Бұйым дайындау. Көркем еңбек (ұлдар), 6 сынып, қосымша материал, 11 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық

2 бөлім: Сәндік – қолданбалы өнер

Сабақ тақырыбы: Бұйым дайындау

Сабақ мақсаты:

6.1.6.4

Материалдардың қасиеттері жайлы білімін және тәжірибелік жұмыс істеу дағдыларын көрсете отырып техникалар, көркемдік материалдарды қолдану және эксперимент жасау.

Сабаққа қажетті материалдар:

Ыстық клей. Мастер клей. Табиғи материалдардың түрлері.Қайшы, канцеляр пышағы және т.б.

Сабақ барысы:

Сабақ практикалық дағдыларды дамытуға негізделген. Практикалық тапсырманы орындау барыссында оқушылардың өз уақыттарын тиімді қалай қолданатындығын байқауға болады. Сол себепті оқушылармен бірге әрбір сабақта шығармашылық жұмыстың қандай кезеңін жасайтындығын талқылап, бағамдай аласыздар. Бұл оқушылардың өзін-өзі реттеу дағдысын дамытып қана қоймай осы бағытта әрі қарай жұмыс істеу бағытын айқындай алады.

Көркем еңбек пәнінде оқушылар зерттейді, идея дамытады, анализ жасайды. Салыстырады.

Бұйым жасап, дайындайды. Түрлі материалдар мен техникаларда жұмыс істеу дағдыларын меңгереді. Және таныстырады. Презентация бөлігі де пәннің басты оқу мақсаттарының бірі. Дегенмен оқушының креативті ойлау, практикалық жұмыс барысында ойлау, жасау және т.б. дағдыларды көрсете алуы оқушылардың көркем еңбек пәнінде меңгеретін дағдыларының бір бөлігі ғана. Сол себепті практикалық сабақтар тізбегінде оқушылардың жұмыс істеу барысын қадағалау қажет.

Қауіпсіздік техникасы

Жалпы қауіпсіздік талаптары:

1. Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.

2. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.

3. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпта жүруге болмайды.

4. Су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды..

5. Үстелге, ДК-дің жанына сумка, портфель, кітап қоюға болмайды. Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек.

7. Пернетақтаның үстіне ештеңені қоюға болмайды.

Практикалық тапсырма

Шығармашылық жұмысты жасауға кіріседі. Оқушыларды практикалық тапсырманы орындау барысында қадағалап, бақылау жүргізіп, құрал-жабдықтармен қолдану шараларына мұқият болу қажет.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу