Гүл өсіру шаруашылығындағы көктемгі жұмыстар. Көркем еңбек (ұлдар), 6 сынып, қосымша материал, 15 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық

4 бөлім: Үй мәдениеті

Сабақ тақырыбы: Гүл өсіру шаруашылығындағы көктемгі жұмыстар

Сабақ мақсаты:

6.2.5.2

Сәндік бақ өсіру мен гүл өсіру шаруашылығында көктемгі жұмыстар (топырақты өңдеу, зиянкес жәндіктерден қорғау, егу мен отырғызу ) жүргізу.

6.2.6.1

Қауіпсіздік техникасын қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану.

Сабақ барысы

Миға шабуыл.

1 топ.

Жерді өңдеу дегеніміз не? деген сұраққа инфокарта құру.

2 топ. Кроссворд шешу.

Тапсырманың нәтижесін шығар.

Жерді өңдеудің негізгі міндеттеріне кіреді:

  • Мәдени есімдіктерге қолайлы факторлармен (су, ауа, жылу, қоректік заттар) қамтамасыз ету үшін топырактың енделетін қабатына оптималды түйіршіктер, қолайлы кұрылым дайындау.
  • Арамшөптерді жою.
  • Танап топырағына органикалык, минералдык тыңайткыштарды, химиялық мелиоранттарды, улы химикаттарды енгізу.
  • Ылғалы тапшы жағдайда жинап әрі сақтау, ылғалы мол жағдайда танап топырағынан артық ылғалды оптималды түрге келтіру.
  • Топырақ қабатынағы мнкробиологиялық процестерге қарқынды әсер етумен қоректік заттардың жиналуын, сакталуын жаксарту.
  • Өсімдік шаруашылығындағы дакылдарды закымдантын зиянкестер мен ауру коздырғыштарды жою.
  • Танап топырағының оптималды терендігіне мәдени дақылдардың тұқымдарын себу.
  • Топырактың су эрозиясы мен дефляцияға тұрақтылығын арттыру.
  • Шымтопырақты, тың, тыңайтылған танаптағы болмаса кыртысты топыракта өскен көпжылдық шөптер тіршілігін жою

Сұрақтарға жауап бер:

- Құнарлы жер дегеніміз не?

- Жердің тағы қандай түрлері болады?

- Жерді өңдеу үшін қандай құрылғылар қажет?

Қауіпсіздік техникасының ережелері туралы кіріспе инструктаж.

Практикалық тапсырма

Оқушылар кішігірім топтарда "Топырақты өңдеу" деген агроном үшін буклет дайындайды. Оқушылар бірлесе буклетті жасау бойынша идеяларын ортаға салады. Топтар үшін буклеттердің тапсырмасы

1 топ. Топырақты механикалық өңдеу.

2 топ. Топырақты шағын немес беткі қабатын өңдеу тәсілдері.

Буклеттердің таныстырылымы

Буклеттерді бағалау.

Буклеттерді жасаудың критерийлерін бірлесе талқылау.

Теориялық материал

Топырақ өңдеу – ауыл шаруашылық дақылдарының өсіп-өнуіне қолайлы жағдайлар жасау үшін топырақ өңдеуші машиналар мен құралдардың жұмысшы органдары арқылы топыраққа мех. әсер ету. Топырақ өңдеу егісті арамшөптерден тазартуға, ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері мен ауру таратушыларды жоюға, сонымен қатар өсімдік қалдықтарының, шымның, тыңайтқыштар мен гербицидтердің топыраққа сіңіп кетуіне және ауыл шаруашылық дақылдары тұқымының белгілі бір тереңдікке енуіне мүмкіндік береді. Топырақ өңдеу қаншалықты тереңдікте жүргізілуіне байланысты: негізгі – жер жырту, топырақты қопармай тереңнен қопсыту, т.б.; беткі қабатты сыдыра жырту, қопсыту, тырмалау, т.б.; арнайы – тереңнен қопара жырту, т.б. болып ажыратылады. Топырақ өңдеудің қопсыту, үгіту, аудару, тығыздау, егістік бетін тегістеу, топырақты араластыру, арамшөптерді кесу, топырақ бетінде өсімдіктің қысқа сабақтарын қалдыру, микрорельеф қалыптастыру, т.б. түрлері бар. Қопсыту – топырақ бөліктерінің өзара орналасуын соқа, қопсытқыш, көп пышақты топырақ өңдегіштің көмегімен топырақта ірі кеуектілік пайда болатындай етіп өзгерту. Үгіту – қатып қалған ірі кесек топырақтарды ұнтақтау, ұсату. Қопсыту, аудару, араластыру жұмыстырмен бір мезгілде жүргізіледі. Аудару – құрамындағы суы, қарашіріндісі, қоректік заттары мен микроорганизмдеріне қарай ерекшеленетін топырақ қабаттарын тік бағытта орнын ауыстыру. Тығыздау – топырақ бөліктерінің өзара орналасуын топырақта азғантай кеуектілік пайда болатындай етіп өзгерту. Егістік бетін тегістеу – топырақтағы тегіс емес жерлерді жөндеу; сүйреткі, ысырма, тырма, таптауыштардың көмегімен атқарылады. Топырақты араластыру – органик. заттар, тыңайтқыштар, әктің ыдырау өнімдері біркелкі таралып өңделетін біртектес қабат жасау. Арамшөптерді кесу қопсыту, аудару, топырақты араластыру жұмыстарымен қатар жүргізіледі. Топырақ бетінде өсімдіктің қысқа сабақтарын қалдыру кескіш-қопсытқыштың, тереңнен қопсытқыштың, аударғыштардың, тісті тырманың көмегімен орындалады. Микрорельеф қалыптастыру (атыз, жүйек, жал, саңылау, ұя) топырақтың ауа және су режимін реттеу үшін жасалынады. Жыртуға арналған қуатты қабат қалыптастыруда табиғи құнарлылығы төмен тұзды және шымтезекті топырақтарды құнарландыру үшін арнайы Топырақ өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Ол үшін топырақтың бетіне немесе біршама тереңдігіне әр түрлі тыңайтқыштар енгізіледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу