Электр құрылғылар мен тұрмыстық техникаларды таңдау және бағалау. Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, қосымша материал 2.
Тұрмыстық техникалар
Теледидар — телехабар бағдарламаларындағы бейне мен дыбыстық сүйемелдеудің радио сигналдарын күшейту мен түрлендіруге арналған теле, радиоқабылдағыш теледидар түрлі түсті, ақаласықара кескінді, стационарлы және тасымалды болып ажыратылады. Теледидардың негізгі ерекшелігі бейне мен сүйемелдеуші дыбыс радиосигналдарын бір уақытта күшейту және түрлендіруезі теледидар әдетте супергетеродинді сұлба бойынша құрастырылады. Оның нұсқалары сүйемелдеуші дыбыс сигналдарын күшейту және бөлу әдістері бойынша бөлінеді. 20 ғасырдың соңында ертеден қолданылып келген кинескопты теледидарлардың орнын сұйық кристалды, плазмалы теледидарлар басты. Сұйық кристалды теледидарлар кескін айқындылығының, сапасының жоғарылығы бойынша қолданыстағы теледидарлардың ең озық түрі болып саналады
Кір Жуғыш Машина– электрлі. Кірлеген бұйымдарды үй жағдайында жууға лайықталып шығарылады. Кірлеген бұйымдарды ерітінді арқылы жуу, шайқау (қарқынды түрде айналуға мүмкіндік жасайтын энергия бөлу) әдетте айналып тұратын қалақты дискі (активатор) немесе барабан арқылы жүзеге асады. Кір жуғыш машиналардың кірді сықпайтын (СМ типті); біліктің көмегімен қолмен сығатын (СМР типті); жартылай автоматты-дискілі активаторы және кірді сығатын центрифугасы бар екі бакты немесе жалғыз бакты барабанды (СМП типті); программамен басқарылатын автоматты (әдетте жалғыз бакты барабанды) (СМА типті) түрлері шығарылады. СМ және СМР типті, сондай-ақ екі бакты жартылай автоматты кір жуғыш машиналардың түбі көлбеу, еңіс келеді де, тігінен орналасқан бағы болады. Бактың түбіне немесе қабырғасына орнатылған дискілі активатор машинаның жұмыс органы болып табылады. Ол машина корпусының төменгі жағына орнатылған электродвигательдің күшімен (минутына 600—700 рет) айналады. Машинаның токқа қосылуы сөндіргіш немесе таймер арқылы жүзеге асады. Таймер тұтқасын белгілі бір уақытқа қойғанда, сәл уақыт өткен соң машина автоматты түрде тоқтайды. Кір суды шлангымен ағызып жібереді немесе насостың көмегімен сорғызып алады.
Үтік
Бүгіндері тұрмыстық техникалардың ішінде ең "жауапты" қызметті атқаратын үтіктерсіз жағдайымыз сәл қиындау болар ма еді, кім білсін. Бірақ үтіксіз заман да болмады емес. Сонда ол кездегі адамдар мыж-мыж киіммен жүрген бе? Жоқ, әйтеуір бір амалын тапқан. Бүгінгі үтіктің кешегі сықпыты қалай болды екен? Ең алғаш үтікті кім жасағаны туралы нақты дерек тарихта сақталмаған. Ежелгі уақытта адамдар жуылған киімнің мыжылғанын кетірмек болып талай әдісті жасады. Мысалы, сулы матаны тарту арқылы киімді түзетуге тырысты. Ежелгі Рим халқы киімнің қыртысын түзеу үшін қызған тастарды пайдаланған. Бірақ бұрындары үтіктің қызметін домалақ ыстық таяқшалар атқарған. Мұндай таяқшалармен құрғақ киімдерді үтіктеген де, кейіннен оны кір жазатын және былғарыны ысатын ағаш тақтайшамен түзулеген. Ерте заманда қолдан тігілген киімдерді үтіктеу қиынға соғатын еді. Ондай кезде ыстығы басым құралдардың көп көмегі болған. Алғашқы үтік туралы деректер 1636 жылы орыс еліндегі жазбаларда кездесе бастады. Өйткені осы жылдың 31 қаңтарында патшаның шығын кітабында сатушы Ивашка Трофимовқа "Патшаға темір үтік жасап бергені үшін" 5 алтын төленгені жазылған. XVIII ғасырда адамдар үтікті қалыпқа құю арқылы жасай бастады. Арнайы үтік жасауға арналған құралдар мен зауыттар пайда болды. Ол кездерде темір үтіктердің бағасы тым жоғары еді. ХIX ғасырда француздар арнайы ыдысқа шоқ немесе ыстық көмір салу арқылы киім үтіктеген. Оның көмір салуға және түтін шығуға арналған арнайы тесігі болған. Уақыт өте келе үтіктердің сыртын түрлі бейнелермен сәндеу сәнге айналды. Жануарлар мен гүлдердің сурттерін бейнлеуді үйренген шеберлер сәнді үтіктерді сату арқылы қомақты қаржы жинады. Үтіктің сабын ағаштан жасады. Кейіннен шеберлер үтіктерді күмістен жасай бастады. Үтікке жасалу күні мен шебердің есімін жазуды да сәнге айналдырды. Сол замандағы үтіктердің сипаты мынадай: XIX ғасырдың соңына қарай сауда айналымға газбен жұмыс жасайтын үтіктер шыға бастады. 1892 жылы электрлі үтік өмірге келді. Содан бері электрлі үтіктердің сан түрі жарыққа келе бастады.
Шаңсорғыштық жұмыс істейтін негізгі бөлігі— ауа сорғыш агрегат (коллекторлы электр двигательден жетегі бар желдеткіш) болып табылады. Ол агрегат желдеткіш тудыратын ауа ағынының көмегімен ауаны ішке сорып алады. Шаңсорғыш, бұлардың сыртында, бірнеше қондырғысы бар кеңірдек тәріздес иілгіш штангімен жабдықталады. Шаңсорғыштың едендік (еден бойымен қозғайтын), қолға ұстап жүретін, автомобиль тазалайтын және щетка-шаңсорғыш (электр щетка) сияқты түрлері шығарылады. Едендік шаңсорғыштың тура соратын және құйындата соратын түрлері кең тараған. Тура соратын шаңсорғыш (мыс., «Чайка», «Ракета») шаңды ұсақ қоқымды щетка-қондырғы мен шланг арқылы ауамен бірге сорып алады да, мата сүзгіге жинайды. Тазарған ауа электр двигателін айналып өтеді де, бағытын өзгертпестен желдеткіш пен артқы саңылауы арқылы сыртқа шығады. Құйындата соратын шақырғышта («Вихрь», «Буран», «Урал» т. б.) ауа электр двигателінің төменгі бөлігін айналып өткен кезде қоқым мен шаң-тозаңның ірілерінен, ал мата сүзгіде ұсақ бөлшектерінен арылып, желдеткіш арқылы тысқа шығады. Қолға ұстап жүретін шаңсорғыш әдетте шаңтозаңды тура сорады. Мөлшері, массасы және қуаты жағынан едендік щаңсорғышпен салыстырғанда шағын әрі қондырғысының саны шектеулі болады. Автомобиль тазалауға арналған «Вихрь-авто» және «Шмель-авто» шаңсорғыштары қол шаңсорғышына ұқсас, негізінен жеңіл автомобильдердің сал оны және жүк салғышын тазалауға арналады. Ол автомобиль аккумуляторына қосу арқылы (кернеуі 12 В) жұмыс істейді. Конструкциясына байланысты шаңсорғышқа сүзгі ретінде мата жөне шибарқыт пайдаланылады. Әр пайдаланған сайын сүзгіні шаң-тозаңнан тазартып отыру керек. Шибарқыт сүзгіні жууға болмайды. Сүзгінің электр двигателіне қараған жағының таза болуын қадағалап отыру қажет, әйтпесе, оның шақы жұмыс кезінде бөлмені басып кетуі мүмкін. «Чайка—8», «Аудра», «Урал» шаңсорғыштарында бір рет пайдаланылатын ауыстырмалы қағаз сүзгілер болады. Бөлмені, мебельді, киімді тазалан болғаннан кейін қағаз сүзгіш жаңасымен ауыстырт салады. Қағаз сүзгі пайдалануға ыңғайлы әрі гигиеналық жағынан таза болады. Шаңсорғышты ұзақ пайдаланғанда электр двигателін салқындату үшін 1 сағат сайын 10 минутқа үзіліс жасау керек. Бұл кезде электр желісінен ажыратпаса да болады. 250—300 сағат жұмыс істегеннен кейін шаңсорғыштың көмір щеткалары толығымен істен шығады, оны жаңасымен алмастыру (бір мезгілде электр двигателі якорының коллекторын бензинге матырылған шүберекпен сүртіп шығу) керек. Щетканы алмастыру, коллекторды сүрту әркімнің қолынан келеді, ал күрделі конструкңиялы шаңсорғышты шеберханаға апарған тиімді. Шланг ішінде қоқым жиі тұрып қалады. Пайдалану алдында оны жел айдайтын тесікке қосып тексеру қажет. Оның ішіндегі қоқым бөлмені ластамас үшін шлангінің келесі ұшын шаң сорғыштың сору тесігіне кигізу қажет. Едендік және қолшаңсорғыштары кернеуі 220 В айнымалы тоқ желісінен қоректенеді; тұтыну қуаты 140—600 Вт. Орынды аз алу үшін (әсіресе, шағын пәтерде) оның қоранын «Урал» және «Электросила» шаңсорғыштары сияқты үй ішіндегі жұмсақ мебель тәріздес етіп жасайды.
Пайдалынған ресурстар:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?