Гүл өсіру шаруашылығындағы көктемгі жұмыстар. Көркем еңбек (ұлдар), 6 сынып, қосымша материал, 16 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық

4 бөлім: Үй мәдениеті

Сабақ тақырыбы: Гүл өсіру шаруашылығындағы көктемгі жұмыстар

Сабақ мақсаты:

6.2.5.2

Сәндік бақ өсіру мен гүл өсіру шаруашылығында көктемгі жұмыстар (топырақты өңдеу, зиянкес жәндіктерден қорғау, егу мен отырғызу ) жүргізу.

6.2.6.1

Қауіпсіздік техникасын қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану.

Сабақ барысы

Теориялық материал

 ТЫҢАЙТҚЫШТАР

 Декоративті өсімдіктер шектеулі көлем негізінде топырақты құнарсыздандырады. Сондықтан топырақтың құнарлылығын арттыру гүл шаруашылығы үшін аса маңызды болып саналады. Бағбандар топырақты қара шірікпен, көңді немесе компостты енгізу арқылы топырақ құнарлылығын арттырады.

 Ауыр топыраққа, әсіресе, сазды топырақтарға қара шірік, компсот, торф, құм салады, ал жеңілге – саз, көң және т.б. енгізеді. Әдетте тыңайтқыштардың көмегімен топырақтағы азот, калийи, фосфор қышқылының және әктің қорын толықтыруға болады. Магний, темір және басқа да қажетті элементтер топырақта қажетті мөлшерде болады.

 Азотты тыңайтқыштар өркеннің өсуіне ықпал етеді, мысалы, георгин, канн, сонымен қатар гүлді өсімдіктердің жас кезінде жақсы дамуына. Түрік атбасбұршағы, бұрщақ және лупин азот жинаушы өсімдіктерге жатады, олар азотты тыңайтқыштарды қажет етпейді. Азоттың жетіспеушілігі кезінде өсімдік майланады, вегетация кезеңі ұзарып, гүлдеу кезеңі ұзазққа созылады.

 Калий тыңайтқыштарын топырақтың құрамына, тыңайтылатын дақылдардың биологиялық ерекшеліктеріне, тыңайтқыштардың химиялық қасиеттеріне байланысты әр түрлі мөлшерде шашады. Негізгі тыңайтқыш ретінде күзде не көктемде жер жырту не культиваторлау кезінде қолданады. Қант қызылшасын, картоп, жүгері және кейбір көкөніс дақылдарын Калий тыңайтқыштарымен үстеп қоректендіреді.

 Отырғызу және себу кезінде тез әсер ететін тыңайтқыштарға барлық азотты тыңайтқыштар жатады.

 Топырақтың сілтілі және қышқыл ортасына қарай осы аталған тыңайтқыштар енгізіледі.

 Соңғысы 3 топқа бөлінеді:

 Топырақты қоректік заттармен (N, Р, К және Са) қамтамасыз етіп қана қоймайтын, сонымен қатар оның физикалық және микробиологиялық қасиеттерін жақсартатын ең жақсы тыңайтқыштардың бірі көң болып саналады. Көң топырақты қопсытады.

 Гүл шаруашылығында өсімдіктің толық өсуі кезінде суару үшін қолданылатын сұйық тыңайтқыштар да маңызды болып келеді. Сұйық тыңайтқыштардың артықшылықтары бірнеше күннен кейін тез әсер етуінде.

 Сұйық тыңайтқыштар органикалық және минералдық сипатта болады.

 Органикалық сипаттағы сұйық тыңайтқыштарға сиыр қораның тұнбасы жатады. Оны дайындау үшін 2-3 шелек таза сиыр қораны күбіге салып, сонда 15 шелек жұмсақ судан құяды. Ерітіндіге пештің күйесін қосады. 1,5 – 2 декада бойы ерітіндіні таяқшамен араластырады, 2 күн бойы тұнып тұруға қалдырады. Сұйықтық көпірши бастағанда ерітіндіні сүзіп алып, сондай мөлшердегі сумен араластырып тыңайтқыш ретінде пайдалана береді. 

 

Топырақты өңдеу дегеніміз не? тақырыбын қайталау.

  • топырақты өңдеудің негізгі міндеттерін атап өтіңіз?
  • топырақты өңдеу кезіндегі технологиялық үдерістерді қарастыру барысында негізгі іс-әрекетті атап өтіңіз(арам шөптерді жұлу, қопсыту, түзеулеу және т.б.)

Шығармашылық жұмыс

Тип почвы

Где расположена, площадь

Природная зона

Как используется

Черноземы

северная часть республики, 25,5 млн га(9,5%)

лесостепная, степная

выращивают зерновые

Каштановые

Центральный Казахстан, север Прикаспийской равнины, 90,6 млн га (34%)

Сухая степь, полупустыни

пастбища

Бурые

южная часть Казахстана, 120 млн га (44%)

пустыни

Пастбища, земледелие при орошении

Әңгімелесу

Оқушылар топырақтың түрлерінің ерекшеліктерін қарастырады. Ақпаратты альбомдарына жазып алады.

Практикалық тапсырма.

1 кезең

Оқушыларға сәндік өсімдіктердің тұқымдарын қарастыру қажет. Өткен сабақта ылғалды ортаға салған тұқымдар өскін беріп, олардың топыраққа егуге жарамдылығын қарастыру керек. Мәліметті кестеге толтыру қажет:

Гүлдердің түрі

Өсе бастаған уақыты

Егуге жарамдылығы

Тұқымның өсу жағдайы

2 кезең

Оқушылар жұмыс нәтижелерімен бөліседі.

Эскиз орындау.

Гүлді газондардың дизайнына мән беру. Гүлдерді бей-берекет отырғызбай белгілі бір идеямен отырғызуға болады. Ол үшін оқушыларға графикалық дизайн жасау қажет.

Мектеп аумағында егу жұмыстарын жүргізу

Оқушылар тамыр жайған тұқымдарды мектеп ауласында егу жұмыстарын бастайды.

 Белгілі бір қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтай отырып, бау - бақшада қолданылатын құралдардың көмегімен тұқымдарды алдын ала сызылған дизайн бойынша отырғызу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу