Үшбұрыш және оның түрлері. Геометрия, 7 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар № 1

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

7.3А Үшбұрыштар (15 сағ)

Мектеп: NIS Petropavl

Күні:

Мұғалім аты-жөні:

Сынып:

Келген оқушылар саны:

Жоқ оқушылар:

Сабақтың тақырыбы

Үшбұрыш және оның түрлері.

Оқу мақсаттары

7.3.1.5 үшбұрыштың анықтамасын біледі, оның түрлерін ажыратады

 Сабақ мақсаты

Оқушылар үшбұрыштың анықтамасын біледі және оның түрлерін ажырата алады

 Бағалау критерийлері

Оқушы мақсатына жетті, егер:

Дағдылар

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

-Үшбұрыштың анықтамасын біледі;

-үшбұрыштар түрлерін ажырата алады;

-оның компоненттерін көрсете алады.

Синтез

Суретке қарап үшбұрыш түрлерін ажырата отырып қорытынды жасай біледі

Тілдік мақсаттар

 

  • Triangle-үшбұрыш
  • Scalene triangle - әр қабырғалы үшбұрыш
  • Isosceles triangle - тең бүйірлі үшбұрыш
  • Equilteral triangle - тең қабырғалы үшбұрыш
  • Acute triangle - сүйір бұрышты үшбұрыш
  • Obtuse triangle - доғал бұрышты үшбұрыш
  • Right triangle - тік бұрышты үшбұрыш

Құндылықтарды тәрбиелеу

  • Сана-сезім
  • Құрмет, ынтымақтастық, ашықтық
  • Жұмыс және шығармашылық, өмір бойы оқыту.

 Пәнаралық байланыс

сызу

 Негізгі дағдылары

АКТ қолдану дағдылары:  

Интерактивті тақта мүмкіндіктерін қолдану.

Коммуникативті дағдылары:  

Оқушылар сынып ішінде үшбұрыштардың қандай түрлері бар екенін талқылайды.

Ыстық орындық әдісі: үшбұрыштарға қатысты сұрақтар

 Алдын-ала білімдері

Нүкте, түзу, кесінді, бұрыш

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-3 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Сабақ тақырыбын айтып, сабақ мақсаттарын анықтау.

Слайд 1-2

Сабақтың ортасы

4-10 мин

11-20 мин

21-23 мин

24-33 мин

34-37 мин

Жаңа сабақ:

Жұптық жұмыс. Әр жұп анықтама құрып, айтады.

Үшбұрыштың анықтамасына келу үшін келесі тапсырманы орындауға ұсынамыз.

  • Бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктені белгілеңдер, оларды тізбектеп үш кесіндімен қосыңдар.
  • Қандай фигура пайда болды?( үшбұрыш)
  • Осы фигураға кім анықтама бере алады? Анықтаманы құру үшін 1) пункті пайдаланыңдар.

Анықтама: бір түзудің бойында жатпайтын үш нүкте мен осы нүктелерді қосатын үш кесіндіден және сол кесінділермен шектелген жазықтықтың бөлігінен тұратын фигураны үшбұрыш деп атайды.

  • Пайда болған үшбұрыштың элементтерін атап шығыңдар.

Үшбұрыштың элементтері: А,В,С- төбелері, АВ,ВС,СА кесінділері – қабырғалары, АВС, АВ мен ВС қабырғаларының арасындағы бұрыш,

ВСА, ВС мен СА қабырғаларының арасындағы бұрыш, САВ, СА мен АВ қабырғаларының арасындағы бұрыш.

Топтық жұмыс (постер жасау)

Топтық тапсырма (оқулықпен жұмыс, топтарға фломастерлер мен А3 форматты қағаз таратылады)

1-топ: Үшбұрыштардың қабырғасына байланысты түрлері: оның анықтамасы, бейнеленуі(суреті).

2-топ: Үшбұрыштардың бұрышына байланысты түрлері: оның анықтамасы, бейнеленуі(суреті).

Оқушылар топ ішінде үшбұрыштардың қандай түрлері бар екенін талқылайды.

  • Сендердің ойынша үшбұрыштар қабырғаларына байланысты қандай түрлері бар?
  • Сендердің ойынша үшбұрыштардың бұрыштарына байланысты қандай түрлері бар?
  • Үшбұрыштар жалпы екі түрге бөлінеді.

А)Үшбұрыш қабырғаларының ұзындықтарына байланысты –үш топқа бөлінеді.

Ә) үшбұрыш бұрыштарының шамаларына байланысты – үш топқа бөлінеді.

1 топ Үшбұрыш қабырғаларының ұзындықтарына байланысты –үш топқа бөлінеді.

1. қабырғаларының ұзындықтары әр түрлі болатын әр түрлі қабырғалы үшбұрыш;

2. екі қабырғасы тең болатын теңбүйірлі үшбұрыш (өзара тең екі қабырғасы оның бүйір қабырғалары, ал үшіншісі – табаны деп аталады).

3. үш қабырғасы тең болатын теңқабырғалы үшбұрыш деп аталады.

2 топ үшбұрыш бұрыштарының шамаларына байланысты – үш топқа бөлінеді.

1. үш бұрышы да сүйір болатын сүйір бұрышты үшбұрыш.

2. Бір бұрышы доғал болатын доғал бұрышты үшбұрыш.

3. Бір бұрышы тік болатын тік бұрышты үшбұрыш. Тік бұрышты үшбұрыштың тік бұрыш жасап тұрған қабырғалары оның катеттері грек.- «тік төмен» деп, ал оған қарсы жатқан қабырғасы гипотенузасы грек –«бір нәрсенің ұштарына керілген» деп аталады.

  • Үшбұрыштың барлық қабырғаларының қосындысы- үшбұрыштың периметрі деп аталады

.

  • Егер екі кесіндінің ұзындықтары тең болса тең кесінділер, екі бұрыштың градустық шамалары тең болса тең бұрыштар деп аталатынын білеміз, ал егер екі үшбұрыштың сәйкес қабырғалары мен сәйкес бұрыштары тең болса онда мұндай үшбұрыштар тең үшбұрыштар деп аталады.

Білім бекіту:

Кестені толтыру. Кестеге сәйкес сызбаны және анықтаманы қойыңдар.

Жұптық жұмыс.

“Шешуші сәт” (сематикалық карта)

а

в

с

р

Үшбұрыштың түрлері

1

2см

3 см

7 см

?

?

2

3 см

3 см

3 см

?

?

3

6 см

6 см

2 см

?

?

4

?

?

?

12 см

Тең қабырғалы

5

3 см

?

?

11 см

Тең бүйірлі

6

3 см

4 см

?

10 см

?

Есептер шығару (сыныппен жұмыс)

(Ауызша)

Өздік жұмысы.

Слайд 3

Слайд 4

Постер

Слайд 5-13

Қосымша 1

Таратпа қағаз

Слайд 14

Қосымша 2

Слайд 15

Ауызша

Слайд 16-17

Слайд 18

Қосымша 4

Слайд 19

Қосымша 5

Сабақтың соңы

38-40 мин

Кері байланыс:

Рефлексия

Сабаққа мен белсенді / белсенді емес қатынастым.

Сабақтағы өз жұмысыма ризамын / әлі де жұмыстануым керек.

Шығарылған есептер түсінікті болды / тағы да қарап шығуым керек.

Үйге:

Анықтамаларды жаттау

Слайд 20

Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ні қолдану

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)

Жұптық, топтық жұмыс формалары оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған. Үлгерімі жоғары деңгейдегі оқушылар қалған оқушыларға көмектеседі, көбірек тапсырма орындайды. Күрделілігі жоғары тапсырмалар орындайды.

Ұсынылған тапсырмалар бойынша өзін-өзі, бірін-бірі бағалау, мұғалімнің жеке жұмысты бағалауы.

Денсаулықты сақтау технологиялары, бірін-бірі тексеру барысында оқушылар қозғалыста болады, интерактивті тақтаны қолдану және кабинетті дер кезінде желдету ережелерін сақтау.

Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты).

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

ӘБ жетекшісі: Валеева М.Б.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу