Үшбұрыштар теңдігінің белгілері. Геометрия, 7 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.3А Үшбұрыштар

Мектеп: Көкшетау қаласындағы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Усманова Людмила Николаевна

Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

7-сынып геометрия курсын қайталау.

Үшбұрыштар теңдігінің белгілері

Сабақтың түрі

Өтілген материалды қайталау, жүйелеу және жалпылау сабағы

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу

бағдарламасына сілтеме)

7.3.3.4

үшбұрыштың теңдік белгілерін есептер шығару мен дәлелдеулерде қолдану

Сабақтың мақсаты

- үшбұрыш теңдігінің белгілерін қайталау;

- үшбұрыш теңдігінің белгілерін қолданып есептер шығару.

Бағалау критерийлері

- үшбұрыш теңдігінің белгілерін біледі;

- фигуралардың тең элементтерін таниды және сәйкесінше үшбұрыш теңдігінің белгісін анықтайды;

- үшбұыш теңдігінің белгілерін есептер шығаруда қолданады.

 Тілдік мақсат

 

Оқушылар:

- бөлімнің түсініктері мен терминдеріне сүйенеді;

- үшбұрыш теңдігінің белгілерін тұжырымдайды;

- есептің берілгені бойынша сызбаны салуды сипаттайды;

- берілген сызбаны сипаттайды.

Пәндік лексика және терминология:

- қабырғаларының арасындағы бұрыш;

- іргелес бұрыш;

- қарсы бұрыш;

- қасиет, белгі.

Диалог пен жазылымға қажетті тіркестері:

- үшбұрыштар беттестіргенде бір-біріне сәйкес келсе, онда … ;

- үшбұрыштар … белгісі бойынша тең;

- үшбұрыштардың теңдігінен … шығады;

- үшбұрыштар тең болғандықтан, сәйкесінше … тең;

- екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрышы бойынша … ;

- АВС үшбұрышының АВ және ВС екі қабырғасы сәйкесінше... тең;

- Егер АВС үшбұрышының АВ қабырғасы мен оған іргелес жатқан А және В бұрыштары сәйкесінше …тең болса, онда … .

- үшбұрыштың қабырғасына іргелес жатқан бұрыштарды анықтаңыз;

- табанындағы бұрыштары … ;

Құндылықтарды дарыту

Өздігінен оқу, ақпаратты өздігінен іздеу, жағдайды талдау, жаңа жағдайға бейімделу, мәселе қойып, оны шешу, топта жұмыстану, өзгелердің ойларын сыйлау.

Құндылықтарды дарыту сабақтың мазмұнындағы мына іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады:

  • Жеке жұмыс
  • Жұппен жұмыс

Пәнаралық байланыс

Геометрия және өнер

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Үшбұрыш. Үшбұрыш түрлері.Үшбұрыштың теңдік белгілері.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

Сабақтың басында:

- оқушылардың назарын сабаққа аудару;

- оқушылармен біріге отырып сабақтың мақсатын/оқу мақсатын анықтау;

- сабақтың соңында оқушылардан күтілетін нәтижелерді анықтау.

Презентация

1-4 слайдтар

Сабақтың ортасы

4 мин

3 мин

3 мин

3 мин

3 мин

3 мин

10 мин

3 мин

2 мин

7-сынып геометрия курсының негізгі ұғымдарын қайталау.

Жазықтықтағы қарапайым фигуралар:

Мұғалім оқушыларға жазықтықтағы негізгі фигураларды (нүкте, түзу) және олар арқылы құрастырылатын қарапайым фигураларды (бұрыш, кесінді, жартытүзу, үшбұрыш және әртүрлі көпбұрыштарды) ескі түсіруді ұсынады. Оқушылар еске түсіреді және анықтамаларды айтады, тақтада сызбаларын салады, фигуралардың белгіленуіне назар аударады.

  • Білімді жаңғырту

Мұғалімнің кіріспе сөзі: «Өткен жылы біз ежелгі және қызықты ғылым геометрияны оқып бастадық. Сабақта әртүрлі геометриялық фигуралармен, олардың қасиеттерімен, белгілерімен таныстық. Үлкен қызығушылық туғызатын фигуралардың бірі - «ҮШБҰРЫШ». Мысалы, слайдта ою-өрнектегі үшбұрыштарды көруге болады. Біздің бүгінгі сабағымыс осы үшбұрышқа, дәлірек айтсақ, оның теңдігінің белгілеріне арналады».

Оқушылар үшбұрыш теңдіктерін еске түсіріп, ауызша айтып шығады.

  • Үшбұрыштардың теңдігінің белгілерін білуге арналған тапсырмалар
  • Үшбұрыштың теңдігінің белгілері бойынша «Лото» ойынын өткізу (жұппен).

Жұмысты орындауға 4 минут уақыт беріледі. Әрбір жұпта екі түрлі карточка болады: үшбұрыштар және белгілерінің нөмірлері. Әрбір суретке сай келетін белгінің нөмірін сәйкестендіру керек. Жұмыс аяқталған соң жұпта өзара бағалау жүргізеді.

Өзара бағалау

Бағалау критерийлері:

- үшбұрыштар теңдігінің бірінші белгісін сурет бойынша ажыратады;

- үшбұрыштар теңдігінің екінші белгісін сурет бойынша ажыратады;

- үшбұрыштар теңдігінің үшінші белгісін сурет бойынша ажыратады;

- тең элементтері жетіспейтін үшбұрыштарды сурет бойынша ажыратады.

  • Әртүрлі нұсқада берілген өзара тексеруге арналған математикалық диктант (жеке жұмыс).

Тапсырма: сұрақты мұқият тыңдап, егер тұжырым дұрыс деп ойласаңыз «ИЯ» деп, егер тұжырым дұрыс емес деп ойласаңыз «ЖОҚ» деп жауап беріңіз.

Жұмыстың орындалуына 3 минут уақыт беріледі. Кейін оқушылар жұмыстарымен алмасып, өзара тексеру жүргізеді. Әрбір нұсқаға арналған дұрыс жауаптар слайдта көрсетіледі.

1-нұсқа.

1. Егер үшбұрыштар тең болса, бірінші үшбұрыштың әрбір бұрышы екінші үшбұрыштың әрбір бұрышына тең болады ма? (жоқ)

2. Егер екі үшбұрыш тең болса, онда бірінші үшбұрыштың әрбір қабырғасына екінші үшбұрыштан тең қабырға табуға болады ма? (ия)

3. Егер бір үшбұрыштың бір қабырғасы мен бұрышы сәйкесінше екінші үшбұрыштың бір қабырғасы мен бұрышына тең болса, онда екі үшбұрыш тең болады ма? (жоқ)

4. Егер бір үшбұрыштың үш қабырғасы сәйкесінше екінші үшбұрыштың үш қабырғасына тең болса, онда бұл үшбұрыштар тең болады ма? (ия)

5.Егер бір үшбұрыштың екі бұрышы сәйкесінше екінші үшбұрыштың екі бұрышына тең болса, онда бұл үшбұрыштар тең болады ма? (жоқ)

2-нұсқа.

1. Егер екі үшбұрыш тең болса, онда бірінші үшбұрыштың әрбір қабырғасы екінші үшбұрыштың әрбір қабырғасына тең болады ма? (жоқ)

2. Егер екі үшбұрыш тең болса, онда бірінші үшбұрыштың әрбір бұрышына екінші үшбұрыштан тең бұрыш табуға болады ма? (ия)

3. Егер бір үшбұрыштың бір қабырғасы мен екі бұрышы сәйкесінше екінші үшбұрыштың бір қабырғасы мен екі бұрышына тең болса, онда екі үшбұрыш тең болады ма? (жоқ)

4. Егер бір үшбұрыштың үш бұрышы сәйкесінше екінші үшбұрыштың үш бұрышына тең болса, онда бұл үшбұрыштар тең болады ма (жоқ)

5. Егер бір үшбұрыштың екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрышы сәйкесінше екінші үшбұрыштың екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрышына тең болса, онда бұл үшбұрыштар тең болады ма? (ия)

Өзара бағалау

Бағалау критерийлері:

- Үшбұрыш теңдігінің сипаттамаларын біле отырып, дұрыс тұжырымды анықтайды;

- Үшбұрыш теңдігінің сипаттамаларын біле отырып, дұрыс емес тұжырымды анықтайды;

Мұғалім: Үшбұрыш теңдігінің белгілерін не үшін білуіміз керек, оларды тағы қайда қолдануға болатынын қарстырайық.

ІІІ. Үшбұрыштардың теңдігінің белгілерін қолдануға арналған тапсырмалар

Жеке жұмыс

Мұғалім: Өздеріңіз деңгейді таңдай отырып, екі есепті шығарыңыз. (А – қарапайым деңгей, В – орташа деңгей, С – жоғары деңгей).

Өзін-өзі бағалау

Оқушылар дайын үлгі арқылы өзін-өзі тексереді.

Тапсырма бойынша рефлексия

Бұл іс-әрекет түрі өзіндік талдау жүргізу мен білімнің деңгейін шынайы бағалауға ықпал етеді.

Қосымша тапсырма (алдыңғы тапсырманы уақытынан бұрын бітірген оқушылар үшін)

Тапсырма. Төменде берілген суретте, DЕC. АDЕ екенін дәлелдеңіз.

5 слайд

http://festival.1september.ru/articles/614968/

6 слайд

Қосымша 1

7 слайд

Қосымша 2

Қосымша 3

Қосымша 4

Сабақтың соңы

3 мин

Үй тапсырмасы:

ADC және BCD теңбүйірлі үшбұрыштарының ортақ табаны DC. АВ түзуі CD кесіндісін О нүктесінде қияды:

а)

б) DО = ОС екенін дәлелдеңіз.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- не білдің, не үйрендің

- не түсініксіз болып қалды

- немен жұмыстану керек

Геометрия, 7-9 классы, авт: Л.С. Атанасян, В.Э. Бутузов и др.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жеке тапсырма орындағанда саралау жүргізіледі

Сабақ бойы өзара бағалау мен өзін-өзі бағалау жүргізіледі

Сергіту сәті

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу