Заманауи портрет. Көркем еңбек (ұлдар), 6 сынып, қосымша материал.


 Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

«Заманауи портрет" тақырыбына арналған сабақ «Визуалды өнер» бөлімінің кезекті тақырыбының бірі.

Оқу мақсаты: 6.2.1.1 - Қоршаған ортадағы визуалды элементтерді анықтау, таңдау, қолдану және мәнерлі құралдар арқылы өз идеясы мен сезімін көрсету.

6.3.2.1 – Өз жұмысындағы мен өзге шығармалардағы( суретшілердің,қолөнершілердің ,дизайнерлердің) қоршаған ортаның тақырыбы мен идеясын салыстырып,пәндік терминдерді қолдану.

Сабақ барысы.

Фотосуреттерде шығармашылық идеяларды жеткізу үшін қолданылатын мәнерлі құралдармен танысады. Оқушылар заманауи портрет жасаудың құрылғысы фотоөнер арқылы жасалатын портретпен танысады.

Сұрақтарға жауап бер.

Оқушылар презентацияда көрсетілген суретке қарап оның қалай түсіргендігі жайында баяндайды. Бұл суреттің жанры портрет, нақтырақ айтқанда топтық портрет.

Кесте.

«Білемін. Білгім келеді. Білдім» кестесін толтырулары қажет. Бұл кесте оқушылардың фото өнер туралы білімдерін кеңірек білуге мүмкіндік береді. Оқушылар білемін бағанына фотоөнер туралы не білетіндіктерін жазса, білгім келеді бағанына не білгісі келетіндіктеріне тоқталып, туындаған сұрақтар бойынша зерттеу жұмысын жүргізеді. Бұл оқушылардың өмірлік тәжірибелеріне сүйеніп, білім алуына жетелейді. Білдім бағаны зерттеу жұмысы аяқталған соң толтырылады. Оқушылар кестенің екінші бағанында туындаған сұрақтарға жауап бере алды ма? Зерттеу жұмысы дұрыс ұйымдастырылды ма? осы сұрақтарға жауап таба аласыз.

Сұрақтарға жауап бер.

Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы фотосурет өнеріндегі портрет жанрына жақындай түседі. Бейнелеу өнеріндегі портрет пен фотосурет өнеріндегі портрет арасындағы байланысты, айырмашылықты қарастырады. Оқушылар осыған дейін композиция түсінігімен таныс болуы мүмкін. Сол себепті портреттегі композициялық заңдылықтарға тоқталып өтсеңіз болады. Бірақ бұл түсінікті соншалықты тереңдетіп, академиялық тұрғыда емес, оқушылардың жас ерекшелігі, білімі мен өмірлік тәжірибелеріне сүйене отырып түсіндіру ұсынылады. Мысалы, фотоөнердегі «Золотое сечение», «Тереңдікті беру» түсініктері жайында айтып өтсеңіз құба құп. Себебі, «Золотое сечение» заңдылығы тіпті қазіргі заманауи смартфондар да функция түрінде енгізілген. Оқушыларға фотосуретті түсіруде практикалық жұмыс атқаруға қиындық тудырмайды.

Көршілес: Контраст түрлері.

Тапсырманы презентацияда берілген фотосуреттерді талдау арқылы өткізу ұсынылады.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқушыларға сұрақтар қойып, мысал келтіре отырып, сұрақтарға жауап беруін сұраңыз.

Практикалық тапсырма.

Бүгінгі сабақтағы білімді негізге ала отырып, практикалық тапсырма ұйымдастырып, оны бағалау критерийлеріне сай талдап шығыңыз. Кәсіби фотосуреттер. Оқушылар фотосуреттерді қарастырып, сұрақтарға жауап береді. Фотосуретке түсірудің қыр-сырымен танысады. Фотоаппараттың көмегімен түсірілген портреттерді қарастырып, оқушылардан фотосуретпен түсірілген портрет пен қолдан суретшілердің салатын портреттерінде қандай айырмашылық пен ұқсастық барын сұрастырып көріңіз.

Келесі сабақ мақсаты әртүрлі бұрыштардан жарықтық түсіру арқылы жұмыс атқару. Бұл практикалық тапсырма. Оқушылар алдымен композиция терминінің мағынасы мен шығармашылық жұмыстар орындау барысында оның маңыздылығы туралы біледі. Практикалық тапсырманы орындау үшін оқушылардың телефондарының фотокамерасы да жарай береді. Фотосуретке түсіру үшін ракурстарды таңдаған дұрыс. Оқушылар практикалық тапсырмаға кіріспес бұрын алдымен ракурстардың түрімен танысып шыққан дұрыс. Жұптасып оқушылар 5 портрет түсіру қажет.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу