Пифагор теоремасы. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары, 2 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2В бөлім: Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар | Мектеп: | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні:
| |||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||
Сабақ тақырыбы | Пифагор теоремасы | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 8.3.3.2 Пифагор теоремасын дәлелдейді және қолданады; | |||||||||||
Сабақ мақсаттары | Пифагор теороемасымен танысып, дәлелдеуін тұжырымдайды. | |||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика мен терминология тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі; бұрышқа іргелес жатқан катет; бұрышқа қарсы жатқан катет; катеттердің квадраттарының қосындысы; Египет үшбұрышы; негізгі тригонометриялық тепе-теңдік; перпендикуляр, проекция және көлбеу; катеттердің гипотенузаға проекциялары; геометриялық орта. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы анықтамасынан α бұрышына қарсы жатқан катет ... тең; тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының косинусы анықтамасынан α бұрышына іргелес жатқан катет ... тең; тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының тангенсі анықтамасынан α бұрышына қарсы жатқан катет ... тең; Пифагор теоремасын қолданып, ... табамыз;негізгі тригонометриялық тепе-теңдік негізінде ...; катеттің квадраты ... тең. | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Бір-бірін тыңдау, кезекпен сөйлеу, өз ойын нақты жеткізу, дәлелдер мен мысалдар келтіру, өздігінен үйренуге талпыну, академиялық шыншылдық, топтық және жұптық жұмыстарда ашық болу. | |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Сызу, физика | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақтаны қолданып, сыныпты жаңа тақырыппен таныстыру. | |||||||||||
Бастапқы білім | Тікбұрышты үшбұрыш және оның элементтерінің анықтамалары туралы біледі. Тікбұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілері туралы біледі және оларды қолдану біліктілігі. Үшбұрыш теңсіздігі және үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар туралы біледі. | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 10 минут | 1. Сыныпты ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу. Сынып тазалығына назар аудару. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Үй жұмысын тексеру. 10 минуттық жеке жұмысын жүргізу. 1 – тапсырма: Үшбұрыштың белгісіз бұрыштарын және сол бұрыштардың синус, косинус, тангенс және котангенсы мен қабырғаларын табыңыз. Дұрыс жауапты бүтін санға дейін дөңгелектеңіз. 2 – тапсырма: Үшбұрыштың периметрін табыңыз. 2. Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлерін оқушылармен бірге талқылау. | |||||||||||
Сабақтың ортасы Ж 11-24 минут ЖЖ 24-31 минут Ж 31-38 минут | 1. Білу және түсіну Оқушыларды 2 және 3 адаммнан тұратын жұптарға отыруды сұраймын. Әр жұпқа берілетін тапсырма кітаптан Пифагор теоремасының дәлелдемесін оқып және түсініп алу сұралады. Оқушылар оқып болған сон, өзім тақтада теореманың дәлелдемесін оқушылардың көмегімен жазып шығамын. Теораема. Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасының квадраты катеттерінің квадраттарының қосындысына тең: a2+b2=c2. Дәлелдеуі: АВС тікбұрышты үшбұрышының С төбесінен биіктік жүршіземіз. Косинустың анықтамасы бойынша Ал ACD тік бұрышты үшбұрышынан теңдігін аламыз. Осыдан болатынын көреміз. Осы сияқты теңдігінен теңдігі шығады. Осы шыққан теңдіктерді мүшелеп қосып, AD+BD=AB екенін ескерсек теңдігін аламыз. Теорема дәлелденді. Пифагор теоремасын әрбір үшбұрыш үшін жазыңыз.
2. Қолдану Білімді бастапқы бекіту Жұптық жұмыс. Өзара оқыту. Жұптарды ұйымдастыру. Оқушыларға өзара оқыту процесін ұсыну: серіктесіне шешу жолын түсіндіру, кейіннен бірігіп шешу. Жұпта міндеттерді бөлу біліктерін анықтау. Қосымша 2. Жеке жұмыс. Тапсырманы орындау үшін жеткілікті уақыт беру қажет. Осы тапсырмаларды шешкеннен кейін қорытынды жасау керек. Оқушыны тақтаға шақырыңыз, тапсырманы шешуді сұраңыз. Оқушылар орындарында барлық мысалдарды шешеді және өз шешімдерін тақтадағы шешіммен салыстырады, сыныптастарын мұқият тыңдайды. Математикалық сөйлеуді дамыту үшін оқушылардан біреуін кез-келген тапсырманы шешуге қатысты егжей-тегжейлі түсініктеме беріп, олардың назарын шешімдердің негіздемесіне аударуды сұраңыз. Жоғары жылдамдықта шешу қабілеттері бар оқушылар үшін «Білімгерлер бұрышын» ұйымдастырыңыз, онда оқушылар өз шешімдерін тексере алады немесе шешім туралы идеяны оқиды. Бұл шешімді түсіндіруге уақытты жұмсамауға, осы уақытта сыныптың басқа бөлігіне жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Егер сізде компьютер болса, материалды визуалды түрде топтастыру үшін презентацияда беріңіз. Тригонометриялық қатынас пен Пифагор теоремасын білу қажет болатын есептерді шешу үшін, топта жұмыс жасауды ұйымдастыру қажет. Жұптық жұмыс. https://bilimland.kz/kk/home#lesson=11478 сайтынан бейнебаян түрінде берілген есепті шығару. Жауабын дұрыс тапқан жұпты тақтаға шығып шығару жолын жазуды және түсіндіруді сұраймын. | Ә.Н.Шыныбеков. Алгебра, 8. Алматы, 2012
Косымша 2
Косымша 3 Қосымша 4 | ||||||||||
Сабақтың соңы Ой толғаныс 2 минут | 1. Жинақтау. Оқушылар өздері сұрақтар құрастыру арқылы «иә» немесе «жоқ» стратегиясы арқылы жауап беру. 2. Бағалау. Оқушылар өзін-өзі ауызша критерий бойынша бағалайды. 3. Оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі. 4. Үйге тапсырма: | Rabinovich_Geometriya_7_9_upr_na_gotovih_chertejah | ||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
Сабақ барысында өздеріне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, есепті шешу және талқылау жолдарын бақылап, үйренеді. Топтық талқылауда барлық оқушының қатысатынына, білімі төмен оқушылардың басқалардан тәуелді болмауына класс оқушыларның сенімді болуы жоспарланған. | Оқушылардың тақырыпты меңгергенін және мақсатты жеткілікті немесе жеткіліксіз түсінгенін қадағалау үшін, сабақ барысында әрбір оқушының қасына жеке-жеке барып қажет еткен жағдайда көмек көрсетемін. | Сынып бөлмесін сабақтан бұрын желдету. Сыныптағы орындық парталардың түзу туруына назар аудару. | ||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?