Трапеция, оның түрлері және қасиеттері. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.1А Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу | Мектеп: Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||
Күні: | Мұғалім аты-жөні: Атаманова Б.Ж. | |||||||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны | ||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Трапеция, оның түрлері және қасиеттері | |||||||||||
Сабақтың түрі | Жаңа материалды меңгеру | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.1.1.11 трапецияның анықтамасын, түрлерін және қасиеттерін білу | |||||||||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылар трапецияның анықтамасын, түрлерін және қасиеттерін біледі, трапецияның қасиеттерін есеп шығару барысында қолдана алады. | |||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||
Тілдік мақсат
| Оқушылар трапецияның ауызша тұжырымдамасын жасайды, трапецияның қасиеттерін ауызша түсіндіре алады. Пәндік лексика және терминология: трапеция табаны бүйір қабырғасы диагоналі бұрыш тең бүйірлі тікбұрышты Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: - Трапеция –дегеніміз... - Тең бүйірлі трапецияның табанындағы әрбір бұрыштары тең болады, өйткені... - Тең бүйірлі трапецияның диагоналдары тең болады, өйткені... | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Құрмет құндылығы бір-бірін тындау, түсіну, ой бөлісу арқылы; ынтымақтастық құндылығы жұппен жұмыс, топтық жұмыс арқылы; еңбек және шығармашылық құндылығы өздігімен жұмыс жасау, басқалардың жұмысын бағалау арқылы жүзеге асады. | |||||||||||
Пәнаралық байланыс | Физиканың кейбір есептерін шығарғанда, архитектурада ғимараттарды салғанда қолданылады | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта, Power Point презентациясы | |||||||||||
Бастапқы білім | Көпбұрыштар. Ромб, тіктөртбұрыш, шаршы, параллелограммның анықтамаларын, қасиеттерін біледі, есептер шығара алады. | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 1 мин Сабақтың ортасы 14 мин 18 мин 10 мин | Ұйымдастыру бөлімі Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Жаңа материалды меңгеру Мұғалім оқушылармен диалог жүргізу арқылы тақырыпты түсіндіреді. Трапеция деп екі қарама-қарсы қабырғасы параллель, ал басқа екі қабырғасы параллель емес төртбұрышты айтады. Трапецияның параллель қабырғалары оның табандары, ал параллель емес қабырғалары – бүйір қабырғалары. Трапецияның биіктігі деп табандарының ортақ перпендикулярын айтады, яғни бір табанының нүктесінен екінші табаны жататын түзуге жүргізілген перпендикуляр. Трапецияның қасиеттері: 1-қасиет. Трапеция дөңес төртбұрыш болады. 2-қасиет. Трапецияның бүйір қабырғасына іргелес жатқан бұрыштарының қосындысы 180-қа тең. Теңбүйірлі және тікбұрышты трапецияның анықтамаларына тоқталу. Теңбүйірлі трапецияның қасиеттері: 1. Теңбүйірлі трапецияның әр табандарына іргелес жатқан бұрыштары өзара тең болады. 2. Теңбүйірлі трапецияның диагональдары өзара тең болады. Осы қасиеттерге кері тұжырымдамалар тең бүйірлі трапецияның белгілерін береді. Теңбүйірлі трапецияның белгілері: 1. Егер трапецияның табанындағы бұрыштары тең болса, онда бұл трапеция – тең бүйірлі. 2. Егер трапеция диагональдары тең болса, онда бұл трапеция – тең бүйірлі. Слайдта дайын сызба арқылы берілген екі есеп сыныппен бірге орындалады. Бекіту тапсырмалары Тақтада 1-8 нөмірлері бар кесте сызылады. Оқушылар әр тапсырманы орындайды, болған соң мұғалімге немесе шығарып, тексертіп болған оқушыға өз шешімін тексертеді. Дұрыс болған жағдайда сәйкес ұяшыққа өз атын жазады да сол тапсырманы орындаған келесі оқушыны тексере алады. 1. Трапецияның бүйір қабырғалары 7см және 11см, ал табандары – 5см және 15см. Кіші табанының төбесі арқылы үлкен бүйір қабырғасына параллель жүргізілген түзу трапециядан үшбұрыш қиып өтеді. Оның қабырғаларын табыңдар. Дескрипторлар: - сызбаны салады; - параллель түзулердің қасиетін қолданады - үшбұрыштың периметрін табады 2. Теңбүйірлі трапецияның кіші табанының ұшынан жүргізілген биіктік, оның үлкен табанын 4 және 8–ге тең кесінділерге бөледі. Трапецияның табандарын табыңдар. Дескрипторлар: - сызбаны салады; - параллель түзулердің қасиетін қолданады - теңбүйірлі трапецияның қасиетін қолданады - трапецияның табандарын табады 3. Теңбүйірлі ABCD трапециясының BC кіші табанының C ұшынан оның үлкен AD табанына түсірілген перпендикулярдың табаны – P. Егер трапецияның табандары a және b (a > b) болса, DP және AP табыңдар. 4.Теңбүйірлі ABCD трапециясының BC кіші табанының C ұшынан оның үлкен AD табанына түсірілген перпендикулярдың табаны – P. Егер трапецияның табандары a және b (a > b) болса, DP және AP табыңдар. Дескрипторлар: - сызбаны салады; - параллель түзулердің қасиетін қолданады - теңбүйірлі трапецияның қасиетін қолданады - DP және AP кесінділерін табады 4. Теңбүйірлі трапецияның кіші табанының ұшынан жүргізілген биіктік, оның үлкен табанын біреуі екіншісінен 5-ке артық кесінділерге бөлсе, онда трапецияның кіші табанын табыңдар. Дескрипторлар: - сызбаны салады; - параллель түзулердің қасиетін қолданады - теңбүйірлі трапецияның қасиетін қолданады - трапецияның кіші табанын табады 5. ABCD трапециясының BD диагоналы АВ қабырғасына перпендикуляр, ал <BAD=400. Трапецияның кіші табанын екінші бүйір қабырғасына тең деп алып, оның басқа бұрыштарын табыңдар. Дескрипторлар: - сызбаны салады; - үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қасиетін қолданады - теңбүйірлі үшбұрыштың қасиетін қолданады - трапецияның қалған бұрыштарын табады 6. ABCD трапециясының кіші BС табаны 4см. В төбесі арқылы CD қабырғасына параллель түзу жүргізілген. Сонда пайда болған үшбұрыштың периметрі 12см болса, онда трапецияның периметрі неге тең? Дескрипторлар: - сызбаны салады; - параллель түзулердің қасиетін қолданады - трапецияның периметрін табады 7. Тең бүйірлі трапецияның бір бұрышы 600, бүйір қабырғасы 24см, ал табандарының қосындысы 44см. Трапеция табандарының ұзындықтарын табыңдар Дескрипторлар: - сызбаны салады; - тікбұрышты үшбұрыш катетін табады - теңбүйірлі трапецияның қасиетін қолданады - трапецияның табандарын табады 8. Тік бұрышты трапецияның табандары 10см және 15см, бір бұрышы 450. Трапецияның кіші бүйір қабырғасын табыңдар. Дескрипторлар: - сызбаны салады; - параллель түзулердің қасиетін қолданады - теңбүйірлі үшбұрыштың қасиетін қолданады - трапецияның кіші бүйір қабырғасын табады Қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындау
Дескрипторлар:
Дескрипторлар:
| 1 слайд 2-4 слайдтар 5-8 слайдтар 9-10 слайдтар Қосымша 1 Қосымша 2 | ||||||||||
Сабақтың соңы 2 мин | Рефлексия Сабақтың мақсатына жеттім деп ойлайсыңдар ма? Қандай қиындықтар туындады? Қай мәселені шешу үшін көмек керек? Үй тапсырмасы Дайын сызбадағы есептер | 11 слайд Қосымша 3 | ||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
Қабілеті жоғары оқушылар басқа сыныптастарына көмектесе алады. Тапсырмалар деңгейлерінің өсу бойынша берілген. | Бекіту тапсырмаларын орындау кезінде өзара бағалау жүзеге асады. | Сынып бөлмесі желдетіледі. | ||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?