Параллелограмм, ромб, тіктөртбұрыш, шаршы және олардың қасиеттері мен белгілері. Геометрия, 8 сынып, презентация.


САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ:

ПАРАЛЛЕЛОГРАММ, РОМБ, ТІКТӨРТБҰРЫШ, ШАРШЫ.

ҚАСИЕТТЕРІ МЕН БЕЛГІЛЕРІ

ОҚУ МАҚСАТТАРЫ:

8.1.1.3 Параллелограмм анықтамасын білу;

8.1.1.4 Параллелограмм қасиеттерін қорытып шығару және қолдану;

8.1.1.5 Параллелограмм белгілерін қорытып шығару және қолдану;

8.1.1.6 Тіктөртбұрыш, ромб, шаршы анықтамаларын білу және олардың қасиеттері мен белгілерін қорытып шығару;

САБАҚ МАҚСАТТАРЫ

-параллелограмм, тіктөртбұрыш, ромб және квадрат анықтамаларына, қасиеттеріне негізделген есептер шығару;

-параллелограмм, тіктөртбұрыш, ромб және квадрат тақырыбы бойынша алған білімдерін тиянақтау және бекіту.

ЖЕТІСТІК КРИТЕРИЙЛЕРІ:

- параллеограммның қасиеттері мен белгілерін есеп шешуде қолданады;

- тіктөртбұрыштың қасиеттері мен белгілерін есеп шешуде қолданады;

- ромб қасиеттері мен белгілерін есеп шешуде қолданады;

- квадрат қасиеттері мен белгілерін есеп шешуде қолданады.

ПЫСЫҚТАУ СҰРАҚТАРЫ:

Параллеограмм дегеніміз не?

Параллеограммның бір бұрышы 400, ал екінші бұрышы 500 болуы мүмкін бе?

Параллеограммның бұрыштарының қасиетін тұжырымдаңыз.

Берілген үш нүкте арқылы неше параллеограмм тұрғызуға болады?

Үшбұрышты параллелограммға дейін қалай толықтырамыз?

Параллеограммның ұзын қабырғаларының ара қашықтығын қалай анықтауға болады?

ПЫСЫҚТАУ СҰРАҚТАРЫ:

7. Диагональдары өзара тең; диагональдары өзара перпендикуляр; диагональдары өзара тең және перпендикуляр параллелограммның түрін атаңыз.

8. «Ромбтың биіктіктері өзара тең» деген тұжырым дұрыс па?

9. Ромбтың симметрия осі бар ма, болса нешеу?

10. Шаршы тіктөртбұрыш пен ромбтан несімен ерекшеленеді?

Формативті бағалау

1. АВСД параллеограмының периметрі 10 см. АВД үшбұрышының периметрі 8 cм екені белгілі болса, ВД-ның ұзындығын табыңыз. [3]

2. Памраллеограммның бір бұрышы екіншісінен 500-қа артық. Параллеограммның бұрыштарын табыңыздар. [3]

3. Параллеограммның қабырғалары 4,5 дм және 12 дм. Оның сүйір бұрышынан биссектриса жүргізілген. Биссектриса параллелограммның үлкен қабырғасын қандай бөліктерге бөледі? [4]

4. Диагональдары перпендикуляр параллеограммның ромб болатынын дәлелдеңіз. [4]

5. Тіктөртбұрыштың биссектрисасы оның бір қабырғасын қаққа бөледі. Тіктөртбұрыштың кіші қабырғасы 10 см.

Тіктөртбұрыштың периметрін табыңыз. [4]

6. Теңбүйірлі тікбұрышты үшбұрышқа іштей сызылған тіктөртбұрыштың екі төбесі гипотенузада, ал қалған екі төбесі катеттерде жатыр. Гипотенузының ұзындығы - 45 см. Тіктөртбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарын табыңыз, егер де олардың қатынасы 5:2 болса. [5]

7. Робтың периметрі 8 м, ал биіктігі 1 м. Ромбтың доғал бұрышын табыңыз. [5]

РЕФЛЕКСИЯ

Сабақтағы не нәрсе есіңізде жақсы сақталды?

Не қызықтырды?

Сізге ұнаған ең басты нәрсе не?

Келесі сабақтың қандай болғанын қалайсыз?

Үй тапсырмасы:

ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ

Деңгейлік тапсырмалар

 А

АВСД параллелограммының А төбесінен ВС қабырғасын Е нүктесінде қиып өтетін биссектрисасы жүргізілген. АВ=9 см, АД=15 см. ВЕ мен ЕС кесінділерінің ұзындықтарын табыңыз. [ВЕ=9 см, ЕС=6 см.]

Параллелограммның барлық бұрыштарын табыңыз, егер оның екі бұрышының қосындысы 800 болса. [400, 1400.]

Параллелограммның екі қабырағысының қатынасы 3:4 қатынасындай, ал оның периметрі 28 м. [6 м, 8 м.]

Ромбының бір диагоналі оның қабырғасына тең. Робмтың бұрыштарын табыңыз. [600, 1200.]

Шаршының төбелерінен оның диагональдарына парралель болатын түзулер жүргізілген. Осы түзулерден құралған төртбұрыштың түрін анықтаңыз. [Шаршы]

Бір бұрышы 1200, қабырғасы 3 cм болатын ромбтың диагональ ұзындығын анықтаңыз.[3 см]

B

Параллелограммның периметрі 2 м, ал екі қабырағысының қатынасы 2:3 қатынасындай. Параллелограммның қабырғаларының ұзындықтарын табыңыздар. [0,4 м, 0,6 м.]

Теңбүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасы 5 м. Осы үшбұрыштың табанынан алынған бір нүктеден екі бүйір қабырғасына параллель екі түзу жүргізілген. Пайда болған параллеограммның периметрін табыңыз. [10 м.]

Параллелограммның доғал бұрышынан шыққан биссектрисасы оның бір қабырғасын 5,7 дм және 80 см кесінділерге бөледі. Параллеогрммның периметрін анықтаңыз. [43,4 дм, 38,8 ]

Параллеогрммның периметрі 299,2 дм. Бір қабырғасы екінші қабырғасынан 20 % ұзынырақ. Параллелограммның қабырғаларының ұзындықтарын табыңыздар. [68 дм, 81,6 д м.]

Ромбтың диагональдары мен қабырғалары арасындағы бұрыштардың қатынасы 4:5 қатынасындай. Ромб бұрыштарын табыңыз. [800; 1000]

Теңбүйірлі тікбұрышты үшбұрышқа іштей сызылған шаршының екі төбесі гипотенузада, ал қалған екі төбесі катеттерде жатыр. Гипотенузының ұзындығы - 3 м. Шаршының қабырғаларының ұзындықтарын табыңыз, егер де олардың қатынасы 5:2 болса. [1]

Тіктөртбұрыштың диагональдарының қиылысу нүктесі оныңкіші қабырғасынан үлкен қабырғасына қарағанда 4 см алыс орналасқан. Тіктөртбұрыштың периметрі 56 см. Тіктөртбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарын табыңыздар. [10 см, 18 см.]



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу