Параллелограмм және оның қасиеттері мен белгілері. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу | Мектеп: НЗМ Семей қаласы | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Чултуков Нартай Советханович | ||
Класс: 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |
Сабақ тақырыбы | Параллелограмм және оның қасиеттері мен белгілері | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.1.1.3 параллелограмм анықтамасын білу; 8.1.1.4 параллелограмм қасиеттерін қорытып шығару және қолдану; 8.1.1.5 параллелограмм белгілерін қорытып шығару және қолдану; | ||
Сабақтың мақсаттары | Оқушылар:
| ||
Бағалау критерийлері | Оқушылар: біледі:
істей алады:
| ||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәндік лексика және терминология:
Диалогқа және жазуға қажетті кейбір пайдалы тіркестер:
| ||
Құндылықтарды дарыту | Жұппен және топпен жұмыс жасау арқылы оқушылар өзін және өзгені құрметтеуді үйренеді. Оқушыларды ашықтыққа үйрету - оқушылардың өз деңгейлерін нақты бағалауды және оқу мақсаттарын қаншалықты игергендігін дәл айқындауды дағдыларын ұштайды. | ||
Пәнаралық байланыс | Практикалық тапсырмаларды орындау арқылы шынайы өмірмен байланыстыру. | ||
Бастапқы білім | Үшбұрыштардың теңдігінің белгілері, параллель түзулерді қиюшымен қиғанда пайда болған бұрыштардың қасиеттері |
Сабақ барысы:
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 0 – 15 мин | Ұйымдастыру кезеңі. Тірек білімдерді белсендендіру Оқушыларға «Қосымша 1» үлестірмесіндегі тапсырмаларды орындауды ұсыныңыз. №3 тапсырманы. Келесі тұжырымды атаңыз: «Параллелограммның қарама-қарсы қабырғалары тең». Жауаптың таңдаңыз:
№3 тапсырманы жоққа шығару әдісі арқылы жауаптардың D) нұсқасы дұрыс екеніне көз жеткіземіз. Оқушылармен бірлесе отырып сабақ тақырыбын, мақсатын және дамудың жақын аймағын айқындау. | Қосымша 1 | |||
| Топтық жұмыс. Параллеограммның қасиеттері туралы теоремалады қорытыу және дәлелдеу. Өткен сабақта өлшеулер жүргізу арқылы қорытындылар жасалған және солардың негізінде кесте толтырылған болатын. Оқушыларды 4-5 оқушыдан құралған әр-түрлі деңгейлі топтарға бөлу. Кестені пайдаланып параллелограмның қасиетін құрастырып шығуға тапсырма беріңіз. Мұғалім жұмыстың орындалуын қадағалап, қиындықтар болған жағдайды көмектеседі. Сондай-ақ, мұғалім сабақ үстінде оқушылардың ойлануына және жұмысты саналы түрде орындауына жағдай жасайды. Оқушылар параллеограммның қсиетін құрастырады. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдайды, қажетінше түзетеді. Осы тұжырымдардың параллелограммның белгілері екенін айтады. Бірінші белгі мұғаліммен бірге сыныпта дәлелденеді. Дәлелдеудің үлгісін барлық оқушыларға тапсырмамен бірге үлестіреді. Әр топ өздеріне тиісті параллелограмның белгісін дәлелдейді, тақтаның алдында сыныпқа көрсетеді. Қосымша 2. Параллелограммның қасиеттері. Мұғалім топтардың дәлелдемелерін тыңдайды, қажет жерлерін түзетеді. Топ мүшелерінен жұмысты қорғаған оқушыны қолдай отырып, бағалайды. | Қосымша 2 | |||
Сабақтың ортасы 28 - 35 мин | Жұппен жұмыс. Өзара оқыту. Параллеограммның белгілері мен қасиеттерін практикалық түрде қолдану. Қосымша 3. Топқа бөліп, топ басшыларын тағайындау. Теориялық материалды меңгеруін бағалау үшін тапсырмалар ұсыну. Оқушылар жеке жұмыс жасайды, бірақ түсінбеген сұрақтарын сыныптасымен жұпта талқылауына болады. Тіпті қиындық тудырса, тапсырманы барлық топ мүшелерімен талқылап орындауына болады. Жауаптарын кілт бойынша өзін-өзі тексереді. Бірін бірі бағалу: оқушылар сыныптастарының теориялық материалды және теоремалардың дәлелдеуін қаншалықты жеткізе алғандығын өздері бағалайды. | Қосымша 3 | |||
Сабақтың ортасы 36 - 37 мин | Ұжымдық жұмыс. Оқушылар: 1) 3 есептің жауабын айтады. 2) Параллелограммның түрлерін қарастырады. 3) Барлық қабырғалары тең параллеограммға анықтама береді. Анықтама. Барлық қабырғалары тең параллелограмм ромб деп аталады. | ||||
Сабақтың соңы 38 - 40 мин | Әңгімелесу. Рефлексия. Мен не білемін ... Мен бүгін үйрендім … Мен не істей аламын ... Мен үйреніп алдым … Мен енді ... қабілеттімін. Мен түсіндім … Үй тапсырмасы. Анықтамаларды, теоремаларды және олардың дәлелдеулерін білу | ||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Сабақта оқытудың саралау әдісі әрдеңгейлі тпотарға бөлу арқылы көрініс табады. Оқушылар жұппен жұмыс жасау кезінде тапсырмаларды күрделілік деңгейіне байлынысты өздері таңдайды. | Теориялық білімдерін бағалау кезінде оқушылар өзін өзі тексеру әдісін қолданады, сонымен бірге өздік жұмыстарын тексеруде бірін бірі бағалайды. Топтық жұмыс кезінде оқушылардың теоремаларды дәлелдеу барысында үшбұрыштардың теңдігін қолдану дағдылары да тексеріледі. | Сабақ барысында сызу құралдарын қолдануда қауіпсіздік ережелерін қадағалау. Оқушылардың тік отыруын қадағалау. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?