Параллелограмм, ромб, тіктөртбұрыш, шаршы және олардың қасиеттері мен белгілері. Геометрия, 8 сынып, қосымша материал 2.
Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық
Сабақ тақырыбы: «Параллелограмм, ромб, тіктөртбұрыш, шаршы және олардың қасиеттері мен белгілері».
Оқу мақсаттары:
8.1.1.3 параллелограмм анықтамасын білу;
8.1.1.4 параллелограмм қасиеттерін қорытып шығару және қолдану;
8.1.1.5 параллелограмм белгілерін қорытып шығару және қолдану;
8.1.1.6 тіктөртбұрыш, ромб, шаршы анықтамаларын білу және олардың қасиеттері мен белгілерін қорытып шығару;
Сабақ мақсаттары :
Оқушылар:
-параллелограмм, тіктөртбұрыш, ромб және квадрат анықтамаларына, қасиеттеріне негізделген есептерді шығару керек;
-параллелограмм, тіктөртбұрыш, ромб және квадрат тақырыбы бойынша алған білімдерін тиянақтау және бекіту керек.
Бағалау критерийлері:
Оқушылар
істей алады:
- параллеограммның қасиеттері мен белгілерін есеп шешуде қолданады;
- тіктөртбұрыштың қасиеттері мен белгілерін есеп шешуде қолданады;
- ромб қасиеттері мен белгілерін есеп шешуде қолданады;
- квадрат қасиеттері мен белгілерін есеп шешуде қолданады.
біледі:
- параллелограммның анықтамасын, белгілерін.
Сабақ барысы
Сабақтың басы
Ұйымдастыру сәті. Негізгі білімді белсендендіру
Тірек білімді қайталау мақсатында ауызша жаттығулар орындау.
- Параллеограмм дегеніміз не? (Параллелограмм қарама-қарсы қабырғалары қос-қостан пареллель және тең төртбұрыш)
- Параллеограммның бір бұрышы 400, ал екінші бұрышы 500 болуы мүмкін бе? (жоқ)
- Параллеограммның бұрыштарының қасиетін тұжырымдаңыз.(қарсы бұрыштары тең; іргелес бұрыштарының қосындысы 1800)
- Берілген үш нүкте арқылы неше параллеограмм тұрғызуға болады? (біреу ғана)
- Параллеограммның ұзын қабырғаларының ара қашықтығын қалай анықтауға болады?
- Диагональдары өзара тең; диагональдары өзара перпендикуляр; диагональдары өзара тең және перпендикуляр параллелограммның түрін атаңыз.
- «Ромбтың биіктіктері өзара тең» деген тұжырым дұрыс па?
- Ромбтың симметрия осі бар ма, болса нешеу?
- Шаршы тіктөртбұрыш пен ромбтан несімен ерекшеленеді?
Сабақтың ортасы.
Жекелеме жұмыс. Формативті бағалау
Оқушылардың «Параллеограммның анықтамасы және қасиеттері» атты тақырып бойынша алаған білімдерін тексеру үшін және оқушылардың есеп шығару техникалық дағдыларын дамыту мақсатында «Формативті бағалау» тапсырмасын алыңыз. Жұмысты 25-30 минутқа беруге болады. (Қосымша 1) орындатыңыз [1].
Қосымша 1.
Формативті бағалау
Тапсырма | Бағалау критерийлері | ОМ |
1. АВСД параллеограмының периметрі 10 см. АВД үшбұрышының периметрі 8 cм екені белгілі болса, ВД-ның ұзындығын табыңыз. [3] | 1) Сызбасы дұрыс, шартқа сәйкес нүктелер көрсетілген. 2) есептің моделін дұрыс құрады (периметрге қатысты теңдеуі) 3) Жауабы дұрыс: ВД=3 см. | |
2. Памраллеограммның бір бұрышы екіншісінен 500-қа артық. Параллеограммның бұрыштарын табыңыздар. [3] | 1) Сызбасы дұрыс, шартқа сәйкес бұрыштарды дұрыс көрсетеді. 2) төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қасиетін дұрыс қолданып, есептің теңдеуін дұрыс құрады. 3) Жауабы дұрыс: 650 , 1150 | |
3. Параллеограммның қабырғалары 4,5 дм және 12 дм. Оның сүйір бұрышынан биссектриса жүргізілген. Биссектриса параллелограммның үлкен қабырғасын қандай бөліктерге бөледі? [4] | 1) Сызбасы дұрыс, шартқа сәйкес биссектрисаны дұрыс көрсетеді. 2) биссектрисаның қасиетін дұрыс қолданады (сүйір бұрышты қаққа бөлгенін көрсеткен). 3) биссектрисаның параллель түзулерді қиюшы екенін ескеріп, пайда болған үшбұрыштың теңбүйірлі екенін қорытып шығарады. 4) Жауабы дұрыс: биссектриса параллеограмның үлкен қабырғасын 4,5 дм, 7,5 дм деген бөліктерге бөледі. | |
4. Диагональдары перпендикуляр параллеограммның ромб болатынын дәлелдеңіз. [4] | 1) шартқа сәйкес паралелограмм салады, оның диагональдары тік бұрыш жасап қиылысқан. 2) үшбұрыш теңдігінің І белгісі және параллеограмм диагональдары қасиеті бойынша, диагональдардың қиылысуындағы үшбұрыштарды қос-қостан тең екенін көрсетеді. 3) барлық қабырғалардың тең екенін жүйелі логикалық түрде көрсеткен. 4) қорытынды тұжырым анықтамаға сүйеліп дұрыс жасалған. | |
5. Тіктөртбұрыштың биссектрисасы оның бір қабырғасын қаққа бөледі. Тіктөртбұрыштың кіші қабырғасы 10 см. Тіктөртбұрыштың периметрін табыңыз. [4] | 1) шартқа сәйкес сурет дұрыс салынған. 2) теңбүйірлі тікбұрышты үшбұрыштың қасиетін қолданады. 3) үлкен қабырғаның ұзындығын дұрыс табады: 20 см. 4) Жауабы дұрыс: Р=60 см. | |
6. Теңбүйірлі тікбұрышты үшбұрышқа іштей сызылған тіктөртбұрыштың екі төбесі гипотенузада, ал қалған екі төбесі катеттерде жатыр. Гипотенузының ұзындығы - 45 см. Тіктөртбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарын табыңыз, егер де олардың қатынасы 5:2 болса. [5] | 1) шартқа сәйкес сызбасы дұрыс салынған. 2) тең бүйірлі тікбұрышты үшбұрыштың қасетін дұрыс қолданады; 3) тіктөртбұрыштың кіші қабырғасы мен гипотенузадағы кіші бөліктердің теңдігін қорытып көрсетеді. 4) есеп шартындағы қатынасты пайдаланып дұрыс теңдеу құрады: 9x=45. 5) Жауабы дұрыс: тіктөртбұрыштың қабырғаларының ұзындықтары: 10 см, 25 см. | |
7. Робтың периметрі 8 м, ал биіктігі 1 м. Ромбтың доғал бұрышын табыңыз. [5] | 1) шартқа сәйкес сызбасы дұрыс салынған. 2) есеп шартына сәйкес теңдеу дұрыс құрылған: 4x=8, x=2; 3) доғал бұрыш төбесінен биіктікті дұрыс түсіріп, көрсеткен. 4) 300 бұрыштың қасиетін біледі, дұрыс қолданған. 5) Жауабы дұрыс: доғал бұрыш 1500. |
Рефлеексия.
- Сабақтағы не нәрсе есіңізде жақсы сақталды?
- Не қызықтырды?
- Сізге ұнаған ең басты нәрсе не?
- Келесі сабақтың қандай болғанын қалайсыз?
Сабақтың соңы. Үйге тапсырма.
Формативті бағалаудан кейін оқушыларға өтілген тақырыпты бастан аяқ қайталау жұмысын ұсыныңыз. Сынақ тапсырма ретінде және оқу мақсаттарының орындауда олқылықтары бар оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды орындауын міндеттеңіз. Аптаның соңғы күніне дейін уақыт белгілеп, берілген тапсырмаларды дерліктей орындауын талап етіңіз (қосымша 2) [1].
Қосымша 2.
Деңгейлік тапсырмалар
А
- АВСД параллелограммының А төбесінен ВС қабырғасын Е нүктесінде қиып өтетін биссектрисасы жүргізілген. АВ=9 см, АД=15 см. ВЕ мен ЕС кесінділерінің ұзындықтарын табыңыз. [ВЕ=9 см, ЕС=6 см.]
- Параллелограммның барлық бұрыштарын табыңыз, егер оның екі бұрышының қосындысы 800 болса. [400, 1400.]
- Параллелограммның екі қабырағысының қатынасы 3:4 қатынасындай, ал оның периметрі 28 м.
- Ромбының бір диагоналі оның қабырғасына тең. Робмтың бұрыштарын табыңыз. [600, 1200.]
- Шаршының төбелерінен оның диагональдарына парралель болатын түзулер жүргізілген. Осы түзулерден құралған төртбұрыштың түрін анықтаңыз. [Шаршы]
- Бір бұрышы 1200, қабырғасы 3 cм болатын ромбтың диагональ ұзындығын анықтаңыз.[3 см]
B
- Параллелограммның периметрі 2 м, ал екі қабырағысының қатынасы 2:3 қатынасындай. Параллелограммның қабырғаларының ұзындықтарын табыңыздар. [0,4 м, 0,6 м.]
- Теңбүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасы 5 м. Осы үшбұрыштың табанынан алынған бір нүктеден екі бүйір қабырғасына параллель екі түзу жүргізілген. Пайда болған параллеограммның периметрін табыңыз. [10 м.]
- Параллелограммның доғал бұрышынан шыққан биссектрисасы оның бір қабырғасын 5,7 дм және 80 см кесінділерге бөледі. Параллеогрммның периметрін анықтаңыз. [43,4 дм, 38,8 ]
- Параллеогрммның периметрі 299,2 дм. Бір қабырғасы екінші қабырғасынан 20 % ұзынырақ. Параллелограммның қабырғаларының ұзындықтарын табыңыздар. [68 дм, 81,6 д м.]
- Ромбтың диагональдары мен қабырғалары арасындағы бұрыштардың қатынасы 4:5 қатынасындай. Ромб бұрыштарын табыңыз. [800; 1000]
- Теңбүйірлі тікбұрышты үшбұрышқа іштей сызылған шаршының екі төбесі гипотенузада, ал қалған екі төбесі катеттерде жатыр. Гипотенузының ұзындығы - 3 м. Шаршының қабырғаларының ұзындықтарын табыңыз, егер де олардың қатынасы 5:2 болса. [1]
- Тіктөртбұрыштың диагональдарының қиылысу нүктесі оныңкіші қабырғасынан үлкен қабырғасына қарағанда 4 см алыс орналасқан. Тіктөртбұрыштың периметрі 56 см. Тіктөртбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарын табыңыздар. [10 см, 18 см.]
Қажетті ресурстар:
- Повторяем и систематизируем школьный курс геометрии. Крамор В.С., М.: Просвещение, 1992 г. 320 стр.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?