Үстел үсті ойыны. Шығу тарихы. Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, презентация.
Суреттерде көріп тұрғандарыңыз...
Суретте не көріп тұрсыздар?
Сіздердің ойларыңызша Ежелгі уақытта не үшін ойындарды ойлап тапты?
Үстел үсті ойындарының басқа ойындардан айырмашылығы неде?
Үстел үсті ойындары адамдардың қандай да бір қасиеттерін дамытады ма?
Ойындарды белгілі бір ерекшеліктеріне, түрлі белгілеріне қарай жіктеуге болады ма?
Сіздің ойыңызша қандай үстел үсті ойындары атақты деп ойлайсыздар?
Үстел үсті ойындары туралы сұрақ – жауап:
Сабақтың тақырыбы:
Үстел үсті ойыны. Шығу тарихы.
1- бөлім. Дизайн және технология
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар өздері қалаған үстел үсті ойындарын жан-жақты зерттеп, (АКТ мүмкіндіктерін пайдалана отырып), постер немесе таныстырылым жасайды.
Қолда бар материалдардан үстел үсті ойындарының түптұлғасын (прототип) орындап, тәжірбие жүргізу.
Бағалау критерийлері:
Үстел үсті ойындары туралы түрлі қызықты деректерді қарастырып, олардың тарихи және мәдени туралы түсініктерін көрсетеді;
қолда бар құралдар мен материалдардың көмегімен таңдап алынған үстел үсті ойындарының прототиптерін дайындап, тәжірбие жүргізеді;
Сабақтың оқу мақсаты:
Ғалымдар, дизайнерлер мен суретшілер арасында қарым-қатынас жүргізе отырып, тарихи дәуірлер мен бірқатар мәдениеттердің әр түрлі мәнмәтіндері жайлы түсініктерін көрсету.
Термин сөздер:
Үстел үсті ойындары - Настольные игры- Board games
Түптұлға- Прототип - Prototype
https://www.youtube.com/watch?v=IkEzk_Oarqo
«Қазақ хандығы» деп аталатын жаңа үстел ойыны
Үстел ойындары (ағылш. board – ағаш тақтай, ағылш. game – ойын) — үстел үстінде алдын ала дайындалған «ойын алаңын» пайдаланатын ойындар. Бұл ойындардың дәстүрлі түрлері:
шахмат,
нарды,
го,
сёги.
Бұл ойындарда белгілі қалыппен сызылған дайын ағаш тақтай қолданылады.
Ойын барысында ойын алаңымен бірге көбіне текшелер немесе карточкалар қолданады. Олар ойынның кезекті жүрісін немесе ұпайларды белгілейді
Үстел үсті ойындары
Үстел үсті ойынының классификациясы
SENET
Ойын алаңы пайдаланатын үстел ойындары ежелгі заманнан белгілі. Солардың бірі — б.з.б. 3500 жылдары Ежелгі Мысырда кең тараған сенет ойыны. Сенет —Ежелгі Египет елінде пайда болған шашка тәріздес ойын, және ерте ежелден осы күнге дейін атақты үстел үсті ойынның бір түрі.
MANCALA
Манкала – (араб терминінен аударғанда -«қозғалту» деген мағына береді)үстел үсті ойыны. Манкала ойыны екі адамға арналған . Ол әлемде (әсіресе Африка мен Орталық Азия, Оңтүстік-шығыс Азия және Орталық Америка) кеңінен таралған.
UR
Бұл ойын тақташасы Ежелгі Шумер қаласындағы УР ханшайымының табытынан (б.з.д. 2500ж. бұрын) табылған. Али күнге дейін нақты атауы жоқ. Бұл «УР» үстел үсті ойыны 2 адамға арналған, 14 фишкадан және 3 бөліктен құралған. Қазіргі кезде түп нұсқасы Британ музейінде сақталуда. (5000 ж). Бұл ойынның ережелері әлі күнге дейін беймәлім, және бірнеше нұсқалары қарастырылған.
TAFL
Тавлей- Ежелгі Викинг үстел үсті ойыны. Шашка тәріздес ойын. Ойынның ережесінде тақтайшаның ортаңғы бөлігінде орналасқан Ханды шетіне қарай белгілі ереже бойынша қозғалту. Қай ойыншы бұрын шетіне шығарса сол жеңімпаз болып есептелінген. Кейін келе «шашка» атауын алды.
Vaikuntapaali
«Жылан және саты» ойыны. Ежелгі Үнді елінде пайда болған. Ойын ережесінде ойын сүйегін лақтырып, шыққан сан бойынша жүріп отыру керек. Кім бірінші жоғары ұяшыққа жетсе, сол жеңімпаз атанады.
Оқушыларды үстел үсті ойындарының типтері бейнеленген карточкалар арқылы топқа бөлу. Мыс:
1. Кішкене көлемді ойындар (сарбаздар, темір жол және т.б.);
2. Қалам мен қағаздармен ойнау (крестик және нөл, теңіз шайқасы, балда, нүкте және т.б.);
3. Ойын алаңы бар үстел үсті ойындары (шахмат, шашка, нарды, диірмен және т.б.);
4. Өрнек және тақтайшаға негізделген ойындар (маджонг, домино және т.б.);
5. Рөлдік ойындар (мафия және т.б.).
Тапсырма №1:
Үстел ойынынан бір ойын таңдап, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Сіз қалай ойлайсыз, ойынның мақсаты/мәні неде?
Ойын арқылы белгілі бір дағдыларды дамытуға болады ма? Қандай?
Таңдаған ойындарыңызға ұқсас қандай түрлерін білесіз?
Сіздің ойыңызша, осы үстел ойыны алғаш қай уақытта пайда болды?
Таңдап алған үстел ойыныңыз басқа ойындардан немен ерекшеленеді?
Ойынның нұсқаулығы, ережелері мен құрылымы қандай?
Үстел ойынының шығу тарихы мен мүмкін болар қызықты дәлелдемелерді, ерекшеліктері мен ойын аналогтарын зерттеп, постер немесе электронды таныстырыңыздар.
Тапсырма №2
Қолда бар материалдардан өздеріңіз зерттеген үстел үсті ойындарыңыздың прототипін (түптұлғасын) орындаңыз.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар өздері қалаған үстел үсті ойындарын жан-жақты зерттеп, (АКТ мүмкіндіктерін пайдалана отырып), постер немесе таныстырылым жасайды.
Қолда бар материалдардан үстел үсті ойындарының түптұлғасын (прототип) орындап, тәжірбие жүргізу.
Бағалау критерийлері:
Үстел үсті ойындары туралы түрлі қызықты деректерді қарастырып, олардың тарихи және мәдени туралы түсініктерін көрсетеді;
қолда бар құралдар мен материалдардың көмегімен таңдап алынған үстел үсті ойындарының прототиптерін дайындап, тәжірбие жүргізеді;
Сұрақтарға топпен немесе жеке жауап беріңіздер:
Не үйрендім?
Қайсысы оңай болды?
Қайсысы қиын болды?
Тағы не үйренгім келеді?
Post-It «Жапсырмалар»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?