Бейнелеу өнеріндегі заманауи бағыттары (поп арт, инсталляция және т. б.) Сабақ түрі: Өз бетімен зерттеу. Көркем еңбек (ұлдар), 7 сынып, қосымша материал 2.
Абстракционизм (ағылш. abstractio — дерексіздік, бөлініс, оқшаулық) — қазіргі заман өнеріндегі қоршаған ортаны бейнелеуде нақты қаттарды ескермейтін ағым. Абстрактілі өнер шындықты тiкелей керсетпейтiндiктен, оны кейде «затсыздандырылған», деп айтады.
Ол үшiн бейнеленетiн нерселердiң көркемдiк бiтiмдерi (кеңiстiктегi формалары, аумағы, бояуы,т.б.) маңызды емес, бiрiншi орынға суреткер-тұлғаның субъектiлiк көңiл-күйi шығады.
Абстракционизм 1910 ж. Мюнхенде, Амстердамда, Мәскеуде шамамен бiр уақытта қалыптасты да, 1930 ж. Париж бен Нью-Йоркте кеңiнен өрicтедi. Абстрокционизмнің эстетикалық бағдарламасын 1910 ж. В.Кандинский «Өнердегi руханилық туралы» еңбегiнде айқындап бердi.
Абстракционизм eкi бағытта дамыды: оқыс бояулар мен кескiндердiң қиюласуын үйлесiмдi етуге ұмтылу жене геометриялық абстракцияларды құрастыру.
Бiрiншiсi экспрессионизм және фовизм тәрiздi ағымдармен түбiрлес болып, түcті заттық шындықтан толық ажыратқысы келдi.
Осы бағытта Оп-Арт деп аталатын, бояудың қиюластығын елестететiн музыкалық және басқа да ассоциациялардан туатын синестезия идеясына негiзделген aғым пайда болды. Бұл түрдегi абстракционизмнің кубизммен ортақ шыққан тегі бiр болғанымен, одан айырмашылықтары да болды. Абстракционизмнің осы бағытының тармақтары бiрнеше: М.Ларионовтың сәулешiлдiгi, К.Малевичтiң супрематизiмi, Л.Попованың стиль тобы.
1917 жылы Голландияда жаңа пластицизм идеясын ұсынды: геометриялық бiтiмдердiң анықтылығы, айқындылығы және қарапайымдылығы табиғат ретсiздiгiнен жоғары тұрады. Абстракционизмнің кейбiр көpiнicтepi дадаизм мен сюрреализм өкiлдерiнiң кейбiр шығармаларынан байқалады. Eкi дүниежүзiлiк coғыc арасында Францияда әр ұлттың және әр бағыттың өкiлдерiн бiрiктiрген абстракционизм топтары болды: «Нақты өнер», «Шеңбер мен төртбұрыш», «Абстракция мен шығармашылық».
50 жылдан бастап АҚШ-та «абстрактi экспрессионизм» (М.Ротко, Л.Горки, Дж.Поллок т.б.) деп аталатын, өз әдicтерiн «таза психологиялық автоматизм» деп жариялаған мектептер пайда болды.
