Таныстырылым және көрме ұйымдастыру. Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, презентация.


ҮСТЕЛ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ 2018

https://www.youtube.com/watch?v=hvxf198cNpc

Бейне роликтен не байқадық?

Қандай ой түйдіңіздер?

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар?

3- бөлім. Дизайн және технология

Сабақтың тақырыбы:

Таныстырылым және көрме ұйымдастыру

Сабақтың мақсаты :

Үстел үсті ойындарын жарнамалауға қажетті әдіс тәсілдерді қолдану;

• Жарнамалауға және жәрмеңке ұйымдастыруға қажетті жұмыстар орындау;

• Кең аудитория алдыңда немесе онлайн платформада қорғап, оны көпшіікке ұсыну

Бағалау критерийлері:

Білім алушы

Өздері дайындаған үстел үсті ойындарын жарнамалауға арналған жұмыстары орындап, талқылайды;

• Дайын ұлттық дөңгелек үстелдерін кең аудиторияда таныстырады және сеенімділікпен ұсынады.

Терминология:

Сөйлемге қажетті сөз тіркестері:

Бұл үстел үсті ойыны…. тәсілі арқылы орындалды.

Бұл үстел үсті ойынның тартымдылығы

• Мен салт-дәстүр және ұлттық ойындарды үйрендім, өйткені

Менің бұл үстел ойынын таңдаған себебім

Көрме жәрмеңкені қалай өткізетіндері туралы талдау

Жәрмеңке белгілі бір уақытқа немесе бір мерекеге байланысты болады ма?

Қандай әдіс арқылы өз ойындарын таныстырып, ұсынатын болады?

Ол әлеуметтік желі, ғаламтор, немесе баспа құралдары арқылы жүзеге асады ма?

Тәжірбиелік жұмыстың таныстырылымын орындау кезеңдері:

Өз жоба жұмыстарының (үстел үсті ойыны) таныстырылымын қандай тәсіл арқылы ұйымдастыратындарыңды топтарда отырып дайындаңыздар. (Ол әлеуметтік желі, ғаламтор, немесе баспа құралдары арқылы жүзеге асуы мүмкін және онда ойыншыларға қажетті барлық ақпараттар болуы тиіс.)

Егер орындалған бұйым (үстел үсті ойыны) немесе жұмыс шағын болса, онда көрмеге ілетін, қоятын орнын және құрылғы таңдаулар керек. Қажет жағдайда оқушылар өз жұмыстарын тұтынушылардың ойнап көрулеріне арналған орындар ұйымдастыруға болады. Өз жұмыстарын безендіру, әдемілеу формаларын ойластырады (орнықтыру, бекіту, біріктіру, жиектеме жасау).

Музыка ырғағымен практикалық жұмыс жасау

https://www.youtube.com/watch?v=bGu9cwsirT0

Мақсаты: оқушының орталық нерв жүйесіне, яғни, жүйкесіне әсер етіп, ой - өрісін жетілдіреді, рухани дүниелерін байытады, сезімталдыққа, нәзіктікке, қайырымдылыққа тәрбиелейді.

Тапсырма. Топтық жұмыс

Дайын болған үстел үсті ойындарын жарнамалауға қосымша қажетті материалдармен безендіру жұмыстарын (қажет жағдайда) жүргізіп, кең аудитория алдында қорғаңыз. Жұмыстарды безендіру барысында заттаңба (этикетка) дизайның ойластырып, дайындаңыз. Жұмыстарды таныстыру (қорғау) барысында қажетті сөз тіркестерін қолдану ұсынылады. Түтынушыларға арналған үстел үсті ойындарын ойнап көретін орындарды дайындаңыздар. Ойын барысында тұтынушылардың ұсыныстары мен пікірлерлерін жазып отырыңыздар.

Таныстырылым дайындауға қажетті сөз тіркестері

Бұл үстел үсті ойыны…. тәсілі арқылы орындалды.

Бұл үстел үсті ойынның тартымдылығы …

Мен салт-дәстүр және ұлттық ойындарды үйрендім, өйткені …

Менің бұл үстел ойынын таңдаған себебім …

Тапсырманы бағалау критерийлері:

Өздері дайындаған үстел үсті ойындарын жарнамалауға арналған жұмыстары орындап, талқылайды;

Дайын ұлттық дөңгелек үстелдерін кең аудиторияда таныстырады және сеенімділікпен ұсынады.

Рефлексия: Post-It «Жапсырмалар»

Стикерді (жапсырылатын қағаздар) кері байланыс алу үшін қолдану.

Сұрақтарға топпен немесе жеке жауап беріңіздер:

Не үйрендім?

Қайсысы оңай болды?

Қайсысы қиын болды?

Тағы не үйренгім келеді?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу