Интерьердегі жарықтандыру. Табиғи және жасанды жарықтандыру. Көркем еңбек (ұлдар), 9 сынып, сабақ жоспары.
Қысқамерзімді жоспар
Ұзақмерзімді мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп: Үй мәдениеті Мұғалімнің аты-жөні: Күні: Қатысқандар саны: Сынып: 9 Қатыспағандар саны:
| |
Сабақ тақырыбы | Интерьердегі жарықтандыру. Табиғи және жасанды жарықтандыру. |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 9.1.5.2 Әртүрлі графика тәсілдерін қолдану арқылы (оның ішінде АКТ қолданып) өз бетінше графикалық және технологиялық құжатты құру. |
Сабақ мақсаттары |
|
Жетістік критерийлері | Стандарт талаптарына сәйкес бөлмедегі жарықтың мөлшерін анықтай алады; Түрлі құралдарды пайдалана отырып бөлменің жарықтандыру сызбасын орындай алады; |
Тілдік мақсаттар | Тақырыпқа қатысты сөздік және терминология: шам, галоген, диод, люминесцен сөздерінің мән-мағынасын ашып, танысу. |
Құндылықтарды дарыту | Оқушылар арасында өзара сыйластық қарыма-қатынас; Отанына деген сүйіспеншілікті нығайту; Азаматтық жауапкершілік пен патриотизм сезімін тәрбиелеу. |
Пәнаралық байланыстар | Физика, информатика.. |
АКТ қолдану дағдылары | Бейнебаяндар, слайдтық таныстырылым.. |
Бастапқы білім | Оқушылар электр қуаты сияқты ұғымдармен таныс. |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||
Сабақтың басы 2 мин. | Ұйымдастыру бөлімі Оқушылардың сабаққа дайындығы тексеріледі. Оқушылар алдына сабақтың тақырыбы, мақсаты көрсетіліп, баяндалады. | |||
Сабақтың ортасы 35 мин. | «Жарық шамдары. Лампалардың жалпы техникалық сипаттамалары.» бейнебаянын көрсету. Оқушылармен қарастырылған материалдарды талқылау. Талқылауға арналған сұрақтар. • Бірінші қыздыру шамын кім ойлап тапты? • Пәтерлеріңде қандай шамдар пайдаланылады, олар сіздің қажеттіліктеріңізге сай ма? • Жарықтандыру шамдарының негізгі 4 түрі қандай? (Қыздыру лампасы, галогенді, люминесцентті, диодты жарық) • Осы лампалардың қайсысы ұзақ жарықтандыруға шыдайды? (диодты жарық). • Осы шамдардың қайсысын тұрғын үйге ең қолайлы деп санайсыз? • Шырағдандарға қандай негізгі талаптар қойылуы керек деп ойлайсыз? (Көз жанарына және пайдалану үшін қауіпсізі). Табиғи және жасанды жарықтандыру. Интерьерді жарықтандыру «Жарықтандырудың жіктелуі» бейнебаянын көрсету, содан кейін талқылау. Талқыланатын мәселелер: • Табиғи, жасанды және аралас жарықтандыруды қалай түсінесіз? • Қашан және қай жағдайларда жасанды жарықтандыру пайдаланылады? • Жергілікті жарықтандыру дегеніміз не? • Неліктен ірі өндіріс аймақтарында жергілікті жарықтандыруды қолдану мүмкін емес? «Интерьердегі жарық. Жақсы жарықтандыру үшін 7 қарапайым ережелер» бейнебаян көрсету, содан кейін талқылау. Талқылауға арналған сұрақтар. • Интерьерді жарықтандыруға қандай функциялар орындауы мүмкін ? • Интерьерге жарықтандыру жасау кезінде қандай факторларды ескеру керек? • Интерьерді жасау кезінде терезелердің орналасуы, жарық көзіне әсер ете ме? • Қандай жағыдайда суық және жылы жарық тондарын қолданасыз? Интерьерде жарықтандыруды жасау үшін қандай энергияны үнемдейтін технологияларды қолдануға болады? • Лампаларды орнату және пайдалану кезінде сіз қандай қауіпсіздік ережелерін білуіңіз керек? | https://www.youtube. com/watch?v=kBAerTuFIoQ Жарықтандыру түрлері жайлы бейне баян | ||
Сабақтың соңы 3 мин. | Оқушыларға үй жұмысы ретінде өз үйлерінің әр бөлмесінің ауданын есептеп келу тапсырмасы беріледі. | |||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||
Сабақ бойынша рефлексия | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз | |||
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?