Абстракационист — кескiндемешiлер заман динамикасын бiлдiретiн өзiндiк әдicтер мен тәсiлдер қалыптастырды, олар бүгiнгi күні дизайнда, театр, кино мен теледидарда және бөлмелер интерьерi мен қызметтiк офистердi көркемдеуде кең қолданыс тауып келеді. Көркемдік форманың қандай да кқріністерінен (фактура, аумақ, бояу) бас тартқан абстракті өнердің алғашқы үлгілерін Германияда В.В.Кандинский, Францияда Р.Депоне, Испанияда Ф.Пикабия, Ф.Купха, Ресейде К.С.Малевич, М.Ф.Ларионов, Н.С.Гончарова, Нидерландтағы жаңа пластикалық өнер өкілдері П.Мондариан, Т. ван Дусбюр] т.б. жасады. 1-дүние жүзілік соғыстан кейін Абстракті өнер көріністері дадаизм мен сюрреализм өкілдерінің жекелеген шығармаларынан байқалды. Сонымен бірге архитектурада, безендіру өнерінде бейнесіздікке ұрыну, математикалық және инженерлік талаптарға бағынатын құрылыстар салу бағыты пайда болды (“Стиль”, “Баухауз” топтарының тәжірибесі). 1930 жылы басында негізінен Францияда әр ұлттың және әр бағыттың суреткерлерін біріктірген абстракті өнер топтары болды (“Нақты өнер”, 1930 ж; “Шеңбер мен төртбұрыш” 1930; “Абстракция және шығармашылық” 1931 жылы). Бірақ абстракті өнер ол кезде кең қанат жая алмады, 30 жылдардың ортасында бұл топтар ыдырап кетті. 2-дүние жүзілік соғыс жылдарында АҚШ-та “абстракті экспрессионизм” (кескіндемешілер Дж.Поллок, М.Тоби т.б.) деп аталатын, өз әдістерін “таза психологиялық автоматизм” деп жариялаған, оқыс бояулар мен кескіндердің қиюласуын дәріптеген мектептер пайда болды. 50 жылдары абстракті өнер көркемөнердегі негізгі түрлердің біріне айналды. 60 жылдардың ақырына дейін Абстракті өнер ресми танылған жоқ, сыңаржақ бағаланды. Қатаң идеологиялық қысымға қарамастан абстракті өнердің әр түрлі бағыттары пайда болды.
Реализм[1] (лат. relіs — заттылық, шындық) — әдебиет пен өнерде өмір құбылыстарын шынайы қалпында, нақтылық белгілерін сақтай отырып, жинақтап бейнелейтін көркемдік әдіс. Реализм әдісі өмір құбылыстарын, маңызды қоғамдық мәселелерді, күнделікті тұрмыстағы сан алуан жайттарды мейлінше кең қамтып, әлеум. қайшылықтарды, адам бейнесін терең ашып көрсетуді мақсат тұтады. Реализмнің өмір шындығын бейнелеудегі әдісі, стильдік формасы алуан түрлі.
Романтизм әдісі көбіне сирек кездесетін ерекше жағдайларға көңіл аударса, Реализм айналадағы нақтылы өмір құбылыстарын толық көрсетуді қажет етеді. Реализм болмыстың ең маңызды сипатын сұрыптап, көркем образ арқылы бейнелейді, өмір шындығын анық кескіндейтін образдар жүйесін жасайды. Реализм өмірде үнемі кездесетін нақтылы жағдайларды, адамның іс-әрекеттерін бейнелеуді басты міндет санайды, дегенмен оған алға ұмтылушылық, алыс арманға, асқақ қиялға бойұрушылық мүлде жат деп түсіну дұрыс емес. Алайда реалистік әдістің негізгі ерекшелігі — өмірдегі типтік жағдайларды кеңінен қамтып, қай құбылыстың болсын даралық белгілерін де, жинақталған көптеген құбылыстарға ортақ сипаттарын да нанымды суреттеп, нағыз типтік дәрежедегі көркем образдар, бейнелі тұлғалар жасау.
Авангардизм, авангардшылдық (фр. avant-gardisme — алғы шептегілер) — қалыптасқан қағидалар мен дәстүрден, өмір бірқалыптылығынан алшақтай отырып, көркем мәдениетті жаңғыртпақ болған мәдени ағым. Авангардизм XIX ғ. аяғы мен XX ғ. 60—70 жылдарында өрістеді. Ол модернизмнің тым өсерленген бағыты ретінде қалыптасты. Авангардизмнің басты мәнісі—мәдени мирасқорлықтың маңызын кемітіп, «мәңгі құндылықтар» деген ұғымды қайта қарау. Авангардизмнің пайда болуына философияда постклассикалық ағымның (Шопенгауэр, Ницше, Бергсон, Хай-деггер, Сартр т.б.) ықпал етуі; психологияда — фрейдизм мен психоанализдің қалыптасуы, лингвистиканың мәдениеттанулық деңгейде көрінуі; еуропаорталықтық принциптен бас тартып, шығыстық мәдениеттерге, дінге назар аудару; теософия, антропософия жаңа эзотериялық ілімдердің жандануы үлкен әсерін тигізді. Авангардизм ұғым-терминін өнертануда алғашқы рет қолданысқа енгізген француз көркем өнер сыншысы Т. Дюре болды. Авангардизм өкілдері өнерді өмірден айырып қарап, оның әлеуметтік маңызын жоққа шығарды, өнердің ерекше эстет, табиғатын әсіреледі. Реализмді теріске шығарғандардың барлығы өздерін «авангардшылар» қатарындамыз деп есептеді: тарихи-мәдени маңыздылығы бойынша авангардизмнің екі бағытын айыруға болады: ғаламдық және шағын аумақты. Соңғылары өздерінің жеке ізденістері мен тәжірибелері арқылы жалпы авангардизмнің ықпалын күшейтті. Авангардизм өнердің әр саласында өзінше көрініс тапты: театрда реалистік декорация абстракті конструкциямен алмастырылды, қойылымның шарттылығына, еркіндігіне ерекше назар аударды (Б. Брехт, Вс. Мейрхольд, Е. Вахтангов т.б.); әдебиетте (А. Бехер, П. Элюар, М. Пруст, Ф. Кафка, Э. Ионеско т.б.) жаңа рәміздік-шарттылық тәсілдер кеңінен қолданылды; бейнелеу өнерінде (П. Пикассо, М. Шагал, С. Дали, Маттисс т.б.) абстракшылдықтың, дадаизмнің, сюрриализмнің, конструктивизмнің т.б. тәсілдері алдыңғы қатарға шықты; музыкада, әсіресе, таспаға жазып алу және электронды синтезатордың пайда болуы, оны XX ғ. ырғақтарына сәйкестендірді; сәулет өнеріндегі авангардизм стиліндегі ғимараттар адамзат қиялының нәтижесі ретінде көрініс тапты. Ғасыр басында авангардизм бағыты қаншама әділ сынға ұшырағанымен, өзінің мәдени құндылығын жоғалтпады.
Сюрреализм (фр. surréalisme — сверхреализм) — модернистік өнердің бір бағыты. Оның негізін салушылардың бірі француздың ірі ақыны Г. Аполлинер (1880 – 1918). Ол поэзия мен театрдың буржуазиялық тіршіліктен жоғары тұрғанын қалады. 1917 жылы жазылған «Груди Тиресия» (Тиресияның кеудесі) атты «сюрреалистік драмасының» алғысөзінде және 1918 жылы жарық көрген «Жаңа уақыт рухы және ақындар» мақаласында Аполлинердің сыртқы шынайлықты ғана бейнелейтін буржуазиялық драматургияға және сол кездері «асқан сұлулықты» жалау етіп, адам жанының тереңіне бойлай алмай жатқан символистік театрға деген қарсылығы, эстетикалық идеялары көрініс тапты. Аполлионер жырлаған "буржуазиялық тіршіліктен жоғары тұру" деген ұранды суреткер-модернистер шынайы өмірден биіктеу және ирреальды, яғни адам санасының астындағыны көрсету деп түсінді.
Сюрреализм (асқан шындық) Францияда басталған өнер ағымы болып, дадаизм ағымын қайнар етеді. Сюрреализм 1920-1930 жылдары аралығында еуропалық өнер мен әдебиетте қатты дәурендеді және кейінгі мәдениетке өз әсерін тигізді. Теориялық негізін Зигмунд Фрейдтің психоанализінен, және Бергсонның интуиция ілімінен қабылдады. Олар интуициялық түйсікті, жанның шындықтан тұйықталған ішкі сезінімін, жасырын сана мен санасыздықты дәстүрлі қалыпты бұзған тәсіл-амалдар арқылы көрсетіп беруге тырысты. Олардың қозғалысын сюрреализм қозғалысы, немесе асқан шындыққа талпыныс деп те атайды.
Модерн , модерн стилі (фр. moderne – ең жаңа, қазіргі) – XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Еуропа және Америка елдері өнерінде орын алған стильдік ағым.Модерн Бельгия, Ұлыбритания мен АҚШ-та – “жаңа өнер”, Германияда – “югенд-стиль”, Австрияда – “сецессион стилі”, Италияда “либерти стилі”, Испанияда – “модернизм” деген атпен белгілі.Ол символизм мен эстетизм идеяларын, Ф.Ницшенің “өмір философиясын” дамытты.Модерн өкілдерінің (У. Морристің социалдық утопиясына сүйенген бельгиялық археологиялық әрі дизайнер Х.К. ван де Велде) пікірлеріне қарағанда ол қоғам құруға ықпал жасарлық жаңа өмір стилі, адам баласына эстетикалық ләззат алар орта мен тұрмыс жағдайын туғызу, байырғы дәстүрден бөлек, қазіргі конструкцияларды пайдалану арқылы өнерге жаңа жол салу болып табылады.
Модерннің негізгі принциптері – қоғамға сай ғимараттар тұрғызу, өнер арқылы дүниені өзгертуге талпыныс жасау. Модерн XX ғасырда архитектураның дамуына елеулі ықпал жасады. Ол сәулет өнеріне конструкциялықты, көркемдік бірлікке, функциялыққа негізделген еркін жобалауды, жаңа құрылыс материалдарын (темір, бетон, шыны, табиғи тас, жылтыр кірпіш, жұқа тақтай, кенеп) жан-жақты пайдалануды әкелді. Қала салу ісіндегі бір жүйелілік пен Сурет:Симметриялыққа модерн сәулетшілері алдыңғы жағы әр түрлі ғимараттарды кеңістікке еркін орналастыруды қарсы қойды. Жаңа техника әкелген түр тудырудың мол мүмкіндігі ғимарат бейнесін көркейте түсудің басты құралына айналды. XX ғасырдың бас кезіндегі кейбір сәулетшілер функционализмді ерекше құптап, ғимарат қаңқасын әсерлей (Германияда П.Беренс, Австрияда О.Вагнер, Францияда Г.Перре, Россияда Ф.О. Шехтель салған ғимараттар) түсуге ден қойды. Модерн стилінде өрнек салу затты әсемдеумен қатар оның композициялық құрылымын қалыптастыру құралы болып табылады. Бельгия сәулетшілері салған ғимараттар интерьеріндегі толқынды сызық пен өрнек тынысты кеңейтіп, еңсені көтере түседі. Қондырғылы, сән және қолданбалы өнердің бір-бірімен астаса дамуы – модерн стиліне тән қасиеттің бірі. Ол графикадан да орын алды.
Поп-арт (ағылш. рор аrt - көпшілік өнер) - 20 ғасырдың 50 жылдары ортасында пайда болған ағылшын-американдық өнердін бір бағыты. Оның теор. негізгі прагматизм эстетикасы болып табылады ("өнер тілі іс жүзінде қолдануға пайдалы болуы керек"). Бірқатар сыншылар Поп-артты абстракционизмге реакция ретінде қарастырады. Поп-арт теоретиктері әрбір бұйым белгілі бір контексте өнер туындысына айналады, өзінің алғашқы мағынасынан ажырап, көркемдік сапаға ие болады деп санайды. Заттық дүниені эс-тетизациялау Поп-арттың үстанымына айналған. Поп-арт - бұл тұрмыстық бұйымдардың композициясы. Кейде олар муляжбен (заттың бітімін дәл беретін бедер) немесе мүсінмен ұштасуы (бірлесіп бейнеленуі) мүмкін.Оның теориялық негізі прагматизм эстетикасы болып табылады: өнер тілі іс жүзінде қолдануға пайдалы болуы керек. Көркем бағыт ретінде Поп-арттың көптеген түрлері бар. Поп-арт (көркем ұйымдастырылған оптик. әсерлер, геометрияландырылған тұзу сызықтар мен дақтардың комбинациясы); Эл-арт (электромотор көмегімен қозғалатын бұйымдар мен констукциялар); Поп-арт терминін 1965 ж. ағылшын көркемөнер сыншысы Ф.Элоуэл енгізді. Бүл бағыт сәуегейлік мәдениеттің ең көп таралғаи құбылыстарының бірі. Поп-арт ағымының өкілдері: П.Блейк, Р.Смит, Р.Раушенберг, Э.Уорнхолл, Д.Сигал, т.б.
Оптикалық өнер (оп-арт- қысқартылған версиясы) - жазық және кеңістіктегі фигуралардың ерекше әсеріне негізделген, әртүрлі оптикалық иллюзияларды қолданылатын, XX ғасырдың екінші жартысындағы бейнелеу өнерінің ағыны. Оптикалық иллюзия- жалпақ және кеңістік фигураларының ерекшеліктеріне негізделген көз иллюзиялырының өнері. Оптикалық иллюзия бастапқы кезден көру жүйесінің қабылдауында орын алады: сурет тек қана қағаз бетінде емес, көрерменнің көзінде де, миында да болады. Оптикалық иллюзиялар адам көз жүйесінің бейнені қабылдау заңдылықтарын анықтауға көмектескендіктен психологтар оған көп көңіл бөлген. Олар жасаған визуалды тесттер эксперименттерге ұқсас болды. Шын объектілерді қабылдаған кезде иллюзиялар жиі туындамайды. Сондықтан, адам перцепциясының жасырын механизмдерін анықтау үшін, көзді әртүрлі жағдайларда сынау және оған әртүрлі тапсырмаларды орындату керек болды. Гештальтпсихология графикалық бейнелері сияқты суреттер көз жүйесінің қабылдау принциптері туралы заңдылықтарды ашуға көмектесті.
Кинетикалық мүсін я болмаса кинетикалық өнер дегеніміз — заманауи өнер туындыларының бір түрі. Бұндағы мақсат жарық пен қозғалыстың үйлесімділігіне негізделеді. Металл, шыны әйнек, ағаш және өзге де құралдар жарық құрылғыларымен қосылып, қозғалысқа түседі. Бір кинетикалық мүсінді жасау үшін жүздеген, тіпті, ауқымды болған жағдайда мыңдаған металл я өзге де жансыз заттар қолданылуы мүмкін. Алғаш рет бұл өнерге қатысты Наум Губо есімді өнертапқыш өзінің «Қозғалыстағы толқын»(«Стоячая волна») құрылғысын ойлап тапқан. Бұл ретте кинетикалық өнер конструктивизммен байланыстырылған. Кейіннен Александр Колдер, Брайан Уинтер, Хулио ле Парк сынды мүсіншілер де өз кинетикалық құралдарын шығара бастаған. Келе-келе кинетикалық өнер жоғары бағаланып, орталық алаңдар, түрлі ғимараттар мен саябақтарды көріктендіруде таптырмас мүсіндерге айналған.
https://kk.wikipedia.org/wiki/
http://zhas-zhanary.kz/?p=306
http://virtoo.ru/almanach/civilization/osnovnye-napravleniya-i-priemy-sovrem.html
http://virtoo.ru/almanach/civilization/osnovnye-napravleniya-i-priemy-sovrem.html
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?