Фалес теоремасы. Пропорционал кесінділер. Геометрия, 8 сынып, дидактикалық материал, 11 сабақ.
Қосымша 1
Жұптық жұмыс.
1 есеп.
КОМ бұрышының ОК қабырғасына ОС=15 және CD=15 кесінділері, ОМ қабырғасына ОЕ=20 кесіндісі өлшеп салынған. Егер СЕ||DF (F нүктесі ОМ қабырғасында жатады) болса, OF кесіндісінің ұзындығын табыңыз. [3]
Бағалау критерийлері:
Суреті дұрыс. Қатынасқа сай сурет салынған | 1 балл |
Фалес теоремасын дұрыс қолданады | 1 балл |
Жауабы дұрыс | 1 балл |
2 есеп.
Үшбұрыштың бір бұрышынан биссектриса жүргізілген. Егер қалған қабырғалары 3:8 сандарына пропорционал екені белгілі болса, онда биссектрисаның 33-ке тең қабырғаны қандай кесінділерге бөлетінін табыңыз. [4]
Бағалау критерийлері:
Суреті дұрыс. Қатынасқа сәйкес сурет салынған | 1 балл |
Биссектрисаның қасиетін пайдаланып дұрыс қатынас алад | 1 балл |
Белгісіз айнымалыны анықтайды. Ізделінді бөліктерді табады | 1 балл |
Жауабы дұрыс | 1 балл |
3 есеп.
k және m кесінділері параллель. x кесіндісінің ұзындығын есептеңіз. [2]
Бағалау критерийлері:
Қатынас дұрыс | 1 балл |
Жауабы дұрыс | 1 балл |
4 есеп.
Ағаштың көлеңкесінің биіктігі 12 м. Көлеңке жарты метрлік таяқтан 0,9 м ұзын. Ағаштың биіктігі қандай?
Қосымша 2
- MN кесіндісі - ABC үшбұрышының AB қабырғасына параллель. Мұнда, М–АСқабрғасына тиісті, ал NBC қабырғасына тиісті. MN осы екі нүктенің қосындысымен пайда болады. |CM|=2,7 см, |AM|=4,2 см, және |CN|=1,8 см тең екенін біле отырып, BC кесідісінің ұзындығын табыңыз.
- Әр пропорцияда жетіспейтін мәнді немесе қажетті теңдікті табыңыз.
- 3. Катеттері 10 см және 24 см-ге тең тікбұрышты үшбұрыштың кіші сүйір бұрышынан биссектриса жүргізілген. Биссектриса катетті қандай кесінділерге бөлетіні табыңыз. Жауабына үлкен кесіндіні жазыңыз.
- Берілген кесіндіні тең кесінділерге бөліңіз. Әр қадамды түсіндіріңіз.*
- Кез келген дөңес төртбұрыштың орталарын қосқанда параллеограмм шығатынын көрсетіңіз. Әр қадамды түсіндіріңіз.*
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?