Табиғи материалдардың түрлері мен сипаттамалары. (Өздігінен ізденіс зерттеулері). Көркем еңбек (ұлдар), 6 сынып, қосымша материал 3.
2 БӨЛІМ: Сәндік-қолданбалы өнер
Сабақ тақырыбы: Табиғи материалдардың түрлері мен сипаттамалары.
Оқу мақсаты:
6.1.1.1-Өзінің және басқа оқушының тәжірибесіне сүйене отырып, қоршаған орта нысандарының визуалды сипаттамаларын (композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдік) түсіну және білімін көрсету
6.1.6.1-Конструкциялық, табиғи, және жасанды материалдардың физикалық, технологиялық пен механикалық қасиеттерін және олардың қолдану аясын анықтау және сипаттау
Сабақ барысы.
Оқушылар әсем бұйымдар жасау үшін табиғи материалдардың қасиеттері және олармен жұмыс істеу тәсілдерін қарастыруы тиіс.
Әр түрлі ағаш бұтақтары – иілгіш.
Қоға үлпілдегі -жұмсақ, кесуге қолайлы.
Жер жаңғағы -тесуге, кесуге оңай жеңіл, әр түрлі ойыншықтар, жәндіктер жасауға болады.
Грек жаңғағы - тең екі бөлікке бөлінеді, аққу, тасбақа,қоңыз,балапан жасауға болады.
Әр түрлі орман жаңғақтары - қатты, түстері әртүрлі, ойыншық басының бейнесін жасауға келеді .
Шырша мен қарағай бүрлері - жақсы желімденеді, адамның, жануарлардың кеудесіне келеді.
Қайың қабығы - мықты, иілгіш, тығыз, ойыншықтар жасауға жарамды.
Ағаш қабығы - қалың, қатты, тұғыр үшін пайдалануға келеді.
Мүк - тез желімделеді, аңдардың әр түрлі түктеріне келеді.
Жапырақтар - өте әсем,әр түрлі көбелек, құстар, балық жасау үшін қажет.
Құс қауырсыны - жұмсақ мамық, құс бейнесін, бетперде т.б. жақсы жасалады.
Талқылауға берілген сұрақтар.
Оқушыларға презентацияда көрсетілген бұйымдарды көрсетіңіз. Сұрақтар қойып, бұйымдардың қандай материалдардан жасалғанын сұраңыз. Материалдарды қандай үш топқа біріктіруге болатындығы жайында әңгімелесіңіз.
Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері айтылған соң, оқушыларға табиғи материалдардың түрлері мен оларға не жататындығын, түрі мен түсін, пішіні қарастырып шығу ұсынылады.
Ақмола облысы тұрғыны суретші ағаштан қандай бұйымдар дайындайтындығы жайында бейнематериал тамашалыңыз.
Оқушылар жұп пен немесе топпен табиғи материалдарды зерттеп, сынамалайды. Ол үшін бірнеше табиғи материалдарды дайындап қою ұсынылады.
Зерттеу жұмысы
1 топ - өсімдік материалдарын(жапырақтар, емен жаңғағы, түйін, сабан және т.б)
2 топ - минералды материалдар (тастар, ракушкалар, құм және т. б.)
3 топ - жан-жануарлардың (жүн, сүйек, мамық, тері және т.б.)
Тапсырманы орындау үшін үлестірмелі материалдарды қолдану ұсынылады. Бұл тапсырманы топта, жұпта, жеке орындауға да болады. Сыныптағы оқушылардың санына қарай топтастыруға да болады.
Тапсырманы орындау үшін дескрипторлар ойластыру маңызды. Бұл оқушылардың тапсырманы орындау сапасына тікелей әсері бар.
Таныстыру.
Жұмыс топта, жұпта немесе жеке орындалғанына қарамастан сынып алдында таныстырылым өткізу маңызды. Оқушылар тапсырмаға сәйкес жұмыс нәтижелерімен бөлісіп, бір-бірімен пікір алмасады. Дескрипторлар бойынша таныстырылым барысында бір-бірінің жұмыстарын бағалау құптарлық.
Рефлексия
Оқушылар сабақты не білдім? не үйрендім? сұрақтарына жауап беру арқылы аяқтайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?