Көпбұрыштың ауданы. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар№95-97
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бөлім. 8.3В Аудан | Мектеп: ХББ НЗМ Петропавл қаласы | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Коспанов Серуенбек | |||||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақ тақырыбы | Көпбұрыштың ауданы. | |||||||||
Оқыту мақсаты | 8.3.3.8. Көпбұрыштың ауданы ұғымын және оның қасиеттерін біледі | |||||||||
Сабақ мақсаты | -көпбұрыштың ауданы ұғымын біледі -көпбұрыш ауданының қасиеттерін біледі | |||||||||
Бағалау критерийлері | - көпбұрыш ауданының қасиеттерін есептер шығаруда қолдана алады | |||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Оқушылар қажетті терминдерді қолданып тұжырымдар жасайды, ережелерді қорытады.Пәнге тән лексика мен терминология: - шама, өлшем бірлігі; - ауданы, ұзындығы, ені; - периметр, жарты периметр; - жай фигура, жазық фигура; - тең шамалас, тең құрамдас,тең фигуралар; - көпбұрыш ауданы; - үшбұрыш ауданы; - төртбұрыш ауданы; - параллелограмм ауданы; - квадрат ауданы; - тіктөртбұрыш ауданы; - ромб ауданы; - трапеция ауданы; - Герон формуласы. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: -тең құрамды фигуралар деп ... -тең шамалы фигуралар деп ... -бірдей бөліктерден құрылған ... -аудандары тең жазық фигуралар ... -үшбұрыш/квадрат/тіктөртбұрыш/параллелограмм /ромб/трапецияның ауданын анықтау үшін ... қажет - үшбұрыш ауданын есептеу үшін ... қажет - ...формуланы қолдану үшін ..... қажет. - егер квадраттың қабырғасын k есе қысқартса, онда ауданы … . | |||||||||
Құндылықтарды дарыту (Жаһандық азаматтықтың негізгі элементтері | Математикалық тілде сөйлеу, топта жұмыс жасау, талдау және салыстыра білу дағдыларын қалыптастыру. *Ж.А білу және түсіну: тұрақты даму, әлеуметтік әділеттілік және теңдік *Ж.А құндылықтары: әлемдегі және қоршаған ортадағы жағдайларды жақсартуға белсенді қатысуға шешім қабылдау *Ж.А.дағдылары: өзінің айналасындағыларға ашық, әділ қарым –қатынас және олардың құқықтарын құрметтеу | |||||||||
Пәнаралық байланыстар |
| |||||||||
Негізгі дағдылар | АКТ қолдану дағдылары: Интерактивті тақта мүмкіндіктерін қолдану, интернет ресурстар Ойлау дағдылары: «Постер» әдісін қолдана отырып жаңа сабаққа баулу, «Кластер» әдісін қолдану арқылы білімді бекіту | |||||||||
Бастапқы білім | Қарапайым геометриялық фигураларды біледі, ұзындығы, ені, периметрі, аудан | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 3 мин 10 мин 7мин | 1.Ұйымдастыру Сабақ басында оқушылардың зейінін шоғырландыруға көңіл бөлу қажет. Өткен тарауды еске түсіру: Сабақтың мақсатын оқушылармен бірге анықтау. «Постер» құру: Оқушыларды 3 топқа бөлу. Әрбір топқа аудан туралы барлық ақпараттарды өздері жазатын (салатын) постерде көрсетуін ұсыныңыз. Мысалы: Оқушылар өздерінің плакаттарын көрсетіп болғаннан соң, ақпараттарды жалпылап, оларды көмекші болатын бірыңғай мәнмәтінге біріктіру қажет. 1)Аудан ұғымын беру. Аудан деп геометриялық фигуралардың өлшемін сипаттайтын шаманы айтады. Геометриялық фигуралардың ауданын табу – көне практикалық есептердің бірі. Оны шешудің дұрыс жолы бірден табылған жоқ. Ежелгі вавилондықтар кез-келген төртбұрыштың ауданы қарама-қарсы қабырғаларының жарты қосындыларының көбейтіндісіне тең деп жобалаған. Ал ежелгі гректер көпбұрыштардың аудандарын дұрыс таба білген. Аудан – бұл фигураның ішкі беті. Ол өзінің бетіне сыятын бірліктердің санымен өлшенеді. 2) Көпбұрыштың ауданы ұғымы Көпбұрыштың ауданы деп жазықтықтың көпбұрыш алатын бөлігінінің шамасы деп ұғамыз. Ауданның өлшем бірлігі ретінде қабырғасы кесінділердің өлшем бірлігіне тең шаршы алынады. Айталық, кесінділердің өлшем бірлігіне сантиметр алынса, ал ауданның өлшем бірлігіне қабырғасына 1см-ге тең шаршы алынады (см2) Ауданның тағы қандай өлшем бірліктерін білесіңдер? м2, мм2 ар(сотка) - 100м2 , га (гектар) – 10000м2 тағы басқа. Ауданның таңдап алынған өлшем бірлігіне сәйкес әрбір көпбұрыштың ауданы оң санмен өрнектеледі. Бұл сан берілген көпбұрышқа өлшем бірлігінің және оның бөліктерінің қанша рет салынғанын көрсетеді Көпбұрыштың ауданын есептеу көпбұрышқа қатысты кесінділерді ғана өлшеп алып белгілі формула бойынша ауданды өлшейді. Бұл формулаларды қорытып шығару ауданның келесі қасиеттеріне негізделген: 1. Тең көпбұрыштардың аудандары да тең болады. 2 .Егер көпбұрыш бірнеше көпбұрыштардан құралса, онда оның ауданы осы көпбұрыштардың аудандарының қосындысына тең болады.
3.Квадраттың ауданы оның бір қабырғасының квадратына тең. S=a2 Тіктөртбұрыштың ауданы Теорема: Төртбұрыштың ауданы оның сыбайлас қабырғаларының көбейтіндісіне тең. S=ab мұндағы a, b сыбайлас қабырғалары.
Аудан, бірлік квадрат, көпбұрыштың ауданының қасиеттерін бейне роликтен көрсету. Оқушылардың назарын аудандардың қасиеттеріне аударыңыз. 1) Тең фигуралардың аудандары тең болады 2) Егер фигура қарапайым фигураларға бөлінетін болса, онда осы фигураның ауданы бөліктердің аудандарының қосындысына тең. 3) Қабырғалары бірлік өлшемдерге тең квадраттың ауданы бірге тең. | https://bilimland.kz/kk#lesson=10090 https://bilimland.kz/kk/content/structure/851-math#lesson=10090 | ||||||||
Сабақтың ортасы 15 мин
| Білімдерін тапсырмалар орындау арқылы бекіту.
15.Бір қабырғасы екінші қабырғасынан екі есе ұзын болатын тіктөртбұрыш салыңыз. Көрсетіңіз: а) Тік бұрышты үшбұрыш құрастыру үшін оны қандай екі бөлікке бөлу керек? б) Шаршы құрастыру үшін оны қандай үш бөлікке бөлу керек? «Кластер» әдісін қолдану арқылы білімді бекіту: Кластер (ағылш. cluster) — белгілі өз сипаттары бар, дербес бірлік деп саналатын, бірнеше біртектес даналарды бір топқа бірлестіруі. Оқушылар «Көпбұрыштың ауданы» тақырыбы бойынша алған білімдерін кластерде топпен бейнелейді, маңыздылығын айқындайды, өзара байланысын анықтайды, салыстырып талдайды, өз ойларын қорытындылауға тырысады. | |||||||||
Сабақ соңы 5мин | Кері байланыс Сабақтың мақсатына жеттім деп ойлайсыңдар ма? Қандай қиындықтар туындады? Қай мәселені шешу үшін көмек керек? | |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Оқушыларды іс-әрекет барысынды бақылау | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз . Жеке жұмыс. Өзін-өзі бағалау. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары Тренинг | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
ӘБ жетекшісі: Валеева М.Б.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды