Көрме ұйымдастыру және жұмысты қорғау. Көркем еңбек (ұлдар), 9 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дизайн және технология | Мектеп: | ||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||
Сынып: 9 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақ тақырыбы | Көрме ұйымдастыру және жұмысты қорғау. | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.3.1.1 медиа құралдары мен онлайн платформаларды қолдана отырып, белгілі бір аудиторияға дайын жұмыстарын қорғауды өз бетінше ұйымдастыру (бейнетаспа, онлайн форумдар, әлеуметтік желілер) | ||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| ||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар:
заманауи сәулет өнері аспектілерін, стилдерінің ерекшеліктерін сипаттап, талдайды;
Пән лексикасы, терминология және диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері Сәулеттік стильдер, готика, барокко, рококо, классицизм, модерн, минимализм, функционализм, сәулеттік нысан макеті, табиғи материалдар, композицтялық материалдар, қолданыстағы шикізат. Сөйлемге қажетті сөз тіркестері:
| ||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өз беттерімен шешім қабылдау кезінде және оған жауапкершілікпен қарауды үйрету; Материалдарды ұқыпты қолдану; Оқушылар арасында өзара силастық орнату және бір-бірін құрметтеу; Топтық жұмыстар арқылы белсенді жұмыс орнату. | ||||||||
Пәнаралық байланыстар | Өнер, тарих, технология пәндері бойынша пәндік теорияны қолдану, дизайн | ||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Берілген сабақ барысында оқушылар зерттеу барысында қажетті ақпарат жинау үшін АКТ дағдыларын қолданады және мәлімет іздеу, таңдау, құрастыру, дәлелдер мен дәйектер арасында байланыс орнату барысында өзіндік жұмыс дағдыларын дамытады. | ||||||||
Бастапқы білім | Көркемдеу және безендіру материалдарын қолданады. Оқушылар жұмыстарын таныстырады және талдайды. | ||||||||
Сабақ барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы
5 мин.
|
«Тілек тілеу» әдісі. Оқушылар алақан және саусақтарының көмегімен бір-біріне тілек жолдайды
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау Жаңа сабақтың тақырыбын оқушылар назарына таныстырылып, бүгінгі сабақтың мақсатын, бағалау критерийлерін, және тілдік мақсаттарға нақтылап түсіндіру. | ||||||||
Сабақтың ортасы
10 мин. 20 мин |
Оқушылар бейнематериалдарды көре отырып, әртүрлі көрмелер туралы ақпараттар көре алады және суретшілердің туындылары қалай безендірілгеніне, қалай ұсынылғанына назар аударады. Оқушылар альбомдарда немесе жұмыс дәптерлеріне қажетті ақпаратты жаза алады.
Жұмыстарын қорғау Дайын жұмысқа көрме ұйымдастыру және оны ұсыну жолдары. Оқушылар топтарда шығармашылық жұмыстарының көрмесіне таныстырылымды дайындайды, ол слайд түрінде, бейнетаспа, онлайн форумдар немесе әлеуметтік желілер арқылы жасалған көрме таныстырылымы болуы мүмкін. Оқушыларға таңдаулары бойынша, белгілі бір аудиторияға сәулеттік нысан макетін қорғауды ұйымдастырады. Оқушылар көпшілік алдында жасалған бұйымдарын таныстырып, қойылған сұрақтарға жауап береді, кері байланыс орнатады. Олар сәулеттік нысан макетін жасау кезінде негізгі тарихи, әлеуметтік және мәдени аспекттілердің тигізген әсері жайлы баяндайды. Оқушылар өткізілген көрмені қорытындылау кезінде келесі сұрақтарға жауап беруі тиіс:
Оқушылар көрермендер комментарияларын ұстана отырып, өзідерінің және өзгелердің жұмыстарын критериялар бойынша бағалайды. | Щусев мұражайында Оңтүстік Тирол сәулетіне арналған көрме ашылды http://www.ehow.com/how_5737414_hold-first-art-exhibition-results.html \http://www.ehow.com/how_5737414_hold-first-art-exhibition-results.html Көрмені қалай ұйымдастыруға болатындығын түсінуге көмектесетін пайдалы кеңестер. http://www.ehow.com/how_2063862_submit-exhibition-proposal-gallery.html Галерея көрмесін қалай ұсынуға болады | |||||||
Сабақтың соңы 5 мин. | Рефлексия: Стикерді (жапсырылатын қағаздар) кері байланыс алу үшін қолдану. Сұрақтарға топпен немесе жеке жауап беріңіздер:
| Стикерлер | |||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
Сабақ барысында оқушылардың жеке қабілеттерін қолдап, дамыту мақсатында ашық және жабық сұрақтар қою. | Бақылау, Кері байланыс Бағалау критерийлері Жұмысын қорғау кезіндегі бағалау. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары Құралдарды ұқыпты қолдана білу, жұмыс орнын бейімдеу. | |||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?