Үшбұрыштардың бұрыштарының қосындысына есептер шығару. Геометрия, 7 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Келісілді

«Математика» ӘБ жетекшісі

Даулетов К.С.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3С бөлім. Түзулердің параллельдігі

Мектеп: Ақтау қаласындағы ХББ НЗМ

Күні: 2.03.2020

Мұғалімнің аты-жөні: Арыкбаева А.А.

Сынып: 7А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Үшбұрыштардың бұрыштарының қосындысына есептер шығару.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.3.3.7 үшбұрыш бұрыштарының қосындысы туралы теореманы және одан шығатын салдарларды қолданып, есептеуге және дәлелдеуге берілген есептерді шығарады;

7.2.4.1

Әр түрлі материалдарды, техникаларды және құрлымдар түрлерін қолдана отырып, шығармашылық жұмысты (бейне, бұйым, нысан) орындау

Сабақ мақсаттары

-Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теорема мен оның салдарын пайдаланып есептер шығара білу.

-Дайын схемаларды қолдана отырып, бұйым жасау.

Бағалау критерийлері

-Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теорема мен оның салдарын пайдаланып есептер шығара алады.

-Дайын схемаларды қолдана отырып, бұйым жасай алады.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология

- параллель, қиылысатын, перпендикуляр түзулер;

- қиюшы;

- ішкі айқыш бұрыштар, ішкі тұстас бұрыштар, сәйкес бұрыштар;

- үшбұрыштың сыртқы бұрышы;

- үшбұрыш теңсіздігі;

- перпендикуляр, көлбеу, проекция.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- екі параллель түзулерді қиюшы арқылы қиғанда ... пайда болады;

- егер ішкі айқыш бұрыштар ... ;

- егер ішкі тұстас бұрыштардың қосындысы ... ;

- егер сәйкес бұрыштар ... ;

- берілген бұрыш үшбұрыштың ... төбесіндегі сыртқы бұрышы болып табылады, өйткені ... ;

- үшбұрыштың берілген бұрышы ... қарсы жатқандықтан, үшбұрыштың ең үлкен бұрышы болады;

- үшбұрыштың сыртқы бұрышы өзімен сыбайлас емес ... қосындысына тең болады;

- үшбұрыштың сүйір бұрыштарының қосындысы ...;

- 300 - тық бұрышқа қарсы жатқан катетті табу үшін ... ;

- үшінші түзуге перпендикуляр екі түзу ... ;

- ... перпендикулярын ... түсіреміз.

Құндылықтарды

 дарыту

Академиялық шыншылдық

Топтық, өзіндік бағалау кезінде, тапсырмаларды орындау барысында оқушы оқуға адал болу.

Жалпыұлттық "Мәңгілік ел" идеясы

Оқушылардың ғылым білімді игеруде қызығушылықтарының арттыруы және Қазақстанның интеллектуалдық әлеуетін көтеруге бағыттау.

Пәнаралық байланыстар

Әртүрлі есептеулер үшін қажетті түсініктер қарастыру арқылы физика пәнімен байланысады.

Сызбаларды қиып, одан бұйымдар жасау арқылы өнер пәнімен байланысады.

АКТ қолдану дағдылары

Тапсырмалар орындау кезінде Onlinetimer арқылы уақыт қою.

Бастапқы білім

7 сынып. Математика. Параллель түзулерді үшінші түзумен қиған кездегі бұрыштардың қасиеттері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

1. Сыныпты ұйымдастыру.

Оқушылармен сәлемдесу. Сынып тазалығына назар аудару. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2. Оқушылармен диалог орнату арқылы алдында өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қойып жауап алу.

  • Сыбайлас бұрыштар дегеніміз не?
  • Вертикаль бұрыштар дегеніміз не?
  • Үшбұрыштың биссектрисасы дегеніміз не?
  • Үшбұрыштың медианасы, биіктігі дегеніміз не?
  • Өткен сабақта қандай тақырып өттік?

3. Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлерімен мұғалім таныстырады.

Презентация 1-4

Сабақтың ортасы

6-7 минут

8-25 минут

26-38 минут

39-44 минут

Миға шабуыл.

Мұғалімнің түсіндірмесі:

- Оқушылар біздің әлемге қауіп төнуде! Тылсым күштер келіп, біздің әлемнің тірегі болып табылатын үш тасты: аквамарин, рубин және изумрудты олар өзінің сиқырлы күшін жоғалтатындай етіп сынықтарға бөліп тастапты. Әлемді құтқару үшін бізге сендердің көмектерің қажет: тастардың сынықтарын алу үшін тапсырмаларды орындап, осы тастарды қалпына келтіруге көмектесіңіздер!

Жұптық жұмыс: Шығармашылық тапсырмалар

Оқушылар кезектесіп тапсырмаларды орындайды және фигураларды құрастырады

Тапсырмалар:

  • а) Теңбүйірлі үшбұрыштың бір бұрышы 98 . Оның басқа екі бұрышын тап.

б)

Дескриптор :

-үшбұрыштардың қасиетін қолданады;

-теңдеу құрады;

-үшбұрыштың белгісіз бұрыштарын табады.

  • а) Үшбұрыштың бұрыштарының қатынасы 1:2:3. Оның ең кіші бұрышын табыңдар.

б)

Дескриптор :

-үшбұрыштардың қасиетін қолданады;

- теңдеу құрады;

-үшбұрыштың белгісіз бұрыштарын табады

Фигуралар:

Дескриптор :

- схемаларды жуан сызық бойымен қияды;

- қиындыны үзік сызықтар бойымен майыстырады;

- арнайы жасалған артық жолақтарға желім жағады;

- фигураны құрастырады.

Кері байланыс беру арқылы бағалау

Жеке жұмыс

Оқушылар сендердің еліміздің президенті сыйға тартқан бриллиантты ұтып алудың керемет мүмкіндіктерің бар! Осы тапсырмаларды орындап бриллиантты сынықтарынан құрастырып алайық!

Тест.

1) Үшбұрыштың екі бұрышы 43° және 65°. Үшінші бұрышын тап.

Жауап: 1) 102°; 2) 72°; 3) 78°; 4) 108°.

2) Үшбұрыштың екі бұрышының қосындысы 1000. Үшінші бұрышының сыртқы бұрышын табыңдар.

Жауап: 1) 100°; 2) 80°; 3) 50°; 4) 40°.

3) Теңбүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрыштардың бірі 25°. Төбесіндегі бұрышты тап.

Жауап: 1) 25°; 2) 130°; 3) 150°; 4) 55°.

4) Үшбұрыштың бір төбесі мен оған қарсы жатқан қабырғасының тең ортасын қосатын кесіндіні үшбұрыштың ... деп атайды.

Жауап: 1) биіктігі; 2) биссектрисасы; 3) медианасы.

5) Үшбұрыштың бұрыштарының қатынасы 2:3:4 қатынасындай. Үшбұрыш бұрыштарын тап.

Жауап: 1) 40°, 600 және 80°; 2) 40°, 500 және 90°; 3) 30°, 700 және 80°; 4) 50°, 700 және 90°.

6) Теңбүйірлі үшбұрыштың төбесінің сыртқы бұрышы 114°. Табанындағы бір бұрышының сыртқы бұрышын тап.

Жауап. 1) 57°; 2) 66°; 3) 24°; 4) 123°.

Жұмыс код арқылы тексеріледі

Тестті тексеру коды: 212314.

Дескриптор :

- схемаларды жуан сызық бойымен қияды;

- қиындыны үзік сызықтар бойымен майыстырады;

- арнайы жасалған артық жолақтарға желім жағады;

- фигураны құрастырады.

Оқушылар бірін-бірі "бас бармақ" әдісі арқылы бағалайды.

Қорытынды

"Тазалық" әдісі бойынша сабақ бойынша әр оқушы қорытындысын айтады.

Кері байланыс беру арқылы бағалау

Таратпа материалдар

Сабақтың соңы

43-45 минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Төмендегі 4 бөлім бойынша өзіңді баспалдаққа орналастыр. Төменгі саты: нашар, жоғарғы саты: өте жақсы.

Таратпа материалдар

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында қабілеті жоғары оқушылар жұптық жұмыста басқа оқушыларға көмек беріледі. Үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жүреді және кері байланыс орын алады.

Сабақ барысында оқушыларға бірдей тапсырмалар беріледі. Әрбір оқушыға жеке кері байланыс жүргізу барысында деңгейлері анықталады. Дейгейіне сай тапсырмалар орын алады

Сынып бөлмесін сабақтан бұрын желдету. Сыныптағы орындық парталардың түзу туруына назар аудару.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу