Ақылды үй. Информатика, 11 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

11.3А Бөлім – Заттар интернеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысушылар саны:

Қатысушылар саны:

Сабақ тақырыбы

Ақылды үй

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

11.5.2.4. ақылды үй датчиктерінен алынған деректерді шығаруды ұйымдастыру

Сабақ мақсаты

ақылды үй датчиктерінен алынған деректерді шығаруды ұйымдастыру

Жетістік критерийлері

  • ақылды үй датчиктерінен алынған деректерді шығаруды ұйымдастыру;
  • ақылды үй датчиктерінен алынған деректерді шығару бағдарламаларын әзірлеу;
  • ақылды үй құрылғысын басқару үшін бағдарлама әзірлеу

Тілдік мақсаттар

  • Пәндік лексика және терминология

коннектор, датчик, сенсор, жарықдиод, фоторезистор.

  • Диалог құруға/жазылымға қажетті сөздер

Температура датчигінің жұмысы үшін ... қажет

Құндылықтар

Сыйластық, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылыққа баулу, сонымен бірге ашықтық оқушылардың топтық жұмысын ұйымдастыру арқылы жүзеге асады; осындай жұмыстың мақсатына қоса пәндік білімнің қалыптасуымен көпшіл тұлға ретінде шығармашылықпен және сыни ойлай ала білетін, ұжымда жұмыс істеуге дайын және ел алдында көрсетілім мен талқылау үшін ұжымдық жұмыстың нәтижесін көрсете алатындай әр оқушының әрі қарай дамуы болып табылады. Жеке жұмыс көлемінде тапсырманы орындау «Академиялық адалдық» құндылығына негізделеді.

Осыған дейін меңгерілген білім

Заттар интернеті

Сабақ барысы

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

(5 мин.)

Психологиялық ахуалды орнату. Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

(К) Мұғалім оқушылардан «Ақылды үй» туралы түсініктерін және оған анықтама беруін сұрайды

Ақылды үй – қазіргі заманғы үлгідегі үй автоматтандыру құралдарымен және жоғары технологиялық құрылғылармен жабдықталған тұрғын үй.

Презентация PPT Слайд 1

Слайд 2

Слайд 3

Сабақтың ортасы

(30 мин)

(Т) Ақылды үй жүйесіне тиісті функцияларды анықтау және талқылау мақсатында топпен жұмыс істеу.

Олардың жауаптрын тыңдағаннан кейін толықтыру:

  • Сыртқы және ішкі жарықты басқару;
  • Аккумуляторлар, генераторлар сияқты қуат көздерін басқару;
  • Энергия тұтыну жүйесін бақылау;
  • Әрбір бөлменің ауасын салқындату және жылыту жүйесін басқару;
  • Ауа ылғалдылығын бақылау және тазарту;
  • Ғимараттың жеке элементтерін жылыту (нөсер канализациясы, баспалдақтар, шынылар);
  • Сумен қамтамасыз ету;
  • Канализация және фильтрация;
  • Апаттық жағдайларды анықтау ( утечка газдың кемуі, судың кемуі, электр желісінің қиындығы);
  • Мониторинг.

«Болашақ үйінің жобасы» видеоролигн тамашалау

Ақылды үй жүйесінің ұйымдастырылуы жайлы және қолданылатын датчиктерді таныстырып өту.

Оқушыларды Arduino онлайн симуляторымен таныстыру және қарапайым сұлбаны жинау бойынша тәжірибелік жұмыс өткізу.

(Оқушылар презентация немесе таратпа материалдармен қолдана алады)

Слайд 4

Слайд 5

https://www.youtube.com/watch?v=zipyOMZoPKk

Слайд 6-7

Слайд 8-12

Таратпа материалдар

Сабақтың аяғы

(5 мин)

Сабақты қорытындылау.

Оқушыларға стикер таратады. 2 жұлдыз, бір тілек бойынша оқушылар сабақ бойынша сұрақтарын, тілектерін жазуды ұсынады. Сабақты қорытындылайды.

стикерлер

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Жұптық жұмыс – сыныптастарының қолдауы.

Қажет болса, мұғалімнің көмегі.

Қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушыларға күрделірек/қызық болып көрінетін өз шешімдерінің аспектілерін көрсете алады. Сабақта дифференциациялаудың негізгі принципі – күрделендіру.

Топтық жұмыстың нәтижесін бағалау үшін топтардың бірін-бірі бағалау ұсынылады.

Сабақ соңында рефлексия өткізу арқылы оқушылар өздерін өздері бағалайды.

Компьютерлік техникамен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін, мысалы, экранды, пернетақта мен тышқанды қосу кезінде абай болуды; денсаулыққа қауіп төндіретіндіктен сымдардан сақ болуды еске салу.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу