Параллелограмм, ромб, тіктөртбұрыш, шаршы және олардың қасиеттері мен белгілері. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.1.A Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу | Мектеп: НЗМ Семей қаласы | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Чултуков Н.С. | ||||||
Класс: 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Параллелограмм, ромб, тіктөртбұрыш, шаршы және олардың қасиеттері мен белгілері | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.1.1.3 параллелограмм анықтамасын білу; 8.1.1.4 параллелограмм қасиеттерін қорытып шығару және қолдану; 8.1.1.5 параллелограмм белгілерін қорытып шығару және қолдану; 8.1.1.6 тіктөртбұрыш, ромб, шаршы анықтамаларын білу және олардың қасиеттері мен белгілерін қорытып шығару; | ||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар: біледі:
қолданады: - параллеограммның қасиеттері мен белгілерін есеп шешуде қолданады; - тіктөртбұрыштың қасиеттері мен белгілерін есеп шешуде қолданады; - ромб қасиеттері мен белгілерін есеп шешуде қолданады; - квадрат қасиеттері мен белгілерін есеп шешуде қолданады. | ||||||
Тілдік мақсаттар | - төртбұрыштың диагональдары өзара перпендикуляр болады,егер ... ; - параллелограмның қарама-қарсы бұрыштары ... ; - ромбының қабырғалары тең болғандықтан, оның периметрі ... ; - параллелограмм бұрышының биссектрисасы одан ... қияды; - параллель түзулер ... қияды; | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды оқуға, жауапкершілікке, байқампаздыққа, өз ойларын еркін айта білуге, өзіне сенімділікке тәрбиелеу | ||||||
Бастапқы білім | Үшбұрыштардың теңдігінің белгілері, параллель түзулерді қиюшымен қиғанда пайда болған бұрыштар, үшбұрыштың түрлері және қасиеттері | ||||||
Сабақтың түрі | Жаңа білімді меңгеру сабағы | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 15 мин | Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру. Үй тапсырмасын тексеру: Ромбының қандай қасиеттерін оқушылар тұжырымдады? «Қосымша 1» материалындағы тұжырымдармен салыстыру. Оқушылармен бірлесе отырып сабақ мақсаты мен тақырыбын белгілеу. Оқушыларға теориялық тапсырмалар бергенде ресурстардағы оқулықты қолдану. | Қосымша 1 Геометрия 8-сынып. И.Бекбоев, А. Абдиев, Ж. Қайдасов, Г. Хабарова., Алматы: "Рауан" 2008 ж., 104 бет | |||||
Сабақтың ортасы 15мин | Топтық жұмыс. Ромб, тіктөртбұрыш және шаршы қасиеттері мен белгілері жайлы теоремаларды қорытып шығу және дәлелдеу. Сыныпты 4 - 6 оқушыдан құралатын топтарға бөлу. Топ мүшелерін әрдеңгейлі етіп құрған тиімді. Оқушыларға фигуралардың қағазданжасалған модельдерін үлестіру. Топта төртбұрыштың түрлеріне анықтама береді. Аталған фигуралардың қасиеттері мен белгілерін бұған дейін өткен параллеограммның қасиеттері мен белгілеріне қарай отырып болжайды. Фигуралардың модельдеріне жүгіне отырып, ромб пен тіктөртбұрыш белгілері мен қасиеттерін практика жүзінде қорытып шығарады. «Қосымша 2» таратпасындағы кестені толтырады. Жауабын жауап кілті бойынша тексереді. Мүмкін болса «Параллеограмм» бейнетаспасын көрген ләзім. Жауаптарының дұрыстығын тексеріп, салыстыру. Тапсырма беру: әр топ келесі фигуралардың әрбіреуінің анықтамасын, қасиеттерін және белгілерін береді: 1 топ: тіктөртбұрыш; 2 топ: ромб;3 топ: шаршы (квадрат) Жұмыстарын дәптерге орындайды. Әр топ 1 белгі мен 1 қасиетті дәлелдейді де, оны сыныптың алдында қорғайды. Мұғалім сыныпты аралап, кем тұстары болса толықтырып, қажет жерлерінде түзетіп, сырттай бақылаушы ролыін атқарады. Оқушыларға жұмысты орындауға жеткілікті уақыт тағайындау. Әр топ өздерінің топ басшыларын сайлайды. Топ басшысы теореманы дәлелдеуге кім шығатытын айтады. Дәлелдеуді орындаған оқушының жұмысын талдап, оны дұрыс жауаппен салыстыру керек. Егер олқылықтар болса, дұрысын жазып алуды оқушыларғы міндеттеу. «Қосымша 3». Топ басшысы әр оқушының топтық жұмысқа сіңірген еңбегі мен қосқан үлесіне орай әр оқушыға баға береді. | Қосымша 2 Оқулық: Геометрия 8-сынып. И.Бекбоев, А. Абдиев, Ж. Қайдасов, Г. Хабарова., Алматы: "Рауан" 2008 ж., 104 бет Қосымша 3 | |||||
7 мин | Жұптық жұмыс. Бірін бірі оқыту. Әр түрлі топтың мүшелерін араластыра отырып оқушылардың жұптарын құру. Өтілген тақырыпты бекіту және оны қаншалықты меңгергендігін тексеру мақсатында 2 нұсқадан тұратын тапсырма ұсыну. Оқушылар жеке жұмыс жасайды. Бірақ бір бірінен сұрауға, сұрақты жұбымен талқылауға болады. Егер оқушы тежеліп қалса, оның жұбы оған көмектесуін, біріне бірі түсіндіруін ұсыныңыз. Параллеограммның практикадағы қолданысы: Жауап қысқа да нұсқа болу керек. («Иә», «Жоқ» және сан түрінде). Кілт юойынша жауапты өздері тексереді. Бірін бірі бағалау: оқушылар өз жұптарының тапсырманы қалай орындағанын және жеткізгенін бағалайды. | Қосымша 4 | |||||
Сабақ соңы 3 мин | Рефлексия Үй тапсырмасы: | ||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? Тапсырмаларды орындауларын дрліктей тексеріп, әр есептің толық шыққандығын қадағалау. Оқушыдан тапстырманы топқа түсіндіруін талап ету. | Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Интерактивті тақтаны қолдану | |||||
«Дидактикалық материалдардағы» тапсырмалардың ең күрделілерін ғана ойлау деңгейлері жоғары балалар орындайды. Барлық сыныпқа әр кестедегі алғашқы төрт тапсырманы орындатқызу жеткілікті. | Есептерді дұрыс шығаруы бойынша, математикалық терминологияны дұрыс қолдануына байланысты бағалаймын. | Құндылықтар: Табанды еңбекке тәрбиелеу; Тапсырмаларды толық орындауға дағдыландыру |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?