Модельдерді жинау және әрлеу. Көркем еңбек (ұлдар), 6 сынып, презентация.


Сабақ тақырыбы: Модельдерді жинау және әрлеу

3 БӨЛІМ: ДИЗАЙН ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ

САБАҚ МАҚСАТЫ:

Көлік моделінің бөлшектерін өңдеу үшін материалдар мен құралдарды қолдану жөнінде түсініктерін көрсету.

Бұйымды әсемдеу.

БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

Әсемдеу үшін қолданылатын материалдарды таңдау барысында оның әсемдігі, сапасы, оның әр қарай қолданылуын ескереді;

Түрлі құралдарды қолданудың ерекшеліктерін біледі;

Бұйымды әсемдеу бойынша жұмыстарды орындайды.

Сұрақтарға жауап бер

Сіздің моделіңізде қандай конструкциялық ерекшеліктер бар?

2. Сіздің жобалық бұйымыңызды жасау барысында қандай біріктіру, байланыстыру әдістері қолданылды?

3. Бұйымның функционалдық міндеті жалпы конструкцияға қалай әсер етті?

4. Қолданылған материалдың ерекшеліктері моделдің міндетіне қалай әсер етеді?

1 кезең.

Топтарға жобалық бұйымды жасау барысында қолданылған материалдарды беріледі. Фанера, ағаш, пластик, металл, резіңке, картон, фольга және т.б. Оқушыларға тәжірибе өткізетін орынды дайындау қажет.

2 кезең

Оқушыларға бояу мен қылқаламдардың түрлі түрлері ұсынылады. Лак, морилка сияқты сұйық бояуларды арнайы ыдыстарға құйып, қолданылу барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Мұны уақытты үнемдеу үшін алдын ала жасап қойған дұрыс.

3 кезең

Практикалық жұмысты орындамас бұрын мұғалімге қауіпсіздік техникасы жөнінде инструктаж өткізу қажет.

4 кезең

Практикалық бөлігінде оқушылар берілген материалдарды лак, морилка және т.б. бояудың түрімен бояй бастайды. Тәжірибенің негізінде жасалған нәтижені таблицаға толтырады.

Практикалық жұмыс

1 кезең

Бұйымның қандай бөліктерін бояп, қандай материалдар қажет екендігін талқылау қажет.

2 кезең

Жұмыс орнын дайындау. Оқушыларға практикалық жұмысты орындау үшін қажетті материалдар мен құралдарды дайындау қажет.

3 кезең

Практикалық жұмысты орындау

4 кезең

Бағалау критерийлеріне сай жұмыстың орындалу сапасын бақылау.

Кері байланыс

Бұйымды әсемдеудің маңызды кезеңдері қандай?

Сабақта алған қандай ақпарат бөліскілерің келеді?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу