Трапеция, оның түрлері және қасиеттері. Геометрия, 8 сынып, дидактикалық материал.
1. Трапецияның бүйір қабырғалары 7см және 11см, ал табандары – 5см және 15см. Кіші табанының төбесі арқылы үлкен бүйір қабырғасына параллель жүргізілген түзу трапециядан үшбұрыш қиып өтеді. Оның қабырғаларын табыңдар.
2. Теңбүйірлі трапецияның кіші табанының ұшынан жүргізілген биіктік, оның үлкен табанын 4 және 8–ге тең кесінділерге бөледі. Трапецияның табандарын табыңдар.
3.Теңбүйірлі ABCD трапециясының BC кіші табанының C ұшынан оның үлкен AD табанына түсірілген перпендикулярдың табаны – P. Егер трапецияның табандары a және b (a > b) болса, DP және AP табыңдар.
4. Теңбүйірлі трапецияның кіші табанының ұшынан жүргізілген биіктік, оның үлкен табанын біреуі екіншісінен 5-ке артық кесінділерге бөлсе, онда трапецияның кіші табанын табыңдар.
5. ABCD трапециясының BD диагоналы АВ қабырғасына перпендикуляр, ал Трапецияның кіші табанын екінші бүйір қабырғасына тең деп алып, оның басқа бұрыштарын табыңдар.
6. ABCD трапециясының кіші BС табаны 4см. В төбесі арқылы CD қабырғасына параллель түзу жүргізілген. Сонда пайда болған үшбұрыштың периметрі 12см болса, онда трапецияның периметрі неге тең?
7. Тең бүйірлі трапецияның бір бұрышы 600, бүйір қабырғасы 24см, ал табандарының қосындысы 44см. Трапеция табандарының ұзындықтарын табыңдар.
8. Тік бұрышты трапецияның табандары 10см және 15см, бір бұрышы 450. Трапецияның кіші бүйір қабырғасын табыңдар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?