Үстел үсті ойынына тұжырымдама. Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, дидактикалық материал.


  Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

«Үстел үсті ойынына тұжырымдама» тақырыбына арналған сабақ «Дизайн және технология» бөлімінің үшінші тақырыбы. Сабақта оқушылар түрлі үстел үсті ойындарын ерекшеліктері мен мүмкіншіліктерін талдайды. Өздерінің болашақ үстел үсті нобайларын жасайды, идеяларын іске асыру жолдарын жоспарлайды, Сабақты өткізбес бұрын үстел үсті ойындары туралы дидактикалық материалдар мен қосымша мәліметтер туралы оқып алу ұсынылады.

Сабақ зерттеу, қолдану дағдысына негізделген.

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың басында оқушылар назарын аударуға екпін жасау. Кез- келген ойын түрінде оқушылардың назарын сабаққа көңілдерін аударуға болады. Мысалы: оқушылар орындарынан тұрып, парталасымен жұптасып, бір- біріне өткен сабақта алған білімдеріне кері байланыс беру арқылы өқысқаша шолу жасатуға болады. Қажет болған жағдайда жұптағы оқушылар ауысуға болады. Осыдан кейін оқушыларға сабақтың ережесін естеріне түсіріңіз.

Өткенге сабаққа қысқаша шолу.

Қысқамерзімді жоспарда көрсетілген сұрақтарды талдау арқылы жаңа сабақтың мақсатын байланыстыру ұсынылады.

Сабақ барысы

Презентация:....

Жаңа сабақты бастамас бұрын тақырыпқа сай бейнебаян (гарри поттер- шахмат) көрсетіп алғаныңыз жөн. Бейнебаяннан кейін оқушыларға сұрақ қойыңыз.

Бейне баяннан кейін ежелгі және заманауи үстел үсті ойындарының мүмкіншіліктері мен ерекшеліктері (ежелгі ойындардан заманауи үстел үсті ойындарының ерекшелігі электронды болуы мүмкін) туралы және фильмдер желісі бойынша қандай ойын түрлерін білетіндері туралы сұрақ қойыңыз. Сұрақтарды бағыттаушы түрінде қолдануға болады. Қателіктер кеткен жағдайда толығырақ түсіндіріңіз.

Осыдан кейін барып оқушылар назарына «Гарри Поттер» фильміндегі шахмат ойыны туралы үзінді көрсету ұсынылады.

https://www.youtube.com/watch?v=oK6V12ScGuM

Бейнебаян көріп болғаннан кейін, не байқағандар туралы сұрақ қойыңыз. Тағыда мысал ретінде басқада өздері көріп жүрген кинофильмдері желісі бойынша дайындалған үстел үсті ойындарының үлгілер көрсету ұсынылады.

Қажет болған жағдайда үстел ойындарын қолда бар материалдар көмегімен қалай дайындауға болатындары туралы бейнебаян ұсынуға болады.

Оқушылар өткен сабақта бөлінген топ (көңіл- күй көтеретін үстел үсті ойыны, үйрету ойындары, басқатырғыш, коммуникативтік ойындар (қарым- қатынасқа арналған ойындар), зияткерлік) атаулары арқылы жұмыстарын жалғастыру ұсынылады.

Топтық жұмыс.

Оқушылар топта алдыңғы білімдеріне сүйене отырып, ескі немесе заманауи үстел үсті ойындарын негізге ала отырып, жаңа ойын үлгісінің нобайын орындауды және жоспарын дайындап, сынып алдыңда таныстыруды ұсыныңыз.

Оқушылар өз нәтижелерін таныстырады. Әр топтың таныстырылымына 2-3 мин уақыт беру ұсынылады.

Бағалау арнайы бағалау критерийлері мен дискриптор көмегімен жүзеге асады.

Сабақтың соңында оқушылардан кері байланыс алынады.

«Екі жұлдыз бір тілек» әдісі қолданылады.

 

 Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

 Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.

 1 қосымша

 

 Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  •  жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  •  оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  •  құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  •  бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  •  жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  •  жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  •  басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  •  жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу