Негізгі геометриялық ұғымдар. Аксиома, теорема, салдар туралы ұғымдар. Геометрия, 7 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша 1 | |||
№ | Терминдер | Терминдерге сәйкес фигураларды жазыңыз | Терминдердің анықтамасы |
Нүкте | Барлық нүктелерді жазыңыз: | Белгіленуі: Нүкте латын тілінің үлкен әріптерімен белгіленеді А, В, С, D, Е. Мысал: А нүктесі | |
Түзу | Барлық түзулерді жазыңыз: | Түзу – бір сызықтың бойында шексіз көп нүктелердің жиынтығы. Түзу шексіз, сондықтан оның басы мен аяғы жоқ. Белгіленуі: түзуді латын тілінің кішкентай әріптерімен немесе осы түзу бойындағы екі үлкен әріппен белгілеуге болады. Мысал: a түзуі, немесе AB түзуі, немесе BA түзуі | |
Жазықтық Жартыжазықтық | Толтыру керек емес | Жазықтықтың нақты анықтамасы жоқ. Мысалы: үстел, еден, футбол алаңы, т.б. Егер жазықтықты түзумен екі бөлікке бөлсек, шыққан екі бөлікті жартыжазықтық деп атайды. Белгіленуі: жазықтық пен жартыжазықтық грек тілінің кішкентей әріптерімен белгіленеді | |
4. | Қиылысатын түзулер (кесінділер) | белгісін қолданып, Р нүктесінде қиылысатын барлық түзулерді жазыңыз : | Егер бірнеше түзудің ортақ нүктесі бар болса, онда олар қиылысатын түзулер деп атайды. Белгіленуі: Мысал: «b түзуі c түзуін D нүктесінде қиып өтеді» осы сөзді bc=D түрінде жазуға болады. |
Қосымша 2 | |||
Кесінді | А) түзуінің барлық кесінділерін жазыңыз: Б) түзуінің барлық кесінділерін жазыңыз: | Екі нүктемен шектелген түзуді – кесінді деп атайды. Белгіленуі: отрезки обозначаются двумя заглавными латинскими буквами кесіндіні латын тілінің үлкен әріптерімен белгілейді. Мысал: AB және BA кесінділері. | |
Сәуле | А) басы О нүктесінен басталатын барлық сәулелерді жазыңыз: Б) М нүктесіне аяқталатын барлық сәулелерді жазыңыз: | Егер түзудің бір жағы шектеулі болса,онда ондай түзуді сәуле деп атаймыз. Оның басы бар аяғы жоқ, себебі сәуле шексіз болады. Бір түзуде бастары бір нүктесінен басталатын сәулелерді толықтауыш деп атайды. Белгіленуі: сәуле латын тілінің кішкентай әріптерімен немесе екі үлкен әріптерімен белгіленеді, бірінші әріп оның басын білдіреді. Мысал: a сәулесі, AB сәулесі (А нүктесі басы), BA сәулесі(В нүктесі басы). ОА сәулесі ОВ сәулесіне толықтауыш сәуле болады ОВ. | |
Бұрыш | Барлық бұрыштарды жазыңыз: | Бұрыш–— бір нүктеден шыққан әр түрлі екі сәуледен құралған геометриялық фигура.. Сәулелер бұрыштың қабырғалары, ал олардың ортақ нүктесі бұрыштың төбесі деп аталады. Бұрыш градуспен өлшенеді, мысалы 40. Белгіленуі: Бұрыштарды бір әріппен, үш әріппен немесе сәуле аттарымен белгілейді. Әріптердің алдында әрдайым белгісі тұру керек. Үш әріппен белгілеген кезде төбесі ортасында жазылады. Суретте бұрышты доғамен белгілейді. Мысал: , . | |
Қосымша 3 | |||
Сүйір бұрыш | Барлық сүйір бұрыштарды жазыңыз: | Бұрыштық өлшемі 0 мен 90 арасында болатын бұрышты сүйір бұрыш деп атайды. | |
Тік бұрыш | Барлық тік бұрыштарды жазыңыз: | Бұрыштық өлшемі 90° Белгіленуі: квадрат қойылады. | |
Доғал бұрыш | Барлық доғал бұрыштарды жазыңыз: | Бұрыштық өлшемі 90 пен 180 арасында болатын бұрышты доғал бұрыш деп атайды. | |
Жазыңқы бұрыш | Барлық жазыңқы бұрыштарды жазыңыз: | Бұрыштық өлшемі 180 | |
Толық бұрыш | Бұрыштық өлшемі 360 | ||
Қосымша 4
Тапсырма1
Сөйлемді толықтыр
1. Градустық өлшемі _____-қа тең бұрыш
тік бұрыш деп аталады.
2. Сүйір бұрыш тік бұрыштан _________ болады.
3. Градустық өлшемі 90°-тан үлкен, бірақ 180°-тан кіші бұрыш _____________ деп аталады.
4. Жазыңқы бұрыштың градустық өлшемі
_____ градусқа тең.
Тапсырма2
а түзуін жүргізіп, оның бойынан А және В нүктелерін белгілеңдер.
а) АВ кесіндісінде орналасқан М және N нүктелерін белгілеңдер;
б) а түзуі бойынанда жататын, бірақ АВ кесіндісінде жатпайтын P және Q нүктелерін белгілеңдер
в) а түзуінде жатпайтын R және S нүктелерін белгілеңдер.
Тапсырма3
Түзу бойында А, В, С және D нүктелері бейнеленген.
а) С нүктесі орналасқан кесінділерді атаңдар .
б) В нүктесі орналаспаған кесіндіні атаңдар .
Қосымша 5
Сурет 1 бойынша келесі сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Барлық кесінділерді атаңдар.
2. Барлық түзулерді жазыңдар.
3. Қандай нүктелер AD кесіндісіне тиісті және тиісті емес. Жауабыңда математикалық белгілеулерді қолданып жаз.
4. ВС түзуіне де, АМ түзуіне де тиісті нүктені атаңдар. Ол нүктені басқаша қалай атауға болады?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру