреттегі
формада шатыр құруды жоспарлады. Егер дайындалған балкалардың өлшемдері AC=8 м. және AB=BF болса, стропиланың ұзындығы
(суретте AF және DC) қанша метр болуы керек. Егер ADC тең бүйірлі, FD=1,5м болса
Ұзындығы 20м болатын өрт сөндіргіш машинаның баспалдағы (пожарная лесница) жерден 2м биіктікте машинада орналасқан және ғимараттан қашықтығы 5м. Егер бір этаждың биіктігі 3м болса, баспалдақпен нешінші этажға дейін шығуға болады?
Мачтаны (тірек) бекіту үшін төрт трос орнату керек. Тростың бір ұшы 12 м биіктікке, екінші ұшы мачтадан 5м қашықтыққа жерге орнатылуы керек. Мачтаны бекіту үшін 50м трос жеткілікті ме?
4-тапсырма
Үйге тапсырма
Пифагор теоремасының қолданылуына күнделікті тұрмыстан мысалдар қарап келу
2. (есепті шығару)
Баянауылдағы парк тік төртбұрыш формасында. Парк диагоналы бойындағы аллея ұзындығы қанша болуы мүмкін, егер оның парктің ауданы 7200м2, ені 200м болса.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?