Үшбұрыштар теңдігінің белгілері. Геометрия, 7 сынып, қосымша материал.
«7-сынып геометрия курсын қайталау. Үшбұрыштар теңдігінің белгілері» тақырыбына арналған сабаққа әдістемелік нұсқаулық
Оқу мақсаты:
7.3.3.4 үшбұрыштың теңдік белгілерін есептер шығару мен дәлелдеулерде қолдану
Сабақтың мақсаты: үшбұрыштар теңдігінің белгілерін есептер шығару мен дәлелдеулерде қолдануды қайталау мен бекіту.
Сабақтың түрі: Өтілген материалды қайталау, жүйелеу және жалпылау сабағы
Негізгі терминдердің анықтамасы:
Үшбұрыштар теңдігінің бірінші белгісі.
Егер үшбұрыштың екі қабырғасы мен арасындағы бұрышы сәйкесінше екінші үшбұрыштың екі қабырғасы мен арасындағы бұрышына тең болса, онда бұл үшбұрыштар тең болады.
Үшбұрыштар теңдігінің екінші белгісі.
Егер үшбұрыштың бір қабырғасы мен оған іргелес жатқан екі бұрышы сәйкесінше екінші үшбұрыштың бір қабырғасы мен оған іргелес жатқан екі бұрышына тең болса, онда бұл үшбұрыштар тең болады.
Үшбұрыштар теңдігінің үшінші белгісі.
Егер үшбұрыштың үш қабырғасы сәйкесінше екінші үшбұрыштың үш қабырғасына тең болса, онда бұл үшбұрыштар тең болады.
Сабақтың басында оқу мақсаты, сабақ мақсаты және күтілетін нәтижелерді анықтап алған соң жазықтықтағы негізгі геометриялық фигураларды және үшбұрыштың анықтамасын қайталау керек. Сонымен бірге нүкте, түзу, кесінді, бұрыш және көпбұрыштардың белгіленуіне назар аударған жөн. Білімді жаңғырту кезеңінде, мұғалімнің сөзінен соң, оқушылар слайдтағы үшбұрыштың теңдігінің белгілері бейнеленген сызбаларды негізге ала отырып, бір-біріне оның белгілерін ауызша айтып шығады.
Әртүрлі үшбұрыштың сызбалары арқылы оның теңдік белгілерін анықтауға арналған «Лото» ойыны. Бұл тапсырма оқушылардың білімдерін бекітуге және кішкене уақыт ішінде критерийлер бойынша өзара бағалау өткізуге көмектеседі. Мұғалім ойын барысында тапсырманың орындалуының дұрыстығын бақылайды және тапсырманы дұрыс орындай алмай отырған оқушыларды өзіне белгілеп алады.
Әртүрлі нұсқада берілген өзара тексеруге арналған математикалық диктант (жеке жұмыс).
Диктант орындалып, оқушылар өзара тексеру жүргізген соң мұғалім жұмыстарды жинап алуы керек . Бұл жұмыс мұғалімге әрбір оқушының қай деңгейде екенін анықтауға және сыныпта көп кездесетін қате жөнінде қорытынды жасауға көмектеседі.
Үшбұрыштардың теңдігінің белгілерін қолдануға арналған тапсырмалар (жеке жұмыс).
Мұғалім оқушыларға әртүрлі деңгейдегі үш тапсырманың бірін таңдауды ұсынады (А – қарапайым деңгей, В – орташа деңгей, С – жоғары деңгей). Оқушылар дайын үлгі арқылы өзін-өзі тексереді. Мұғалім шешімнің дұрыстығы мен есептің рәсімделуін бақылайды, қажет болған жағдайда түсінік береді, қате жіберіп отырған оқушыларды анықтайды. С деңгейінің тапсырмаларын орындауға аса назар аудару керек.
С деңгейі | Берілгені: , ОС = ОВ,
Табу керек: |
Шешуі: және қарастырайық: 1) Шарт бойынша, ОС = ОВ. 2) Шарт бойынша, . 3) Вертикаль бұрыштардың қасиеті бойынша, =. Онда үшбұрыш теңдігінің екінші белгісі бойынша = . Үшбұрыштар теңдігінен олардың сәкес бұрыштарының теңдігі шығады, олай болса, . , үшбұрыш бұрыштарының қосындысы. Онда Жауабы: |
бұрышын табу үшін алдымен сәйкес үшбұрыштардың теңдігін дәлелдеу қажет екенін оқушылардың есіне салу керек.
Қосымша тапсырма.
Төменде берілген суретте, DЕC. АDЕ екенін дәлелдеңіз.
Бұл тапсырманы ешу үшін оқушылар алдымен DЕС теңдігінен теңдігі шығатынын көрсетеді. Кейін сыбайлас бұрыштардың қасиетін пайдаланып, екенін дәлелдейді. Ары қарай тең элементтері мен ортақ АЕ қабырғасын көрсете отырып, бірінші белгі бойынша АDЕ үшбұрыштардың теңдігін көрсетеді.
Рефлексия кезеңінде мұғалім оқушылардың қиналған тұстарын назар аудару керек. Бұл келесі сабақты жоспарлауға, тапсырмаларды таңдауға және жеке жұмыс жүргізуге көмегін тигізеді.
Үй тапсырмасы үшбұрыш теңдігінің белгілерін бекітуге және теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттерін қайталауға көмектеседі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?