Таныстырылым және көрме ұйымдастыру. Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, қосымша материал.


 Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

«Таныстырылым және көрме ұйымдастыру» тақырыбына арналған сабақ «Дизайн және технология» бөлімінің оныншы тақырыбы. Бұл сабақта оқушылар өткен сабақта орындаған үстел үсті бұйымдарын жарнамалауға қажетті жұмыстар жасап, көрме- жәрмеңке жұмыстарын өткізетін болады. Яғни осы бөлім бойынша орындаған жұмыс нәтижесін кең аудитория (көпшіліктің) алдыңда таныстырып, ұсынатын болады.

Жаңа тақырып түсінкті болу үшін, жұмысты бастамас бұрын оқушылар назарына шағын бейнебаян көрсету ұсынылады. Интер белсенді тақтасында бейнетаспа көрсету ұсынылады.

Оқушылардан бейне көрініске байланысты алған әсерін сұрау.

Жаңа сабақтың тақырыбын оқушылар назарына таныстырылып, бүгінгі сабақтың мақсатын, бағалау критерийлерін, және тілдік мақсаттарға нақтылап түсіндіру.

Тәжірибелік жұмыс жасауды бастар алдыңда оқушыларға техника қауіпсіздігін сақтауын ескертіңіз.

Осыдан кейін оқушылардан үстел үсті ойындарына жарнамалау жұмыстарын орындамас бұрын топта жәрмеңкені қалай өткізетіндері туралы талдауды сұраңыз.

Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік техникасы туралы оқушылардың есіне түсіріңіз.

Тәжірбиелік жұмыс барысында оқушыларға өз үстел үсті ойындарын жарнамалауға қажетті жұмыстар жасап, көрме - жәрмеңке жұмыстарын ұйымдастыруларын, сонымен қатар, өз бұйымдарына сиппатама ретінде заттаңба белгілерінің дизайнның ойластырып, оны дайындауды ұсыныңыз. Оқушылар көрме- жәрмеңке жұмыстарына қажетті материалдарды дайындап болғаннан кейін, өз үстел үсті ойындарын таныстыруға арналған орын дайындауды ұсыныңыз. Онда оқушылар тұтынушылар үстел үсті ойындарын ойнап көруге, жан- жақты танысуға жайлы арнайы орындар дайындаулары қажет.

Әр оқушының жұмысына объективті түрде баға беру ұсынылады (кері байланыс). Осы кезеңге арнайы маман (суретші) немесе мектеп әкімшілігін шақырып қатыстыруға болады.

Тілдік мақсатты дамыту мақсатында оқушылар өз жұмыстарын таныстыру барысында сөйлемге қажетті сөз тіркестерін қолдануды ұсынуға болады;

Бағалау арнайы бағалау критерийлері мен дискриптор көмегімен жүзеге асады.

Сабақтың соңында оқушылардан кері байланыс алынады.

«Жапсырмалар» әдісі қолданылады.

 

 Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

 Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.

 

 

 1 қосымша

 

 Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  •  жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  •  оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  •  құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  •  бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  •  жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  •  жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  •  басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  •  жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

 

 Желіммен жұмыс жасау кезінде –

  •  желім жұмыс жасаған уақытында қажет жағдайда қылқаламды пайдалан;
  •  желімді керек мөлшерде ғана ал;
  •  артық желімді жұмсақ матамен алып таста;
  •  жұмыстан кейін қылқаламды жақсылап сабынмен жу.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу