Трапеция. Трапецияның түрлері мен қасиеттері. Геометрия, 8 сынып, қосымша материал 2, 1 сабақ.
1 сабаққа әдістемелік нұсқаулықтар
«Трапеция. Трапецияның түрлері мен қасиеттері»
Оқу мақсаты:
8.1.1.11 трапецияның анықтамасын, түрлерін және қасиеттерін білу;
Осы сабақта трапеция, трапеция табаны, трапецияның бүйір қабырғасы ұғымдары енгізіледі. Трапецияның анықтамасы, түрлері және қасиеттері қарастырылады.
Сабақты ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулықтар
Сабақты төртбұрыштарды қайталаудан бастауға болады. Білімнің өзектілігін арттыру мақсатында оқушыларға карточкалар беріледі, белгілі бір қасиеттер фигураға сәйкес келген жағдайда , оқушылар «+» белгісін қою қажет. Оқушылар сәйкестікті анықтағаннан кейін, олар бір-бірімен алмасып, мұғаліммен бірге тапсырмаларды тексереді. Мұғалім кері байланыс береді.
Проблемалық жағдаятты құру Оқушыларға екі қабырғасы ғана паралель болатын ABCD төртбұрышын салуды ұсыныңыз.
Пысықтау сұрақтары:
ABCD төртбұрышының паралель қабырғалары туралы не айтасыз?
ABCD төртбұрышының екі паралель емес қабырғаларын қалай атар едіңіз?
Екі қабырғасы ғана паралель болатын басқа да төртбұрыштарды салуды сұраңыз. Трапеция және оның түрлерін талқылаңыз.
Теңбүйірлі трапецияның қасиеттерін зерттеу үшін оқушыларды топқа бөліңіз. Мұғалім топтардың жұмыстарын бағалайды. Кері тұжырымдарды анықтап, оларды дәлелдеуді сұраңыз. Бұл тапсырма оқушылардың трапеция тақырыбы бойынша білімін тереңдетуге және тілдік мақсаттарды меңгеруге көмектеседі.
«Трапеция қайда қолданады?» сұрақ арқылы оқушыларды талқылауға итермелеу керек. Оқушылар ұсынған пікірлерді толықтырады.
Оқушылар сабақтың соңында «Автобус аялдамасы» стратегиямен берілетін тапсырмаға әр түрлі уақыт жұмсауы мүмкін. Сондықтан, оқушылардың тапсырманы бірігіп талқылауын ынталандыру керек. Мұғалім басқа да есептерді қолдана алады.
Оқушылардың жетістікерін бағалау
Мұғалім оқушылардың жетістік деңгейін талқылау арқылы сабақтың мақсатына қайта оралады. Сабақты ары қарай жоспарлау үшін оқушыларға келесі сұрақтар қойылады:
- не білдің, не үйрендің;
- қандай сұрақтар түсініксіз болып қалды;
-қандай бағытта жұмыс жасау керек?
Сұрақтар жазбаша немесе ауызша талқылауға болады. Оқушылар өзінің және сыныптастарының жұмысын белгіленген критерийлер бойынша бағалай алады.
Өздік жұмыс тапсырмаларының жауаптары
Қосымша 1
Бағалау критерийлері:
Төртбұрыштың қасиеттері дұрыс көрсетілген
Төртбұрыштың қасиеттері дұрыс қолданылған
Төртбұрыштардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарының дұрыс анықталған.
Параллело грамм | Тіктөртбұрыш | ромб | квадрат | |
Қарама қарсы қабырғалары тең | + | + | + | + |
Барлық қабырғалары тең | + | + | ||
Қарама-қарсы бұрыштар тең | + | + | + | + |
Барлық бұрыштар бірдей | + | + | ||
Диагональдар қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді | + | + | + | + |
Диагональдары тең | + | + | ||
Диагональдары перпендикуляр және бұрыштарының биссектрисалары болып табылады | + | + |
Қосымша 2
Бағалау критерийлері:
- трапецияның түрлерін біледі
- суретті дұрыс салады ;
- трапеция қасиеттерін есептерді шешуге дұрыс қолданады.
Тапсырма 1. Трапеция қарама қарсы жатқан бұрыштарының айырмасы 400-ке тең болса, табан бұрыштарын табыңыз
ABCD трапецияны қарастырайық..
.
Есептін шарты бойынша .
Жүйені құрайық:
Жауабы: .
Тапсырма 2. Теңбүйірлі трапецияның доғал бұрышынан жүргізілген биіктік үлкен табанын 6 см және 30 см кесінділерге бөлсе, трапецияның табандарын табыңыз.
ABCD трапецияны қарастырайық.
Есептін шарты бойынша:
АD = 2AK + BC.
36 = 2.
BC = 24 см, AD = 36 см.
Жауабы: 36 см, 24 см.
Тапсырма 3. Теңбүйірлі трапецияның үлкен табаны 2,7 м, бүйір қабырғасы 1м және олардың арасындағы бұрышы 600 –қа тең. Кіші табанын табыңыз.
ABCD трапецияны қарастырайық.
АВК үшбұрышыда: . Тікбұрышты үшбұрыштың қасиеті боынша: 300-қа қарсы жатқан катет гипотенузаның жартысына тең, АК = 0,5м. Трапеция теңбүйірлі болғандықтан, ВС = АD – 2 АК, онда ВС = 1,7м.
Жауабы: 1,7 м.
Тапсырма 4.Трапецияның кіші табаны бүйір қабырғасына тең, ал диагональ бүйір қабырңасына перпендикуляр. Трапецияның бұрыштарын табыңыз.
.
x = 300/
.
Онда .
Жауабы: 600, 1200.
Қолданылған әдебиеттер:
- Атанасьян Л.С. геометрия 7-9 сынып. Просвещение 2018г.
- Ершов А.П. геометрия. Сборник заданий для тематического и итогового контроля. 8 класс: пособие для шк. с углубл. изучением математики – М. : Илексия, 2010.
- Ершов А.П., Голобородько В. Геометрия. 8 сынып. – М.: Ранок, 2010. – 182 с.
- Бутузов В.Ф., Кадомцев С.Б., Прасолов В.В. Геометрия 8 сынып. Просвещение 2018.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?