Шығармашылық жұмыс. Сәулет объектісінің макеті. Көркем еңбек (ұлдар), 9 сынып, қосымша материал.
Әдістемелік ұсыныстар
Сабақтың басында мұғалім сабақ пен оқытудың мақсатын ұсынады.
9.2.3.2 дербестік пен сенімділікті көрсете отырып, әртүрлі техниканы, конструкция түрлерін және қазіргі заманғы материалдарды пайдалана отырып, күрделі, бірегей бұйымдарды жасау
Бұл оқытудың мақсаты оқушыларды сәулет нысаны макетінің күрделі бөлшектерін орындауға үйрету. Бірегей және күрделі конструкциялар және оны шешудің оңтайлы тиімді әдістері мен тәсілдері туралы білу. Сабақтың басында оқушылар өздерінің сабақ жоспарлары туралы айтып, өз нүктесін біліп, макеттің жобасын сеніммен жалғастыруы маңызды. Оқушылар макет жобасын одан әрі жылжыту үшін қадамдық нұсқауларды ұсынады
Мұғалім ықтимал дәстүрлі және қазіргі заманғы материалдардан жасалған күрделі, бірегей макеттің құрылымын кезең-кезеңмен жинау слайдтарын көрсетеді. Оқушылар материалдың кең мүмкіндіктері туралы, әртүрлі трансформацияның икемділігі пластик ретінде біледі. Сонымен қатар мұғалім сыныппен бірге қандай материал қалай жабысатын анықтайды Материалдардың беттерін біріктіру және желімдеу ерекшеліктерін көрсету. Оқушылар сәулетшінің қалаған нәтижеге қалай қол жеткізгенін көру үшін, сіздің қалаңыздағы креативті ғимараттың кезең-кезеңімен қалай қалыптасқанын көрсету пайдалы болады. Сәулетшінің шешімін көрсету үшін сынып тақтасын қолданыңыз, үлгіні сызыңыз. Бұл әлсіз мотивациясы бар оқушыларға шешім қабылдау үшін көрнекі үлгі болар еді. Болашақ қала ғимараттарының макеттерін жобалау кезінде балаларға болашақ қаланың келбеті жобаланатын әрбір нысанға, әдемі қасбетке және экстерьерге таңдалған материал мен түстерге байланысты екенін еске салу қажет.
Оқушылар өз идеяларын презентацияларда пайдаланған әдістер мен тәсілдер оңтайлы және тиімді болғанын негіздеуі тиіс. Олар осындай шешімге қалай келгенін немесе оларды осындай шешім қабылдауға итермелегенін баяндайды, бұл қалған оқушыларға мәселенің қалай шешілгенін көруге және өз шешімдерін бағалауға мүмкіндік береді . Макет жобалау үрдісі оқушылардың кеңістікте оилау дағдыларын дамытуға үлкен септігін тигізетін процесс.
Тапсырма№ 1: жаңа білімді қолдануға тапсырма.
Архитектуралық макеттің экстерьері мен ландшафтын құрастыру.
Мақсаты: заттарды трансформациялау дағдыларына, түрлі материалдармен манипуляциялау арқылы түр өзгерту тәсілдеріне оқушыларды үйрету. Жобаны әртүрлі әдістермен және материалдармен жүзеге асыру бойынша бірқатар мәселелерді қарастыру. Өлшем бойынша макеттің бөлшектерін жасау, жұмыстың қарапайым кезеңдеріне көшуді білу. Қол астындағы материалдар мен бейнелеу өнері материалдарын тиімді пайдалану. Қолданылатын материалдың қасиеттері туралы ақпарат беру. Желімдеу арқылы өңдеу және т. б. Оқушылардың кеңістікте оилау дағдыларын дамытуға
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?