Трапеция, оның түрлері мен қасиеттері. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу.

Мектеп: Ақтау қ. ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Куттыхожаева Ж.К.

Сынып:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Трапеция, оның түрлері мен қасиеттері

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары

8.1.1.11.Трапецияның анықтамасын, түрлерін және қасиеттерін білу.

Сабақтың мақсаты

-трапецияның барлық түрлерін атай алады, анықтамасын біледі және кескіндей алады;

-сызбаны салмай тұрып, трапецияның түрлерін қабырғаларының сандық мәні бойынша ажырата алады;

-трапецияның қасиеттерін пайдаланып, есептер шығарады, шығармашылық тапсырмалар орындайды.

Бағалау критерийі

- трапецияның барлық түрлерін атайды, анықтамасын біледі және кескіндейді.

- сызбаны салмай тұрып, трапецияның түрлерін қабырғаларының сандық мәні бойынша ажыратады;

- трапецияның қасиеттерін пайдаланып, есептер шығарады, шығармашылық тапсырмалар орындайды.

Тілдік мақсаттар

Трапецияның барлық түрлерін ажырата алады және анықтамасын біледі.

Пәнге тән лексика мен терминология

Осы тақырыпқа қатысты терминдерді үш тілде меңгереді, қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі әдебиеттердегі материалдарды меңгере алады. Ол үшін мынадай сөздіктер қолданамын.

Қазақша

Русский

English

Барлық бұрыштарының

қосындысы

Сумма всех углов

Sum of all angles

Төртбұрыш диагоналы

Диагонал

четыреугольника

Diagonal of quadrilateral

Ромб

Ромб

Rhombus

Квадрат

Квадрат

Square

Трапеция

Трапеция

Trapezoid

Тең бүйірлі

Равнобедренная

Isosceles

Тік

Прямая

Right

Ортақ қабырға

Общая сторона

Common side

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер

  • Төртбұрыштар түрлеріне қарай қалай бөлінеді?
  • Дөңес төртбұрыштарға жататын фигураларды атаңыз?
  • Қандай фигура тік төртбұрыш деп аталады, элементтері қандай?
  • Параллелограмм туралы не білесіз? Белгілері мен қасиеттерін тұжырымдаңыз.
  • Шаршы деп қандай фигураны айтады?

Пәнаралық байланыс

Геометрия, тұрмыста қолдана алу, сызу

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Төртбұрыштың түрлері: параллелограмм, ромб, квадрат туралы біледі;

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

ресурстар

Сабақтың басы

0-1 минут

2-5 минут

  • Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпта қолайлы психологиялық климат орнату.

Әрбір оқушы келесі оқушыға дауысты дыбыстан басталатын комплимент айтады. Мысалы: Бүгін сен ең «ақылдысың», «алғырсың», «әдемісің»...

  •  Білімнің өзектілігін арттыру мақсатында оқушыларға карточкалар беріледі, белгілі бір қасиеттер фигураға сәйкес келген жағдайда , «+» белгісін қою қажет. Оқушылар сәйкестікті анықтағаннан кейін, олар бір-бірімен алмасып, мұғалімге дұрыс жауаптар береді

Егер сәйкестік бар болған жағдайда,«+» белгісін қойыңыз

Параллело

грамм

Тіктөртбұрыш

ромб

квадрат

Қарама қарсы қабырғалары тең

+

+

+

+

Барлық қабырғалары тең

+

+

Қарама-қарсы бұрыштар тең

+

+

+

+

Барлық бұрыштар тең

+

+

Диагональдар қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді

+

+

+

+

Диагональдары тең

+

+

Диагональдары перпендикуляр және бұрыштарының биссектрисалары болып табылады

+

+

Төртбұрыштардың қасиеттерін слайд бойынша қайталаймыз: ромб, квадрат, параллелограмм, тікбұрыш.

Бағалау критерийлері:

Төртбұрыштың қасиеттері дұрыс көрсетілген

Төртбұрыштың қасиеттері дұрыс қолданылған

Төртбұрыштардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарының дұрыс анықталған.

Мұғалім төртбұрыштың қасиеттерін көрсете отырып, орындалған тапсырмаға кері байланыс жасайды.

Кеспе қағаздар

Сабақтың ортасы

6-15 минут

  •  Тақырыппен, сабақ мақсатымен және күтілетін нәтижемен таныстыру.

Бүгін төртбұрыштың тағы бір түрі трапециямен танысамыз. Жаңа тақырыпты «Галерияға саяхат» әдісін қолданып түсіндіріледі.

1-топ: трапеция

2-топ: тең бүйірлі трапеция

3-топ: тікбұрышты трапеция

4-топ: трапецияның қасиеттері

Анықтама.Екі қабырғасы ғана параллель болатын дөңес төртбұрыш трапеция деп аталады

ABCD трапеция, AD // BC

AD мен ВС трапеция табандары деп, ал параллель емес қабырғалары бүйір

1 –сурет қабырғалары деп аталады, АВ мен CD бүйір

қабырғалары болып табылады.

Трапецияның бүйір қабырғалары тең болса, ол теңбүйірлі трапеция деп аталады.

MNKF теңбүйірлі трапеция

2 –сурет

Егер трапецияның бір бұрышы тік болса, онда ол тікбұрышты трапеция деп аталады.

DEFK тікбұрышты трапеция

3 –сурет

Трапецияның төбесінен табанына түсірілген перпендикуляр оның биіктігі деп аталады. 2-суреттегі MNKF трапециясында ND MF , ND кесіндісі N төбесінен MF табанына түсірілген биіктік болып тұр. Трапецияның қарсы жатқан төбелерін қосатын кесінді трапецияның диагоналі деп аталады.4-суреттегі DEFK трапециясында EK мен DF диагональдар болады.

Теңбүйірлі трапецияның кейбір қасиеттері

1-қасиет. Теңбүйірлі трапецияның табанындағы бұрыштары тең болады.

2-қасиет. Теңбүйірлі трапецияның диагональдары тең болады.

Оқулық

Шыныбеков Ә.Н.,

Геометрия

Атамұра, 2018

16-21 минут

21-25 минут

26-35 минут

  • Топтық жұмыс.

«Автобус аялдамасы» стратегиясы. Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Әрі қарай әрбір «аялдамада» 5 минуттың ішінде тапсырма орындайды. Кейіннен, жауап парақтары тақтаға ілініп, оқушылар

бір бірін тексереді.

Бағалау критерийлері:

- трапецияның түрлерін біледі

- суретті дұрыс салады ;

- трапеция қасиеттерін есептерді шешуге дұрыс қолданады.

Кері байланыс:

Қандай тапсырмалар қызықты болды?

Қандай тапсырмалар қиыншылықтар тудырды?

Қиындық неден туды ?

5.Жеке жұмыс. Kahoot.it сайтымен өтілген тақырып бойынша білімдерін тексереді.

https://create.kahoot.it/create#/edit/84749768-fda8-4490-b00a-df167c755dea/done

Сабақ соңы

36-38 минут

Сабақты бекіту. Рефлексия «3-2-1»

3- маңызды ақпарат

2-ұнаған аспект

1-ұсыныс

Үйге тапсырма: №1.126, 127, 131 38 бет

Саралау

39-40 минут

Қорытындылау.Бағалау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу