Трапеция, оның түрлері және қасиеттері. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.1A Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу | Мектеп: Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Смаилова М.Т., Кошанов Р.М. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы Сабақ №1 | Трапеция, оның түрлері және қасиеттері | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың түрі | Жаңа материалды меңгеру | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.1.1.11 трапецияның анықтамасын, түрлерін және қасиеттерін білу | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылар трапецияның анықтамасын, түрлерін және қасиеттерін біледі, трапецияның қасиеттерін есеп шығару барысында қолдана алады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсат
| Оқушылар трапецияның ауызша тұжырымдамасын жасайды, трапецияның қасиеттерін ауызша түсіндіре алады. Пәндік лексика және терминология: трапеция табаны бүйір қабырғасы диагоналі бұрыш тең бүйірлі тікбұрышты Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: - Трапеция –дегеніміз... - Тең бүйірлі трапецияның табанындағы әрбір бұрыштары тең болады, өйткені... - Тең бүйірлі трапецияның диагоналдары тең болады, өйткені... | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Құрмет құндылығы бір-бірін тындау, түсіну, ой бөлісу арқылы; ынтымақтастық құндылығы жұппен жұмыс, топтық жұмыс арқылы; еңбек және шығармашылық құндылығы өздігімен жұмыс жасау, басқалардың жұмысын бағалау арқылы жүзеге асады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Физиканың кейбір есептерін шығарғанда, архитектурада ғимараттарды салғанда қолданылады | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта, Power Point презентациясы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Көпбұрыштар. Ромб, тіктөртбұрыш, шаршы, параллелограммның анықтамаларын, қасиеттерін біледі, есептер шығара алады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 1 мин 5 мин 3 мин | Ұйымдастыру бөлімі Оқушылармен амандасу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, сыныпта жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру. Қайталау тапсырмасы Оқушыларға кесте таратылады, олар сейкестендіріп болған соң, жұмыстарын өзара алмасып, мұғаліммен бірге тақтадағы дұрыс жауап арқылы тексереді. Сәйкес келсе, «+» таңбасын қойыңыз.
Дескрипторлар: - төртбұрыштардың қасиеттерін біледі - төртбұрыштардың қасиеттерін сәйкестендіреді Тақырыпқа шығу Сыныпқа тапсырма:
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. | 1 слайд Қосымша 1 2 слайд | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 10 мин 8 мин 15 мин Сабақтың соңы 3 мин | Жаңа материалды меңгеру Анықтама. Егер төртбұрыштың тек екі қабырғасы ғана параллель, ал қалған екеуі өзара параллель болмаса ондай төртбұрыш трапеция деп аталады. Диалогтық оқыту әдісін пайдаланып, трапецияның сызбасына, элементтеріне тоқталу. Тең бүйірлі, тік бұрышты трапецияның анықтамаларын енгізу. Зерттеу жұмысы Сыныпты шағын екі түрлі топтарға бөліп, тапсырма ұсынылады: 1-топқа: Тең бүйірлі трапецияның бұрыштарын зерттеу. 2-топқа: Тең бүйірлі трапецияның диагоналдарын зерттеу. Кейін бірдей тапсырма орындаған оқушылар бірігіп, қорытынды жасалады. Әрбір топ өз зерттеу нәтижелерімен бөліседі. Оқушылар зерттеу нәтижелерін тыңдап, тақтада талқылап, дәптерге жазып алады. Тең бүйірлі трапецияның қасиеттері: 1. Тең бүйірлі трапецияның табанындағы әрбір бұрыштары тең болады. 2. Тең бүйірлі трапецияның диагоналдары тең болады. Тең бүйірлі трапецияның белгілері 1. Егер трапецияның табанындағы бұрыштары тең болса, онда ол теңбүйірлі болады. 2. Егер трапецияның диагоналдары тең болса, онда ол тең бүйірлі болады. Трапецияның өмірде қолданылуы Алғашқы бекіту Топпен жұмыс «Автобус аялдамасы» стратегиясы. Оқушылар шағын топтарға бөлінеді. Әрі қарай әр аялдамада тапсырмаларды орындайды. 1-аялдамадағы тапсырманы аяқтаған соң қабырғадағы дұрыс жауаппен тексереді, кейін мұғалім топтың кез келген мүшесіне қалай шығарғандарын сұрау арқылы келесі аялдамаға өтуге жолдама береді. 1-аялдама Тең бүйірлі трапецияда қарама-қарсы бұрыштарының айырмасы 400 тең болса, әрбір бұрышы неге тең? 2-аялдама Тең бүйірлі трапецияның доғал бұрышынан түсірілген биіктігі табанын 6 см және 30 см кесінділерге бөледі. Трапецияның табандарын табыңыз. 3-аялдама Тең бүйірлі трапецияның үлкен табаны 2,7 м, бүйір қабырғасы 1 м, олардың арасындағы бұрышы 600 болса, кіші табанын табыңыз. 4-аялдама Сүйір бұрышы 380 болатын тік бұрышты трапецияның доғал бұрышын табыңыз. 5-аялдама Тікбұрышты трапецияның кіші табаны 4 см, ал 7 см-ге тең үлкен табаны бүйір қабырғасымен 600 жасайды. Трапецияның осы бүйір қабырғасын табыңыз. Дескрипторлар: - трапецияның түрлерін ажыратады - кескінін дұрыс салады - қасиеттерін қолданады - есептің шешімін дұрыс рәсімдейді Рефлексия
Үй тапсырмасы Дайын сызбамен берілген есептер | 3-11 слайдтар 12 слайд 13 слайд 14 слайд 15 слайд Қосымша 2 16 слайд | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау деңгейлі тапсырмалар арқылы жүзеге асырылады, оқушылар топта жұмыс жасау арқылы бір-бірін қолдайды. | Дескрипторлар бойынша өзін-өзі, өзара бағалау жүргізіледі. | Тапсырмалар жас ерекшеліктеріне сәйкес берілген. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?