Көркемдеп безендіру мен жұмыстарын таныстыру. Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім: Сәндік қолданбалы өнер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Көркемдеп безендіру мен жұмыстарын таныстыру.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.1.1

Онлайн платформадағы ауқымды аудитория алдында дайын жұмыстарды қорғау және оны ұсыну (онлайн форумдар, әлеуметтік желілерде)

 Сабақ мақсаттары

        • Мозаика панно жұмыстарын безендіру және дайындау.
        • Мозаика панно жұмыстарын аудитория алдыңда сенімділікпен қорғау және ұсыну.

 Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Өз идеяларынан туындаған мозаика панно жұмыстарын безендіреді және талдайды;
  • Дайын мозаика панно жұмыстарын кең аудиторияда таныстырады және ұсынады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • Мозаика панно жұмыстарының ерекшеліктері мен мағынасын толығымен сиппаттайды.

Пәндік лексика және терминология:

  • Табиғи тастардан мозаика- Мозаика из натурального камня- Mosaic from a natural stone
  • Әйнек мозаика- Стеклянная мозаика- Glass mosaic
  • Керамикалық мозаика- Керамическая мозаика- Ceramic Mosaic
  • Жылтырақ мозаика- Глянцевая мозаика- Glossy mosaic

Мозаика, әктеу, сылау, құрастыру, қаптау, панель, панно, сюжет, контур, түстер үйлесімі, өрнекті тас, жазықтық, тегістік, түстің жарқырауы, тізу, желімді негіз, жік, тегіс, жылтыр қабат;

Сөйлемге қажетті сөз тіркестері:

  • Бұл мозаика панносы …. аумағында талап етіледі.
  • Бұл мозаика панносы…. тәсілі арқылы орындалды.
  • Бұл мозаика панносының тартымдылығы
  • Бұл мозаика панносы …. технологияда тиімді қолданылады.
  • Қиындықтың негізгі себебі…

 Құндылықтарды дарыту

Өзгелердің көзқарасын бағалау және сыйлау

Оқушыларды жұппен және топпен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру

Эстетикалық талғамдарын дамыту

Оқушыларды жауапкершілікке және біріге жұмыс істеуге тәрбиелеу

 Пәнаралық байланыстар

Өнер, тарих, химия, технология пәндері бойынша пәндік теорияны қолдану

 АКТ қолдану дағдылары

Берілген сабақ барысында оқушылар зерттеу барысында қажетті ақпарат жинау үшін АКТ дағдыларын қолданады және мәлімет іздеу, таңдау, құрастыру, дәлелдер мен дәйектер арасында байланыс орнату барысында өзіндік жұмыс дағдыларын дамытады.

Бастапқы білім

Мозаика панносын орындау тақырыба бойынша жұмыстарын бақылау және

 

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин.

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың басында оқушылар назарын аударуға

екпін жасау.

Өткен сабақта оқушылар өз мозаика панно жұмысын толығымен бітірген болатын. Бүгінгі сабақта оқушылар сол жұмыстарына таныстырылым жасауға дайындайды.

Бейнефильм көрсету.

Оқушылардан бейне көрініске байланысты алған әсерін сұрау.

  • Бейне роликтен не байқадық?
  • Қандай ой түйдіңіздер?
  • Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар?

Жаңа сабақтың тақырыбын оқушылар назарына таныстырылып, бүгінгі сабақтың мақсатын, бағалау критерийлерін, және тілдік мақсаттарға нақтылап түсіндіру.

Астанадағы Ұлттық Мұражайда Итальяндық Шеберлердің Көрмесі Өтті

http://kazakh-tv.kz/kz/view/culture/page_176906_italian-mosaic-works-exhibited-in-astana

Сабақтың ортасы

5 мин.

10 мин

Тәжірбиелік жұмыстың таныстырылымын орындау кезеңдері:

Өз жұмыстарының (мозаиканың) таныстырылымын топтарда отырып дайындаңыздар. (Ол көрме, бейнеролик немесе слайдта жасалған таныстырылым болуы мүмкін және онда мозаиканы жасау кезеңдері толық көрсетілуі керек.)

Егер орындалған бұйым (мозаика, панно) немесе жұмыс шағын болса, онда көрмеге ілетін, қоятын орнын, құрылғы таңдауларыңыз керек. Өз жұмыстарын безендіру, әдемілеу формаларын ойластырады (орнықтыру, бекіту, біріктіру, жиектеме жасау).

Тапсырма. Топтық жұмыс.

Дайын болған өнер туындыларына қосымша қажетті материалдармен безендіру жұмыстарын жүргізіп, кең аудитория алдында қорғаңыз. Жұмыстарды таныстыру (қорғау) барысында қажетті сөз тіркестерін қолдану ұсынылады. Көрме жұмыстары.

Әр оқушының жұмысына объективті түрде баға беру керек (кері байланыс). Осы кезеңге арнайы маман (суретші) немесе мектеп әкімшілігін шақырып қатыстыруға болады.

Таныстырылым кезінде оқушылар өз жұмыстарына басқа оқушылардан талдау, бағалау арқылы кері байланыс алады.

Тапсырманы бағалау критерийлері:

  • Өнер туындыларына қосымша материалдармен безендіру жұмыстарын жасайды;
  • Аудитория алдыңда өз жұмыстарын (көрме жұмыстарын жасайды) қорғайды.

http://artmosaic.su/vystavki Мозаика жұмыстарының көрмесі

Керамикалық плиткілер және мозаика салондарының таныстырылымы.

https://www.youtube.com/watch?v=8DI0OSfY_ZQ

Сабақтың соңы

5 мин.

Рефлексия: оқушылар бөлім бойынша орындаған жұмыстары туралы топ арасында талдау жүмыстарын жүргізе отырып, бір- бірлеріне болашақта қай орындарда қолдануға болатындары туралы ұсыныстар беруге болады.

«Талқылаудағы әріптестер»

Серіктеспен, жұппен, топпен талқылау, ұсыныстар ұсыну.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

 Сабақ барысында оқушылардың жеке қабілеттерін қолдап, дамыту мақсатында ашық және жабық сұрақтар қою.

Бақылау,

Кері байланыс

Бағалау критерийлері

Жұмысын қорғау кезіндегі бағалау.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Құралдарды ұқыпты қолдана білу, жұмыс орнын бейімдеу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу