Пифагор теоремасы,. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2В бөлім: Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар

Мектеп: Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Пифагор теоремасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме

8.3.3.2. Пифагор теоремасын дәлелдейді және қолданады;

 Сабақ мақсаттары

Пифагор теоремасын біледі, дәлелдейді және қолданады.

Бағалау критерийлері

  • Пифагор теоремасын меңгереді;

Гипотенузаның квадраты катеттердің квадраттарының қосындысына тең екенін есептер шығаруда қолданады;

Тілдік мақсат

Оқушылар:

-тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусын, косинусын, тангенсін және котангенсін табуды түсіндіреді;

 - есептерді шешуде қандай да бір формуланың (теореманың) қолданысын негіздейді;

 - дәлелді пайымдау қадамдарын сипаттайды;

 - берілген бөлімнің пәндік лексикасын, символикасын және терминологиясын

сауатты қолданады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

- тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі;

- бұрышқа іргелес жатқан катет;

- бұрышқа қарсы жатқан катет;

-катеттердің квадраттарының қосындысы.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

- тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы анықтамасынан α бұрышына қарсы жатқан катет ... тең;

  • тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының косинусы анықтамасынан α бұрышына іргелес жатқан катет ... тең;
  • тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының тангенсі анықтамасынан α бұрышына қарсы жатқан катет ... тең;
  • Пифагор теоремасын қолданып, ... табамыз;
  • катеттің квадраты ... тең.

Құндылықтарды дарыту

Академиялық адалдық, ашықтық, жұппен жұмыс жасаудағы серіктестік, жауапкершілік.

Пәнаралық байланыстар

АКТ қолдану дағдылары

Ақпараттармен жұмыстанудың практикалық дағдысын игеру, ақпараттармен бөлісуге мүмкіндік беретін дағдыны дамыту.

Бастапқы білім

Тікбұрышты үшбұрыш және оның элементтерінің анықтамалары туралы біледі. Тікбұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілері туралы біледі және оларды қолдану біліктілігі. Үшбұрыш теңсіздігі және үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 мин

4 мин

1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу. Олардың сабаққа дайындығын тексеру.

2. Жаңа сабақ

Мақсаты: Пифагор теоремасын меңгерту; катеттердің квадраттарының қосындысы гипотенузаның квадратына тең екенін есептер шығаруда қолдану.

Миға шабуыл

Тік бұрышты үшбұрышты дәптеріңнің ортасына сал. Оның элементтерін анықта(катет, гипотенуза).

Теорема: Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасының квадраты катеттерінің квадраттарының қосындысына тең.

Гипотенузасы болатын қандай да бір үшбұрыш үшін.

Δ АВС катеттерін а мен в және гипотенуза с қабырғасы а + в квадратына дейін толықтырамыз.

Sкв. = (а + в)².

Sкв.= 4Sүшб.+ S1кв. = 4*1/2ав + с² = 2ав + с².

Онда

(а +в)² =2ав + с²,

а² + 2ав + в² = 2ав + с²,

а² + в² = с² немесе

с² = а² + в²

Презентация 4-9 слайд

Сабақтың ортасы

6 мин

8 мин

20 мин

3.Бекіту(жеке жұмыс)

Мұғалім іс әрекеті: : оқушы жұмысын бақылайды, бағыттаушы сұрақтар қояды, кері байланыс береді

Оқушы іс әрекеті: жұпта есепті шығарады, нәтижесін сыныптастарымен бөліседі

4. Білімді бекіту есептерін шығару

PIZA есебі Математикалық сауаттылыққа

Оқулықтан № 4.3, 4.4, 4.8, 4.9, 4.7

Сабақ басындағы мәселеге оралу, шешу.

Кері байланыс:оқушылардың жұмысын презентацияға салу арқылы оқушының өзінің және сыныптасының жұмысына талдау жасауды ұйымдастыру.

Бағалау: мұғалімнің ауызша бағалауы, өзара және өзін-өзі бағалау

Презентация 10 cлайд

презентация 11, 12 слайд

Сабақтың соңы

1мин

5.Үйге тапсырма беру №4.8, 4.9 және мәселе есеп (15 слайд)

Кері байланыс:

-Пифагор теоремасын қолданып, есептер шығара аламын

- Пифагор теоремасын қолданып, есептер шығаруда әлі де қате жіберемін

- Пифагор теоремасын қолданып, есептер шығаруды толық орындай алмаймын

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу