Электрлі қол аспаптары және құрал- жабдықтар. Көркем еңбек (ұлдар), 6 сынып, қосымша материал.
Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық
3 бөлім: Дизайн және технология
Сабақ тақырыбы: Электрлі қол аспаптары және құрал- жабдықтар. Тәжірбиелік жұмыс
Сабақ мақсаты:
6.2.2.1
Құрастырымды, табиғи және жасанды материалдарды өңдеу үшін пайдаланатын қол электрлік құралдарының қозғалысты беру механизмдері мен құрылысын анықтау және сипаттау
Сабаққа қажетті материал
Қазіргі заманда электрлі қол аспаптары жетерлік. Технология жылдам дамуда. Заманауи технологияны өмір тұрмысында пайдалануды үйрету заман талабы. Бүгінгі күні үй салу, жиһаз жасау, қабырғаға картина ілудің өзі жылдам жасалынады. Оның барлығы технологияның жылдам дамуына байланысты.
Тоқсанның алғашқы сабағында оқушылар электрлі қол аспаптары және құрал-жабдықтардан перфоратор, дрель-шуроповерт, электрлі лобзик және тағы басқа құрал-жабдықтармен танысады.
Егер де оқушыларға басқадай құрал-жабдықтармен таныстыруға мүмкіндік болса, тіптен жақсы.
Сабақ басталмай тұрып алдын ала материалдарды дайындап алыңыз. Электрлі құрал-жабдықтарды дайындап, оқушыларға көрсетудің амалын қарастырыңыз.
Сабаққа қажетті материалдар
Электрлі қол аспаптары және құрал-жабдықтар, постер, түрлі түсті қарындаштар, электрлі қол аспаптары туралы мәліметтер.
Сабаққа ескертпе
Тоқсанның алғашқы сабағы болғандықтан оқушыларды тоқсанның сабақтарына қызықтыру үшін оқушылармен бірге қызықты ойын өткізу ұсынылады. Мысалы, "Кеме" ойыны. Бұл ойында "Кеме", "Қайық" және теңізші сөздері ойналады. Кеме дегенде оқушылар желкені бар кеменің кейіпіне еніп, үш адам біріге қалып, кеме болады. Қайық сөзіне қарай оқушылар қайықтың образында екі адам бірігеді. Теңізші дегенде оқушылар жалғыз өздері кабинеттің бір бұрышынан екінші бұрышына дейін өз бетімен жүреді. Бұл ойын "Молекулалар мен атомдар" деп аталатын ойынға ұқсайды. Бұл ойын арқылы оқушыларды сергітіп алуға болады. Әрі топтарға бөлуге болады.
Оқушыларға сабақ алдында сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін айту қажет.
Тілдік дағдыларды дамыту.
Қазіргі таңда білім беру саласында бірнеше тілді меңгеру заман талабы. Үш тілділік еліміздің білім беру саласындағы өзекті басымдықтардың бірі.
Көркем еңбек пәнінде тілдік дағдыларды дамытуға болады ма? Әдетте көркем еңбек пәні қолмен еңбек етуді үйрететін пән ретінде қабылданады. Дегенмен тілдік дағдыларды әр пәнде өзіндік тәсілді қолдана отырып, меңгеруге болады. Бұл сабақта ұсынылып отырған жаңа сөздерді оқушылар сұрақтарға жауап беру барысында қолдана алады. Бұл оқушылардың академиялық тілді қалыптастыруларына өз септігін тигізеді.
Сұрақтарға жауап бер
Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын іске асыру мақсатында оқушыларға бірнеше сұрақтарға жауап беру ұсынылады. Бұл сұрақтар презентацияда көрсетілген картинамен тікелей байланысты.
Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы тұрмыста қазіргі таңда көбіне көп қолданылып келетін электрлі қол құралдарын атайды.
Сыныпта сұрақ қою негізінен «бастама-жауап-кейінгі әрекет» (БЖӘ) үлгісінде болады. Мысалға:
Бастама (мұғалім): Адам денесінде неше сүйек бар?
Жауап (оқушы): Екі жүз алты.
Кейінгі әрекет (мұғалім): Дұрыс.
Бұл модель әңгімеге сыныпта бастама жасайтын және де оны бақылап отыратын адам мұғалім болатын жағдайларды көрсетеді (Mercer, 1995). Бұндай сыныптарда оқушылардың білім алуына ықпал ететін диалогтік сұхбат құруға мүмкіндік болмайды. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда оқытудың тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер сұрақтардың екі түрін: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтарды кең қолданады деген пікір бар. Кей кездері төмен дәрежелі сұрақтарды «жабық» немесе «дұрыс емес» сұрақтар деп те атайды. Бұл – жаттап алуға бағытталған және де оған берілген жауап «дұрыс» немесе «дұрыс емес» деп бағаланатын сұрақтар. Ал жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және талдауға тиіс болады. Тиімді педагогика аясында бұл сұрақтардың екі түрі де қолданылады, тек қойылатын сұрақтың түрі оның мақсатына қарай өзгеріп тұрады. Оның үстіне, сұрақтарды оқушылардың білім алу қажеттіліктеріне сәйкес құру қажет. Түрлі мүмкіндіктерге және түрлі оқушыларға қарай сұрақтарды саралауға болады(Мұғалімге арналған нұсқаулық).
Бейнематериалды тамашала
Заманауи қазіргі таңда тұрмыста қолданылатын қол электрлі құрал-жабдықтар туралы бейнематериал тамашалау ұсынылады. Сұрақтарға жауап беру қажет.
Практикалық тапсырма
Бұл тапсырма оқушылардың бойында зерттеу дағдыларын дамытады.
Оқушыларды топтарға бөліп, қол электрлі құралдардың біреуін талдауға беріңіз. Оқушылар құрылғы туралы мәлімет жинақтап, сыныптастарымен жинаған мәліметтерімен бөліседі.
Таныстырылым
Таныстырылымға 2 минут беріледі. Оқушылар топта жасаған жұмыстарын таныстырып, білімдерімен бөліседі.
Кері байланыс
Сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылардың бүгінгі сабақты қаншалықты деңгейде түсінгендіктерін білуге болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?