Геометрияның салу есептері. Геометрия, 7 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.4В бөлім: Шеңбер. Геометриялық салулар

Мектеп: НЗМ Талдықорған

Күні: 240419

Мұғалімнің аты-жөні: Какен Мерей

Сынып: 7C(2)

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Геометрияның салу есептері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.2.23

циркуль мен сызғыштың көмегімен берілген бұрышқа тең бұрышты, бұрыштың биссектрисасын, кесіндіні қақ бөлуді, берілген түзуге перпендикуляр түзу жүргізуді сала алады;

7.3.2.24

берілген элементтері бойынша үшбұрыштар сала алады

 Сабақ мақсаттары

Циркуль мен сызғыштың көмегімен үшбұрыштар мен оның элементтерін салуды үйрену

Жетістік критерийлері

Салу есебі:

Бұрыш салады

Бұрыштың биссектрисасын салады

Кесіндінің ортасын салады

Орта перпендикулярды салады

Үшбұрышты салдады

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

- нүктелердің геометриялық орны;

- сектор, сегмент;

- хорда, қиюшы;

- шеңбердің доғасы, оның бұрыштық шамасы;

- шеңберге жанама, жанасу нүктесі;

- центрлік бұрыш, центрлік бұрыштың градустық өлшемі;

- жанасқан (қиылысатын) шеңберлер;

- үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер, шеңберге іштей сызылған үшбұрыш;

- үшбұрышқа іштей сызылған шеңбер.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

нүкте шеңбердің ... (бойында, ішінде, сыртында ) жатыр;

- шеңбер доғасының бұрыштық шамасы ... тең;

- түзу және шеңбердің ортақ нүктелері ... (бар, жоқ);

- үшбұрыштың биссектрисаларының қиылысу нүктесі ... шеңбердің центрі;

- үшбұрыштың орта перпендикулярларының қиылысу нүктесі ... шеңбердің центрі;

- центрлік бұрыштың шамасы ... анықталады;

- егер шеңберің екі центрлік бұрыштары тең болса, онда ...;

- егер шеңбердің диаметрі хорданы тең екі бөлікке бөлсе, онда ...;

- егер шеңбердің диаметрі хордаға перпендикуляр болса, онда ...;

- егер шеңбердің центрінен түзуге дейінгі арақашықтық шеңбердің радиусынан ... (үлкен, кіші) болса, онда ...;

- центрлік бұрыш ... доғасына тіреледі;

- центрлік бұрыш ... доғасын кереді.

Құндылықтарды дарыту

 

 

Оқи алу, өз бетімен ақпаратты алу, жағдайды талдау, жаңа жағдайға бейімделу, мәселені қою және шешім қабылдау, өзінің және өз тобының жұмысының сапасына жауап бере алу, өз уақытын ұйымдастыра алу, сабақтарда түрлі мәдениет пен пікірлерге құрметпен қарауды тәрбиелеу біліктілігі.

Құндылықтарды дарыту сабақта іс-әрекеттің барлық кезеңдерінде жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыстар

АКТ қолдану дағдылары

- bilimland.kz бейнероликтер

Бастапқы білім

Нүктеден түзуге дейін ара-қашықтықты таба білу. Биссектриса мен орта перпендикуляр түсініктерін нүктелердің геометриялық орны ретінде білу, оларды транспортир мен бұрыштық көмегімен сала білу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

6 минут

6 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиалық ахуал қалыптастыру

Сиқырлы қорапша әдісі арқылы үй жұмысы және жаңа тақырыпқа дайындығы тексеріледі.

Оқушыларға bilimland.kz сайтынан салу есептеріне қатысыты бейнероликтер көрсету.

Слайд

Сабақтың ортасы

 10 минут

2 минут

8 минут

Жеке жұмыс:

1. Кез-келген сүйір,тік және доғал бұрыш салып сонан кейін оларға тең бұрыштарды салыңдар.

Дескрипторлар:

Бағалау критерийлері:

Дескриптор

Ешқандай транспортирдың және сызғыштың көмегінсіз тек циркуль мен өлшемі жоқ сызғышты пайдаланып сызады.

Сүйір бұрышқа тең бұрышты салады.

Тік бұрышқа тең бұрышты салады.

Доғал бұрышқа тең бұрышты салады.

2. Кез-келген сүйір,тік және доғал бұрыш салып сонан кейін оларға биссектриса жүргізіңдер.

Дескрипторлар:

Бағалау критерийлері:

Дескриптор

Ешқандай транспортирдың және сызғыштың көмегінсіз тек циркуль мен өлшемі жоқ сызғышты пайдаланып сызады.

Сүйір бұрышқа биссектриса салады.

Тік бұрышқа биссектриса салады.

Доғал бұрышқа биссектриса салады.

3. AB кесіндісі берілсін.

Берілген кесіндіні қақ бөлу керек немесе О ортасын салу керек.

Бағалау критерийлері:

Дескриптор

Ешқандай транспортирдың және сызғыштың көмегінсіз тек циркуль мен өлшемі жоқ сызғышты пайдаланып сызады.

Циркульмен центрлері А және В, ал радиустары АВ болатын шеңбер салады

Екі шеңбердің қиылысу нүктелерін P және Q деп белгілейді. Қарындаш пен сызғышты пайдаланып PQ кесіндісін салады.

Кесіндінің орта нүктесін табады.

Сергіту сәті:

Оқушылар өткен тақырыптағы y=x, y= -x, y=x2, y=-x2 y=x3, y=-x3, y=|x|, y=-|x| функцияларының графиктеріне қатысты математиктер биін билейді.

Топтық жұмыс:

Шеткері жерге орналасқан үш үйге су қажеттілігі себебінен оларға бірлесіп бір құдық қазу керек болды, бірақ олар құдықты қайсы жерден қазарын білмеді, себебі үш үйге бірдей арақашықтықта орналасқан құдық керек еді, сендер осы мәселені қалай шешесіңдер?

1-топ:

Сүйір бұрышты үшбұрыш түрінде орналасқан үш үйге құдық орнын белгілеп беру керек.

2-топ:

Тік бұрышты үшбұрыш түрінде орналасқан үш үйге құдық орнын белгілеп беру керек.

3-топ

Доғал бұрышты үшбұрыш түрінде орналасқан үш үйге құдық орнын белгілеп беру керек.

bilimland.kz

постер

маркер

сызғыш, циркуль

Сабақтың соңы

2 минут

Сабақ соңында оқушылар табыс баспалдағын қолданып рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Үй жұмысы

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу