Материалдар мен құрал-жабдықтарды таңдау. Көркем еңбек (ұлдар), 6 сынып, қосымша материал.


Әдістемелік нұсқаулық

2 Бөлім: Сәндік – қолданбалы өнер

Сабақ тақырыбы: Материалдар мен құрал-жабдықтарды таңдау

Оқу мақсаты: 6.1.6.4. Материалдардың қасиеттері жайлы білімін және тәжірибелік жұмыс істеу дағдыларын көрсете отырып техникалар, көркемдік материалдарды қолдану және эксперимент жасау

Сабақ барысы

Бұл сабақта оқушылар материалдар мен құрал-жабдықтарды зерттейді. Зергерлік бұйымдардың шығу тарихы мен олардың әртүрлі елдердегі үлгілерімен танысты. Зергерлік бұйымдарды жасаудың құрал-жабдықтары мен заманауи материалдарды қарасырады. Себебі келесі сабақта оқушылар жасайтын жобаларының нобайларын дайындайды.

Топтық тапсымар.

Зергерлік бұйымдарды жасауға қажетті материалдар мен техникаларды қарастыру.

Сұрақтарға жауап бер.

Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы қазіргі таңда әшекейлерді жасау барысында қолда бар материалдарды қолдану үдерісін қарастырады.

Қазіргі нарықтық экономика заманында адамзатпен көптеген тонна қоқыстар экологияны құртуда. Осы мәселені шешу мақсатында қолөнершілер қолда бар материалдарды қолданып, түрлі әшекейлер немесе өзге де бұйымдарды жасау үдерісінің бары байқалады. Оқушылар жобалық тапсырмаларын орындау үшін де қолда бар материалдарды қолданып, әшекейлерді жасауға болатындығын білуі тиіс.

Презентация бойынша жұмыс істе.

Әшекейлерді жасауға арналған материалдар мен құрал-жабдықтарды қарастыр. Презентацияда берілген материалмен танысу қажет. Оқушылар материалдарды әшекейлер жасайтын құрал-жабдықтарды білуі қажет. Себебі келесі сабақта оқушылар әшекей бұйымының нобайын орындайды. Осы сабақта оқушыларға құрал-жабдықтар мен материалдарды көзбе көз көріп, қолымен ұстап көру үшін сабаққа алып келіп көрсеткенің жөн.

Бейнематериал тамашала.

Оқушылар тәжірибелік тапсырманы орындар алдында сым және моншақтардан әшекей жасаудың тәсілі көрсетілген бейнематериал тамашалау ұсынылады.

Эксперимент жаса.

Оқушылар әшекей жасап көреді. Ол үшін алдымен сұрақтарға жауап беріп, жалпы әшекей жасаудың кезеңдерімен танысады.

Тапсырманы орындауға арналған критерийлер.

Бағалау критерийлері тапсырманы орындау үшін қажетті. Критерийлерді оқушылармен бірге құрастырып көріңіз. Бұл оқушылардың тәжірибелік тапсырманы орындауды қаншалықты жақсы түсінгендіктерінен хабар береді.

Бағалау.

Оқушылар тәжірибелік тапсырмаға құрастырған критерийлер бойынша бағалау жүргізе алады.

Рефлексия

Кері байланыс үшін сұрақтар қою ұсынылады.

Ескерту.

Келесі сабақта оқушылар орындалатын жобаларының нобайларын жасайды. Және сол нобай бойынша практикалық тапсырмаларын орындауға кіріседі. Сол себепті оқушыларға қандай әшекей? Және қандай материалдардан жасайтындықтары жөнінде ойланып келуін сұраңыз. Және қажетті материалдарды үйден алып келуін ескертіңіз. Олар: моншақтар, сымдар және т.б. болуы мүмкін.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу