Үстел ойынын дайындау. Дайындамаларды өңдеу. Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3А Бөлім – Дизайн және технология

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Үстел ойынын дайындау. Дайындамаларды өңдеу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.2.1

Заманауи технологиялық машиналарда құрастырымды материалдарды өңдеу бойынша күрделі операцияларды орындау

8.2.3.1

Түрлі құрал-жабдықтарды қолдана отырып, материалдарды өңдеу мен безендіру әдістерін анықтау, пайдалану.

 Сабақ мақсаттары

  • Заманауи құрал- жабдықтар көмегімен үстел ойындарының дайындамаларын өңдеу тәсілдерін анықтау, қолдану;
  • Тәжірбиелік жұмыс орындау барысында техника қауіпсіздігін қатаң сақтау.

 Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • Өзінің орындаған техникалық құжаттарына сүйене отырып, үстел үсті ойындарының дайындамаларына қажетті құрал- жабдықтар көмегімен өңдеу жұмыстарын орындау;
  • Заманауи құралдарды қолдануда техника қауіпсіздігін қатаң сақтайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • Үстел үсті ойындарының дайындалу реттілігі мен тәсілдерін түсіндіреді;
  • Қажетті материалдар мен құрал- жабдықтардың түрлерін анықтайды, сипаттама береді;
  • Техника қауіпсіздігі туралы айтып береді.

Пәндік лексика және терминология:

Ойын алаңы

Игровое поле

Playing field

Фишкі

Фишка

Chip

Кәртішке

Картока

Card

Ойын тастары

Кубики

Cubes

  • Мен бұл құрал- жабдықтарды... барысында қолдандым. Себебі ... тиімді болды.
  • Мен бұл материалдарды қолданған себебім ...
  • Техногиялық карта ........үшін керек.

 Құндылықтарды дарыту

Өзгелердің көзқарасын бағалау және сыйлау.

Оқушыларды жұппен және топпен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру.

Эстетикалық талғамдарын дамыту.

Оқушыларды жауапкершілікке және біріге жұмыс істеуге тәрбиелеу.

 Пәнаралық байланыстар

Өнер, технология, математика пәндері бойынша пәндік теорияны қолдану

 АКТ қолдану дағдылары

Берілген сабақ барысында оқушылар қажетті ақпарат жинау үшін және зерттеу барысында АКТ дағдыларын қолдана алады.

Бастапқы білім

 Зерттеу жүргізе алады. Көркем материалдарды қолдана біледі. Топта бірлесе жұмыс орындайды. Оқушылар жұмыстарын таныстыра және талдай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин.

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың басында оқушылар назарын аударуға екпін жасау.

Коллаборативті орта қалыптастыру.

Өткен сабаққа қысқаша шолу:

  • Дайындамаларды жасау кезінде қандай қиындықтар кездесті?
  • Өз жұмыстарыңа көңілдерің толады ма?
  • Жетілдіретін тұстары барма? Болса белгілеңіздер.

Оқушылармен бірге сабақ тақырыбы және мақсаттарымен танысу/ ОМ

Бүгінгі сабақта біз үстел үсті ойындарды дайындаудың келесі кезеңін орындайтын боламыз.

Сабақтың ортасы

10 мин.

20 мин.

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Әр топтағы оқушылар өз білімдері мен дағдылары негізінде алғашқы дайындамаларын қалай тазартып өңдейтінін талдайды.

  • Дайындама өңдеуге қандай жұмыс түрлері жатады?
  • Дайындама өңдегенде қандай құралдар немесе жабдықтар қолданады?

Оқушыларға тақырыпқа сай бейнематериал көрсетуге болады.

Simple checkers. Қарапайым шашкілер жасау Бейнебаян көріп болғаннан кейін талқылау сұрақтарын қоямын. Мысалы:

  • Бейнебаяннан қандай ой түйдіңіздер?
  • Қандай материалдар мен құралдар көмегімен орындалды?
  • Сіздер осы ойынның элементтерін қалай жетілдірер едіңіздер?

Оқушыларға үстел үсті ойынының элементтерін өз қолымен жасауға болатын бірнеше мысалдарын көрсетемін.

Тәжірбиелік жұмыс жасар алдыңда ұшты және өткір құралдарымен жұмыс жасау барысында қауіпсіз техникасы туралы оқушылармен бірге нұсқама жүргіземін.

Тәжірбиелік жұмыс. Топтық жұмыс.

Оқушылар өз топтарында дайындаманы тазалап өңдеуге кіріседі. Сондай-ақ технологиялық картаны пайдалана отырып бөлшектерді қажетті өлшемдері бойынша аяқтап өңдейді, тазалайды.

Материалдарды өңдеу кезеңдері;

  • Үстел үсті ойыныңыздың элементтерін (кәртішкелер, фишкілер, ойын тастарын) өңдеу жұмыстарын жалғастырады;
  • Үстел үсті ойының дайындауда техника қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау.

Әр топ, үстел ойындарына жасаған дайындамаларын бүкіл сынып алдында айтып таныстырады. Таныстыруға 5 минут уақыт берледі.

Дискрипторлар:

  • Қауіпсіздік техникаларын сақтайды;
  • Қажетті құралдардың қолдану мақсаттарын біледі;
  • Электрлі және қол құралдарын тиімді қолданады;
  • Материалдарды өңдеуде тиімді технологияларды қолданады;

https://www.youtube.com/watch?v=nzwvmJiGIr4

Simple checkers. Қарапайым шашкілер жасау

Ресурстар: картон, қағаз, желім, скотч, қайшы, маркер, түрлі түсті бояулар, қалам және т.б.

Сабақтың соңы

5 мин.

Рефлексия: «Әріптестермен талқылау» әдісі арқылы.

Серіктеспен талқылау:

Сіз үйренген үш жаңа нәрсені атаңыз:

  • Не оңай болды?
  • Не қиын болды?
  • Сіз болашақта білгіңіз/үйренгіңіз келетін нәрсе

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

 Жұмыс барысында оқушылар түрлі іс шараларға қатысады. Қажет болған жағдайда мұғалім және басқа да оқушылар тарапынан қолдау қарастырылған.

 Топтық жұмыс қарастырылған.

 Топта ролдердің бөлінуі әрбір оқушының жұмысқа белсенді араласуын және өзара қолдау мен көмекті көздейді.

Бақылау,

Кері байланыс

Бағалау критерийлері

Жұмысын қорғау кезіндегі бағалау.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Құралдарды ұқыпты қолдана білу, жұмыс орнын бейімдеу.

Әдістемелік нұсқаулықта көрсетілген техника қауіпсіздігін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу