Мозаика панносын орындау . Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, қосымша материал, 4 сабақ.
Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық
«Мозайка панносын орындау» тақырыбына арналған сабақ «Сәндік қолдаңбалы өнер» бөлімінің төртінші тақырыбы. Бұл сабақта оқушылар өткен сабақта алған білімдерін қолданатын болады. Яғни, мозайка панносына арналған нобай мен техникалық құжаттарға сәйкес топта тәжірбиелік жұмыстар орындайды. Жаңа тақырыпты бастамас бұрын оқушылар өткен сабаққа қысқаша шолу жасаңыз.
Сұрақтарды қою арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындауға кірісіңіз. Ол үшін тақырыпқа сай бейнефильм көрсетіңіз. Мақсаты: Бейнефильм арқылы қалдық заттар немесе шыны ыдысы мен плиткілердің ұсақ элементтерін қолдана отырып, мозаика жасау арқылы оқушылардың алғашқы түсінігін қалыптастыру.
Бейнефильм көрсетіп болғаннан кейін оқушыларға бірнеше сұрақ қою арқылы тақырыбын бірге аңықтаңыз.
Одан әрі сабақтың тақырыбы мен мақсаты, бағалау критерийлері мен тілдік мақсаттарын тақтада көрсетіңіз. Оқушыларға тәжірбиелік жұмысты бастамас бұрын алдымен негізгі 10 кезеңімен таныстыру ұсынылады. Таныстырып болғаннан кейін кейбір оқушыларда сұрақтар туындауы мүмкін. Жауап беруге тырысыңыз.
Тәжірибелік жұмыс жасау кезінде оқушыларға техника қауіпсіздігін сақтауын ескертіңіз. Мысал ретінде оқушыларға қағаз бетіне шығарып беруіңізге немесе тақтада іліп қоюыңызға болады;
Мозаика панносын дайындау барысында техника қауіпсіздігін сақтау:
- Жұмыс жасау орындарын таза ұстау керек;
- Арнайы киім (фартук, халат, қолғап, көзілдірік және т.б.) кию керек;
- Ұшты және өткір заттармен жұмыс жасау барысында ұқыпты болу керек;
- Электрлі немесе қол құралдарын пайдаланған кезде абай болу керек;
- Желім, бояу сияқты құралдармен жұмыс жасау барысында дененің ашық немесе көзге тамып кетуін қадағалау керек.
Тәжірбиелік жұмысты орындау барысында оқушыларға арнайы музыка тындатуға болады. Оқушының орталық нерв жүйесіне, яғни, жүйкесіне әсер етіп, ой - өрісін жетілдіреді, рухани дүниелерін байытады, сезімталдыққа, нәзіктікке, қайырымдылыққа тәрбиелейді.
Музыка ырғағымен практикалық жұмыс жасау.
https://www.youtube.com/watch?v=bGu9cwsirT0
Тәжірибелік жұмыс. Топтық жұмыс
Оқушылар мозаика панносының орындаудағы алғашқы кезеңдерін орындайды. Оқушылар тәжірбиелік жұмысқа қажетті құрал- жабдықтарын, жұмыс орның, материалдарды дайындап алады. Оқушылар өткен сабақта бөлінген топ арасында жұмыстарын жалғастыратын болады. Тәжірбиелік жұмысты орындамас бұрын оқушыларға күнделік арнап, орындалу барысындағы кездесетін оңай тұстарын, қиыншылықтарды белгілеп топ арасында өзара талқылау жұмыстарын жүргізіп, жазып отыруды ұсыныңыз.
- Қажетті құрал- жабдықтарды тексеру;
- Нобайға сүйене отырып түстік шешімдерді дұрыс пайдаланып бөлшектерді орналастыру немесе жабыстыру.
Тәжірбиелік жұмыс орындау барысында оқушыларға қосымша көмек қажет болған жағдайда көмектесуге болады. Немесе бағыттау жұмыстарын жүргізу ұсынылады.
Оқушыларға орындайтын тапсырмалармен таныстырып болғаннан кейін, тапсырманы бағалау критерийлерімен таныстырыңыз. Мыс;
Тапсырманы бағалау критерийлерге тоқталып өтіңіз.
Сабақтың соңғы бөлігінде кері байланыс алу ұсынылады. Мысалы;
Рефлексия:
«2 жұлдыз және бір тілек»
Сабақтағы қауіпсіздік ережелері
Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.
1 қосымша
Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:
- жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
- оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
- құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
- бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
- жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
- жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
- басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
- жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.
Желіммен жұмыс жасау кезінде –
- желім жұмыс жасаған уақытында қажет жағдайда қылқаламды пайдалан;
- желімді керек мөлшерде ғана ал;
- артық желімді жұмсақ матамен алып таста;
- жұмыстан кейін қылқаламды жақсылап сабынмен жу.
Әйнек немесе керамикалық плиталар кескішпен жұмыс жасау кезінде –
- кескішті дұрыстап ұстауды үйрен;
- жұмысты астына тақтайша немесе қатты затты қойып жаса;
- кескішпен ойнама;
- кескішті арнайы орынға қойып қоюды ұмытпа.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?