Үстел ойының бөлшектерін дайындау. Көркемдеп безендіру. Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, дидактикалық материал.


  Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

«Үстел ойының бөлшектерін дайындау. Көркемдеп безендіру» тақырыбына арналған сабақ «Дизайн және технология» бөлімінің сегізінші тақырыбы. Сабақта оқушылар үстел үсті ойындарын техникалық және графикалық құжаттарға сүйене отырып, ойынның арнайы бөлшектеріне безендіру жұмыстарын орындайтын болады. Сабақты өткізбес бұрын үстел үсті ойындары туралы дидактикалық материалдар мен қосымша мәліметтер туралы танысып алу ұсынылады.

Сабақ зерттеу, қолдану дағдысына негізделген.

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың басында оқушылар назарын аударуға екпін жасау. Кез- келген ойын түрінде оқушылардың назарын сабаққа көңілдерін аударуға болады. Мысалы: оқушылар орындарынан тұрып, парталасымен жұптасып, бір- біріне өткен сабақта алған білімдеріне кері байланыс беру арқылы қысқаша шолу жасатуға болады. Қажет болған жағдайда жұптағы оқушылар ауысуға болады. Осыдан кейін оқушыларға сабақтың ережесін естеріне түсіріңіз.

Өткенге сабаққа қысқаша сұрақтар көмегімен шолу жасау ұсынылады. Сұрақ – жауап көмегімен сабақтың мақсатын байланыстырыңыз.

Сабақ барысы

Презентация:....

Жаңа сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері мен термин сөздіктермен таныстырыңыз. Таныстырып болғаннан кейін, дайындамаларын тазартып, өңдеу жұмыстарын жасауларына көмек ретінде арнайы талдау сұрақтарын ұсыныңыз. Талқылауға 5 минут уақыт жеткілікті.

Талдау сұрақтарынан кейін ағаш бөліктерінен қарапайым шашка ойындарының бөліктерін қалай дайындауға болатыны туралы бейнебаян көрсету ұсынылады. Мысалы:

https://www.youtube.com/watch?v=56V24zgG6Xo

Hobby World — зауытындағы үстел үсті ойындарын дайындау үдерісі

Бейнебаяннан кейін оқушыларға сұрақ қойыңыз.

Бейне баяннан кейін үстел үсті ойындарын өндірістерде дайындалу үдерісі мен технологиясы туралы не білгендері туралы әңгімелесіңіз. Бұл диалог арқылы оқушылардың өз идеяларын толық жеткізуге көмектеседі. Қажет болған жағдайда толықтырулар еңгізіңіз.

Керек жағдайда үстел ойындарын басқада қолда бар материалдар көмегімен қалай дайындауға болатының көрсетуге болады.

Оқушылар өткен сабақта бөлінген топ (көңіл- күй көтеретін үстел үсті ойыны, үйрету ойындары, басқатырғыш, коммуникативтік ойындар (қарым- қатынасқа арналған ойындар), зияткерлік) атаулары арқылы жұмыстарын жалғастыру ұсынылады. Тапсырманы бастамас бұрын сыныптағы оқушылардың құрал- жабдықтарын, қажетті құжаттарын және материалдарын тексеріп шығыңыз. Оқушыларға ойын бөлшектерін дайындауға тиімді әдіс- тәсілдерді көрсетіп, баяндап, түсіңдіріңіз.

Тәжірбиелік жұмыс барысында қауіпсіздік техника ережелерін естеріне түсіріңіз.

Тапсырма №1

Оқушылар топта үстел ойынын көркемдеу жайлы сұрақтарды талдайды. Талдау сұрақтары арқылы алдағы жұмыс кезеңдерін құрады.

Тапсырма №2

1-кезең. Оқушылар өз топтарында үстел ойындарының бөлшектерін көркемдейді және тиімді әдіс- тәсілдерді қолданып безендіреді. Безендіру жұмыстарына қажетті ресурстар мыналарды қамти алады:

  • Ватман;
  • Қатты картон;
  • Түрлі бояулар;
  • Фломастерлер;
  • Түрлі түсті қағаздар;
  • Желімдер;
  • Қайшы;
  • Кеңсе пышақтары;
  • Түрлі өлшемдегі скотчтар;
  • Ыстық желім;
  • Түрлі түсті мата қиындылары;
  • Түрлі түсқағаз (обои) қиындылары;
  • Галантериялық элементтер және т.б.

Сондай-ақ технологиялық картаны пайдалана отырып бөлшектерді қажетті өлшемдері бойынша аяқтап өңдейді, тазалайды.

2- кезең. Бұл тапсырмада оқушылар өз ойындарының соңғы кезеңдерін орындайтын болады. Яғни, үстел үсті ойындарының сыртқы қорабын орындайтын болады. Қорапты ойындарына сай етіп, сыртқы көрінісінде ойынның атауы, логотипі, тұтынушылардың қай жас ерекшелігіне арналғандығы туралы ақпараттар болуы керек.

Әр топқа ойынның дайындалу кезеңдерін фотосуретке немесе бейнематериалдарға түсіріп, алдағы уақытта өз таныстырылымдарына қолдануды ұсыныңыз.

Әрі қарай оқушылар технологиялық картаға сай өз үстел үсті ойындарын толығымен аяқтаулары тиіс. Өйткені келесі сабақтарда ойындарын тестілеп, таныстыру жұыстарын орындайтындары туралы ескертіңіз.

Оқушылар өз жұмыстарын топта талқылайды. Талқылауға 2-3 мин уақыт беру ұсынылады.

Бағалау арнайы бағалау критерийлері мен дискриптор көмегімен жүзеге асады.

Сабақтың соңында оқушылардан кері байланыс алынады.

«Талқылаудағы әріптестер» әдісі қолданылады.

 

 Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

 Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.

 1 қосымша

 

 Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  •  жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  •  оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  •  құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  •  бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  •  жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  •  жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  •  басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  •  жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу