Параллелограмм және оның қасиеттері мен белгілері. Геометрия, 8 сынып, қосымша материал 1.
2-қосымша
Практикалық жұмыс.
Қажетті құралдар: Сызғыш, циркуль, транспортир, қарындаш, қағаздан жасалған төртбұрыштардың модельдері.
Техникалық қауіпсіздік ережесі: “Циркульді қолдану ережесі ”.
Тарих.
Циркуль – сызу құралы. Латынның “circulus” – дөңгелек, шеңбер деген сөзінен шыққан (“circa” - айналасы, айналдыра, яғни цирк – бұл дөңгелек).
Циркульмен жұмыс жасау.
Жұмыс жасағанда өте мұқият болу керек. Оның инесін адамның бетіне оқтамау керек және қасыңдағы көршіңе оны үшкір жағымен бермеген абзал.
Циркуль шеңберді, дөңгелекті және өзге де дәл сызбаларды орындау үшін қолданылады.
Жұмыс барысы:
I. Паралллеограмм анықтамсын қорытып шығару, моделі бойынша параллеограммның белгілерін айқындау (оқушылардығы фигуралардың модельдері әртүрлі).
Жұмысқа нұсқаулық.
1. Төртбұрыштардың арасынан параллеограммдарды таңдаңыз.
2. Таңдауыңызды түсіндіріңіз.
Оқушылар мұғалімдрмен бірге қорытынды жасайды: параллеограммның анықтамасын және оның белгілерін.
II. Параллеограммның моделі бойынша оның қабырғалары мен бұрыштарының қасиеттерін орнату(оқушылардығы фигуралардың модельдері әртүрлі).
Жұмысқа нұсқаулық.
- Параллеограммның қабырғаларын циркуль мен сызғыш арқылы өлшеу.
- Қарама-қарсы қабырғаларының ұзындықтарын салыстару.
- Қорытынды жасаңыз.
Жұмысқа нұсқаулық.
- Параллеограммның бұрыштарын транспортирмен өлшеу, олардың қосындысын табыңыз.
- Қарама-қарсы бұрыштардың градустық өлшемдерін салыстырыңыз.
- Тұстас бұрыштарының градустық өлшемдерін салыстырыңыз, олардың қосындысын табыңыз.
- Қорытынды жасаңыз.
Жұмысқа нұсқаулық.
- Параллеограммның диагональдарын салу.
- Параллограммның диагоналдарын өлшеңіз.
- Диагональдарын жән олардың бөліктерін салыстырыңыз.
- Қорытынды жасаңыз.
Өлшемдердің нәтижесі бойынша қорытынды жасайды.
III. Қорытынды тұжырымдарды басшылыққа ала отырып төмндегі кестені толтыру. Сөйлемдер құрастыру үшін келесі тіркестерді қолданыңыз: параллеограммның қабырғалары, параллель емес; қабырғалары тең, қабырғалары тең мес; бұрыштары тең, бұрыштары тең емс; қосындысы тең …
Параллелограмм
Элементтері | Қасиеті |
Қарама-қарсы қабырғалары | |
Диагональдары | |
Биссектрисалары | |
Биіктіктері | |
Бұрыштың түрлрі | |
Қарама-қарсы бұрыштары | |
Тұстас бұрыштар |
IV. Параллограммның суретін салуды үйрену.
Екі тәсілмн салу:
- тор көзді параққа;
- ақ параққа, параллель түзулерді салу ережесі бойынша.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?