Модельдерді жинау және әрлеу. Көркем еңбек (ұлдар), 6 сынып, қосымша материал.


Әдістемелік нұсқаулық

3 бөлім: Дизайн және технология

Сабақ тақырыбы: Модельдерді жинау және әрлеу

Сабақ мақсаты:

6.2.3.2

ажырайтын және ажырамайтын біріктіру әдістерін қолданып, бірнеше бөлшектерден тұратын бұйым жасау

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Өткен сабақты қайталау.

Сабақтың тақырыбы, сабақ мақсаты мен бағалау керитерийлерін анықтау.

Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге анықтаңыз.

Топтарға бірігу.

«Жұпты тап» тәсілі арқылы оқушыларды жұптастыруға болады. Көлік құралдары бейнеленген суретті қажетті бөліктерге бөліп, оқушыларды сол арқылы біріктіруге болады. Бұл тәсілді пазл жинау әдісімен де салыстыруға болады. Пазл жинағандай оқушылар өзара сурет арқылы бірігіп, топтасады.

Топтық/жұптық жұмыс

Сұрақтарға жауап бер.

1.Сіздің моделіңізде қандай конструкциялық ерекшеліктер бар?

2.Сіздің жобалық бұйымыңызды жасау барысында қандай біріктіру, байланыстыру әдістері қолданылды?

3.Бұйымның функционалдық міндеті жалпы конструкцияға қалай әсер етті?

4.Қолданылған материалдың ерекшеліктері моделдің міндетіне қалай әсер етеді?

Оқушылар топта немесе жұпта сұрақтарды талқылап, сыныптастарына сұрақтарының нұсқаларын айту керек.

Тәжірибе өткізу.

Практикалық тапсырмаға кіріспес бұрын оқушыларға өңдеу үшін қандай материалдар мен техникаларды қолдану жөнінде кішігірім зерттеу немесе тәжірибе жұмысын өткізу қажет. Оқушылар бұйымды жасау тобында лактаудың тәсілдерін зерттейді.

1 кезең.

Топтарға жобалық бұйымды жасау барысында қолданылған материалдарды беріледі. Фанера, ағаш, пластик, металл, резіңке, картон, фольга және т.б. Оқушыларға тәжірибе өткізетін орынды дайындау қажет.

2 кезең

Оқушыларға бояу мен қылқаламдардың түрлі түрлері ұсынылады. Лак, морилка сияқты сұйық бояуларды арнайы ыдыстарға құйып, қолданылу барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Мұны уақытты үнемдеу үшін алдын ала жасап қойған дұрыс.

3 кезең

Практикалық жұмысты орындамас бұрын мұғалімге қауіпсіздік техникасы жөнінде инструктаж өткізу қажет.

4 кезең

Практикалық бөлігінде оқушылар берілген материалдарды лак, морилка және т.б. бояудың түрімен бояй бастайды. Тәжірибенің негізінде жасалған нәтижені таблицаға толтырады. Таблица үлестірмелі материалда көрсетілген.

Бейнематериалды тамашалау

Оқушыларға автокөліктердің көрмелерінен бейнесюжеттер көру ұсынылады.

Сұрақтарға жауап бер:

Аталмыш модельдерде оларды еліктірген не?

Автокөліктің сыртқы келбетінде не маңызды?

Бұйымыңды әсемдеу барысында неге көңіл бөлу керек?

Практикалық жұмыс

1 кезең

Бұйымның қандай бөліктерін бояп, қандай материалдар қажет екендігін талқылау қажет.

2 кезең

Жұмыс орнын дайындау. Оқушыларға практикалық жұмысты орындау үшін қажетті материалдар мен құралдарды дайындау қажет.

3 кезең

Практикалық жұмысты орындау

4 кезең

Бағалау критерийлеріне сай жұмыстың орындалу сапасын бақылау.

Жұмыстың нәтижесін ұсыну.

Оқушылар жұмыс нәтижелерімен сыныптастарымен бөліседі.

Сабақ соңында оқушылар сұрақтарға жауап беріп, рефлексия өткізеді.

Кері байланыс

Сұрақтарға жауап бер:

Бұйымды әсемдеудің маңызды кезеңдері қандай?

Сабақта алған қандай ақпарат бөліскілерің келеді?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу