Трапеция. Трапецияның түрлері мен қасиеттері. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар : 8.1A Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспаған дар саны | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Трапеция. Трапецияның түрлері мен қасиеттері | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.1.1.11 трапецияның анықтамасын, түрлерін және қасиеттерін білу; | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Трапецияның элементтерін атай алады. Трапецияның түрлерін ажыра алады Трапецияның қасиеттерін қолдана алады Ауызша және жазбаша сұрақтарды тұжырымдай алады. Пәнге қатысты лексика мен терминология: Трапецияның табаны, трапецияның қабырғалары, трапецияның диагоналдары, трапецияның бұрыштары, табанындағы бұрыштар, трапецияның қарама қарсы қабырғалары, теңқабырғалы трапеция, тікбұрышты трапеция Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Егер төртбұрыштың екі қабырғасы паралель, ал екі қабырғасы паралель болмаса, онда... Егер трапецияныі табанындағы бұрыштар тең болса, онда ...
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Ұсынылған сабақ академиялық адалдық, шыншылдық, командада жұмыс істеу білу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағытталған. Құндылықтарды дамыту топта жұмыс жасау ережелерін айқындаумен, қабілеттері аса байқалмайтын оқушыларға көмек көрсетумен жүзеге асады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Үйлердің шатырларын салуда құрылыспен байланыс. Түрлі ғимараттарды жобалау кезінде сәулетпен байланыс. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар параллель түзулермен таныс. Оқушылар сәйкес, айқыш, тұстас бұрыштарды анықтап, таба алады. Оқушылар төртбұрыштың түрлерін ажырата білуі керек. Оқушылар төртбұрыштарды салады, салыстырады және қасиеттерін атайды. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-3 мин
4-9 мин
10-12 мин |
Сыныпта қолайлы психологиялық климат орнату.
Әрбір оқушы келесі оқушыға дауысты дыбыстан басталатын комплимент айтады. Мысалы: Бүгін сен ең «ақылдысың», «алғырсың», «әдемісің»...
Егер сәйкестік бар болған жағдайда,«+» белгісін қойыңыз
Төртбұрыштардың қасиеттерін слайд бойынша қайталаймыз: ромб, квадрат, параллелограмм, тікбұрыш. Бағалау критерийлері: Төртбұрыштың қасиеттері дұрыс көрсетілген Төртбұрыштың қасиеттері дұрыс қолданылған Төртбұрыштардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарының дұрыс анықталған. Мұғалім төртбұрыштың қасиеттерін көрсете отырып, орындалған тапсырмаға кері байланыс жасайды.
Екі қабырғасы ғана паралель болатын ABCD төртбұрышын сызыңыз. ABCD төртбұрышының паралель қабырғалары туралы не айтасыз? ABCD төртбұрышының екі паралель емес қабырғаларын қалай атар едіңіз? Екі қабырғасы ғана паралель болатын басқа да төртбұрыштарды сызыңыз.
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 13-25 мин
26-28 мин 28-30 мин 31-38 мин |
Трапеция анықтамасы: Екі қабырғасы ғана параллель болатын дөңес төртбұрыш трапеция деп аталады. Теңбүйірлі трапецияның қасиеттерін зерттеу Сыныпты шағын топтарға бөліп, тапсырма беру 1. Теңбүйірлі трапецияның бұрыштарын зерттеу. 2. Теңбүйірлі трапецияның диагоналдарын зерттеу. Зерттеудің нәтижелерін тыңдау, пікірталасу, дәптерге, тақтаға жазу. Теңбүйірлі трапецияның қасиеттері: 1. Теңбүйірлі трапецияның табан бұрыштары тең АВСЕ – параллелограмм. СЕ = АВ = СD. СЕD – теңбүйірлі. . СЕАВ, , . 2. Теңбүйірлі трапецияның диагоналдары тең AB = CD, BC –, . . AC = BD Теңбүйірлі трапецияның белгілерін зерттеу Топтарға тапсырма: - Теңбүйірлі трапецияның қасиеттеріне қарама қайшы анықтаманы тұжырымдап, оның шынайылығын айқындаңыз. Зерттеу нәтижелерін тыңдап, пікірталас жасап, дәптерге, тақтаға қорытынды жазу керек. Теңбүйірлі трапецияның белгілері 1. Егер трапецияның табан бұрыштар тең болса, онда ол теңбүйірлі трапеция СЕАВ. АВСЕ – параллелограмм. СЕ = АВ. . CED – теңбүйірлі. CE = CD 2. Трапецияның диагоналдары тең болса, онда ол теңбүйірлі трапеция. Бағалау критерийлері : - трапецияның анықтамасын білу; - трапецияны салады; - трапецияның түрлерін біледі. Оқу әлеуеті төмендеу оқушыларға параллелограмм мен үшбұрыштың қасиеттерін т қайталау түрінде көмек көрсетіледі.
Тапсырма1. Трапецияның бүйір қабырғасы үш тең бөлікке бөлінген, және осы нүктелер арқылы екінші бүйір қабырғасынан өтетін және трапеция табандарына паралель болатын кесінділер өткізілген. Трапеция табандары 2 м және 5 м болса, осы кесінділердің ұзындықтарын табыңыз. Жауабы: 3м, 4м. Тапсырма 2.Трапеция қарама қарсы жатқан бұрыштарының айырмасы 400-ке тең болса, табан бұрыштарын табыңыз Жауабы: 700, 1100. Тапсырма 3. Теңбүйірлі трапецияның доғал бұрышынан жүргізілген биіктік үлкен табанын 6 см және 30 см кесінділерге бөлсе, трапецияның табандарын табыңыз. Жауабы: 42 см, 30 см. Тапсырма 4. Теңбүйірлі трапецияның үлкен табаны 2,7 м, бүйір қабырғасы 1м және олардың арасындағы бұрышы 600 –қа тең. Кіші табанын табыңыз. Жауабы: 1,7 м. Тапсырма5.Теңбүйірлі трапецияның табан бұрыштары тең болатынын дәлелдеңіз. Тапсырма 6.Трапецияның кіші табаны бүйір қабырғасына тең, ал диагональ бүйір қабырңасына перпендикуляр. Трапецияның бұрыштарын табыңыз. Жауабы: 300, 1500. Оқушылар өз жұмысын дәптерде тексереді. Бағалау критерийлері: - трапецияның түрлерін біледі - суретті дұрыс салады ; - трапеция қасиеттерін есептерді шешуге дұрыс қолданады. Кері байланыс: Қандай тапсырмалар қызықты болды? Қандай тапсырмалар қиыншылықтар тудырды? Қиындық неден туды ? | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 39-40 мин | 8. Рефлексия Мұғалім оқушылардың жетістік деңгейін талқылау арқылы сабақтың мақсатына қайта оралады. Сабақты ары қарай жоспарлау үшін оқушыларға келесі сұрақтар қойылады: - не білдің, не үйрендің; - қандай сұрақтар түсініксіз болып қалды; -қандай бағытта жұмыс жасау керек? Сұрақтар жазбаша немесе ауызша талқылауға болады. Оқушылар өзінің және сыныптастарының жұмысын белгіленген критерийлер бойынша бағалай алады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – қандай жолмен Сіз қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілет деңгейі неғұрлым жоғары оқушыларға қандай міндеттерді қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау – оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Материалды қайталау кезеңінде оқушылар оқу материалын баяндаудың өз деңгейін таңдап, топтарға бөлінеді: білім, түсіну және қолдану (сурет), талдау (анализ және суреттерді салыстыру). Сабақта ақпаратты қабылдаудың әртүрлі типтеріне сәйкес оқу ақпараты ұсынылады. Бекіту кезеңінде білім деңгейі төмен оқушыларға әртүрлі тапсырмалар беріледі. | Мақсат қою кезеңіндегі диагностикалық бағалау жақын даму аймағын анықтау негізінде жүргізіледі. Түсіну кезеңінде оқушылар салыстырылатын объектілердің дағдыларын бағалауға мүмкіндік беретін критерийлер бойынша бағаланады. | Оқушылар сыныпта топтық жұмыс кезінде және «Құмырсқаның илеуі» жаттығуларын орындағанда қозғалыс барысында қауіпсіздікті сақтау шараларын қадағалау |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?