Бұйым дайындау. Көркем еңбек (ұлдар), 6 сынып, сабақ жоспары.


Көркем еңбек пәнінің сабақ жоспары.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім. А : Сәндік- қолданбалы өнер.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6-сынып (ұлдар).

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бұйым дайындау.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.3.3

Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақ ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану

6.2.6.1

Қауіпсіздік техникасын қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану.

 Сабақ мақсаттары

  • Қазақ ұлттық мәдениетінің элементтерін қолдана отырып, әшекей бұйымын жасау;
  • Өздік жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техникасын сақтау.

 Бағалау критерийлері

  • Жобаны жасаудың кезеңдерін ескереді;
  • Бұйымды жасау барысында ұлттық нақышты сақтайды;
  • Материал және құрал-жабдықтармен жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техникасын сақтайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар орындай алады:

Бұйым туралы ауызша және жазбаша түрде баяндама жасап ойын түсіндіріп береді.

Пәндік тіл және терминология:

Зергерлік, білезік, жүзік, сақина, сырға, өңір жиек, алқа, бойтұмар, шашбау, шолпы.

Диалогқа/жазбаға қажетті тіркестер:

............. әшекей бұйым жасауда қандай заңдылықтарды ескерген?

Мен бұл.........таңдау себебім, ...

Мен бұны ... материалдан жасалғанын білдім.

Мен ... ........пайдалы жақтарын білемін.

Мен ... материалдар мен құралдарды қолданғанын білдім.

Бұйым мынадай ............. тұрады

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Басқа адамдарды, олардың мәдениетін, пікірлерін құрметтеу.

Мектеп және қоғам ережелерін, заңдылықтарын және құндылықтарын құрметтеу.

Қарым-қатынастағы адалдық, әділдік және ашықтық.

 Пәнаралық байланыстар

Салт, дәстүр, ғұрыпқа байланысты тарих, сызу сияқты пәндермен тығыз байланыста болады.

 АКТ қолдану дағдылары

Зергерлік өнер бұйымдарының ерекшеліктері мен құралдарын зерттеуде АКТ қолданады .

Бастапқы білім

Әлемдік және қазақтың ұлттық қолөнері мен өнер туындыларының ерекшеліктерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды орналастыру, амандасу.

Сұрақтарға жауап бер:

  • Қазақтың дәстүрлі зергерлік бұйымдарын өзге елдердің әшекейлерінен не ерекшелендіреді?
  • Ұлттық зергерлік бұйымдарда қандай ою-өрнектер қолданылады?
  • Қазақтың зергерлік бұйымдарында қолданылатын тастардың түсі несімен ерекшеленеді?

Қажетті материалдар:

Альбом, қарындаш, түрлі бояулар, фольга, түрлі көз моншақтар және т.б.

https://www.youtube.com/watch?v=QTH_uIMiBcQ

Сабақтың ортасы

10 мин

5 мин

15 мин

(С) Қазақ зергерлік өнері

Қазақ зергерлік өнерінің ерекшеліктерін тереңірек қарастырыңыздар.

(Т) Топтық жұмыс. Оқушылар топтарда заманауи ұлттық зергерлік бұйымның дизайнының эскизін жасауды ұсыныңыз.

Оқушылармен бірге тапсырманың дискрипторларын ойластырыңыз. Мысалы:

1 топ – Білезік.

2 топ – Өңіржиек.

3 топ – Шолпы немесе шашбау.

4 топ – Қапсырма.

Топтық жұмыстың таныстырылымы.

Сұрақтарға жауап бер:

  • Ұлттық ою-өрнектердің қандай түрлерін білесіздер?
  • Зергерлік бұйымдарда қандай ою-өрнектерді қолдануға болады?
  • Әшекейлеріңізде қандай ою-өрнектерді қолданар едіңіздер?
  • Ою-өрнектерді қолдану барысында әшеей бұйымдарыңыздың образы қаншалықты түрленеді деп ойлайсыздар?

Оқушылармен бірге бұйымды жасау барысын талқылап өтіңіз.

Оқушылар топта немесе жұпта(жеке) әшекей бұйымдарын жасауды жалғастырады.

Оқушылардың көңілін бұйымды жасау барысында ұлттық нақышты көрсететін элементтің көрініс табуы қажет екендігіне назар салыңыз.

Практикалық жұмыс барысында оқушылар қауіпсіздік техникасын сақтау қажет.

Источник: http://comode.kz/post/sovety-po-stilju/ukrashenija-v-kazahskom-natsionalnom-stile/

Творения казахского ювелира известны во всем мире

https://www.youtube.com/watch?v=iIEFDDJyQPg

Серьги из полимерной глины.

https://www.youtube.com/watch?v=f6UswEb4ZyI

Сабақтың соңы

5 мин

Оқушылар жеке және топта орындаған жұмыстарының нәтижелерін, түрлі әдістер арқылы (жазбаша немесе ауызша түрде, көрнекі бейне құралдары арқылы) көрсетеді. Жұмыстар критерийлер бойынша бағаланады.

Рефлексия

«Бір сөзбен түсіндір»

«Бүгінгі өткен тақырыпты нақты әрі түсінікті суреттейтін бір сөз таңда»

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Практикалық тапсырма топта, жұпта, жеке орындалады.

«Бір сөзбен түсіндір»

«Бүгінгі өткен тақырыпты нақты әрі түсінікті суреттейтін бір сөз таңда»

Қайшы, түрлі формадағы шеку немесе із түсіру құралдары т.б. заттар мен материалдарды қолданып жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техникасының сақталуын міндеттеу қажет.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу