Сәндік-қолданбалы өнердегі заманауи және дәстүрлі емес материалдар. Материалдар мен құрал-жабдықтармен танысу. Көркем еңбек (ұлдар), 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар.

Пәні: Көркем еңбек (ұлдар)

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2А – Бөлім.

Сәндік-қолданбалы шығармашылық.

Күні:

Сынып: 5

Сабақ: 45 минут

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Сәндік-қолданбалы өнердегі заманауи және дәстүрлі емес материалдар. Материалдар мен құрал-жабдықтармен танысу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.6.2

Бірқатар замануи және дәстүрлі емес материалдарды білу, олардың қасиеттері мен міндеттерін анықтау.

5.2.2.1

Конструкциялық, табиғи және жасанды материалдарды өңдеу үшін қол еңбегі құралдары мен жабдықтарын анықтау, сипаттау және қолдану.

Сабақ мақсаттары

  • оқушылар замануи және дәстүрлі емес материалдарды, қол еңбегі құралдары мен жабдықтарын анықтайды және біледі;
  • замануи және дәстүрлі емес материалдардың қасиеттері мен міндеттерін түсінеді;
  • пропорция, симметрия заңдылықтарын меңгереді;
  • конструкциялық тапсырмаларды орындау барысында өз білімдерін қолданады;
  • практикалық жұмыс барысында заманауи және табиғи материалдарды ажырата отырып талдау жасай алады;
  • тапсырманы берілген уақытта аяқтауды яғни практикалық жұмыстың уақытын өлшеуді үйренеді, бір-бірінің жұмыстарына ұсыныстар жазады, оқушылар ұсыныстар арқылы қорытынды және нәтиже шығарады, өзара бағалау жүргізе алады.

Бағалау критерийлері

  • шығармашылық шешімдерін жүзеге асыру үшін материал таңдауға көңіл бөледі;
  • практикалық жұмысты сауатты орындайды;
  • алған білімін практикалық жұмыс барысында көрсете алады;

 Тілдік мақсаттар

Тілдік оқыту мақсаты

Оқушылар орындай алады:

Сәндік - қолданбалы өнер түрлерін баяндайды.

Қазақтың ұлттық және басқа да этностардың халқтарының тұрмыстық ғұрып-салтын, дәстүрін, тарихын айта алады.

Бұйым жасаудағы өзгенің шығармашылдық идеясын, ойын түсіндіріп береді.

Пәндік тіл және терминология

Диалогқа/жазбаға қажетті тіркестер

Мәдениет, салт, дәстүр, ғұрып, өру, тоқу, ағаш ою, зергерлік, мүсіндеу, бедерлеу, көркем өңдеу,тоқу.

Торсық, ожау, алаша, кілем, көрпе, мүлік, ат әбзелдері. Мен ...таңдау себебі, ...

Мен бұны ... материалдан жасалғанын білдім.

Мен ... пайдалы жақтарын білемін.

Мен ... материалдар мен құралдарды қолданғанын білдім. Бұл бұйым ... ерекшеліктерден тұрады.

Құндылықтарды дарыту

 

Іздену, зерттеу құндылығы оқушыларда мәліметті іздену кезеңінде дами түседі. Практикалық жұмыс барысында оқушылардың бойында өмір бойы еңбектену және шығармашылық құндылықтары артады. Топ ішінде жұмыс жасағанда құрмет, сыйластық құндылықтары жетіле түседі.

Пәнаралық байланыстар

Бұл сабақты жаратылыстану, математика пәндерімен байланыстыруға болады. Себебі осы сабақты жаратылыстану пәнінде меңгерілетін «Дене және табиғаттағы заттар» бөліміндегі бірнеше тақырыптармен байланыстыруға болады. Қандайда бір материалды кесіп алу үшін оны есептеу қажет және нақты өлшем бойынша бекіту үшін математика пәнінің қажеттілігі де бар.

АКТ қолдану дағдылары

Бейнебаян көрсету үшін АКТ қолданылады.

Бастапқы білім

Оқушылар сәндік-қолданбалы өнер түрлерін және ерекшеліктерін біледі. Сәндік-қолданбалы өнер түрлерін ажырата алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

«Миға шабуыл» бейнебаян

3 минут

Оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеп болған соң бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтау үшін табиғи және жасанды, заманауи материалдарының жасалу жолдары туралы миға шабуыл бейнебаяны көрсетіледі.

Миға шабуыл бейнебаянын төмендегі желіден көруге болады.

https://www.youtube.com/watch?v=UXktsREF8Kk

https://www.youtube.com/watch?v=QFssljifZm8

Сұрақ-жауап

кезеңі

«Кеспе тіліктер»

5 минут

Өзара бағалау

«смайлик магниттері»

Тапсырма

2 минут

Миға шабуыл сұрақтары

2 минут

Бағалау критерийі

1 минут

Практикалық кезең

20 минут

Көрме

3 минут

Өзара бағалау

«Стикер» әдісі

2 минут

Кері байланыс

«Шебер»

3 минут

Сабақты қорыту

2 минут

Үйге тапсырма

2 минут

Бейнебаян көрсетіліп болған соң оқушылар үстел үстінде тұрған түрлі-түсті кеспе тіліктерді көздерін жұмып тұрып біртіндеп алады. Кеспе тілікте түрлі замануи және табиғи материалдардың аттары, пропорция, симметрия сөздері және кері бетінде олардың анықтамалары жазылған. (Мысалы: ағаш, ПВХ, пластмасса шыны (оргстекло), пенопласт, картон, пропорция, симметрия т.б.) Тілікті алған оқушылар біртіндеп қолдарын көтере отырып, жазылған материал атын айтып, бірақ анықтамасын оқымай алдымен өз түсініктерін айтады. Түсінік соңында анықтамасын оқушыларға оқып береді. Өз ойымен айтылған мәлімет және анықтамасы сәйкес келген оқушыларды басқа оқушылар смайлик магниттері арқылы бағалап отырады. Ол үшін тақтаға оқушылардың есімдері жазылады, бағалаушы оқушыларға екі түрлі смайлик магниттері таратылып беріледі және соны бағаланушы оқушының тұсына жабыстырады.

Кеспе тіліктің үлгісі:

Оқушылар біршама материалдармен танысып болған соң практикалық кезең үшін тапсырма беріледі.

Дифферециациялық тапсырма:

  • Қабілеті жоғары оқушылар үшін:

Қазақ киіз үйінің макетін жасау. (ПВХ материалын қолданады).

  • Қабілеті орта оқушылар үшін:

Қазақ киіз үйінің макетін жасау. (түрлі-түсті картон қағазын қолданады).

Тапсырма қағазға жазылып үстел бетіне қойылады. Оқушы өзінің қабілетін ескере отырып тапсырманы таңдайды.

Тапсырманы таңдап болған соң оқушыларға миға шабуыл сұрақтары қойылады.

Сұрақтар:

  • Киіз үйдің макетін жасау үшін ең алдымен нені білу керек?
  • Киіз үйдің құрылысы қандай?

Практикалық жұмысқа арналған бағалау критерийі:

  • Киіз үйдің ерекшеліктерін және формасын ескеру.
  • Киіз үйдің құрылыстарын және пропорциясын сақтау.
  • Таңдап алған материалдар, түстер және текстура мен суреттер арқылы өздерінің креативті идеясын ұсыну.
  • Макеттің эстетикалық көрінісі.

Бағалау критерийі интерактивті тақтада көрсетіліп тұрады.

Практикалық кезеңді бастамас бұрын оқушыларға техника қауіпсіздік ережесі ескертіледі. Кесуге арналған концелярлық пышақты, қиюға арналған қайшыны ұқыпты ұстау, желімді, сызғышты, қаламды, өшіргішті лақтырмау.

Оқушылар жеке-жеке шығармашылық кезеңді бастайды.

Практикалық кезең аяқталғаннан кейін оқушылар өз жұмыстарын парта үстіне қойып көрме жасайды.

Оқушыларға бір-бірлерінің жұмыстарын бағалау үшін стикер таратылады. Өздеріне ұнаған және бағалау критерийіне сәйкес орындалған жұмысқа стикерді жабыстырады. Стикер көп жабыстырылған жұмыстың оқушысына қолдау көрсетіледі.

Оқушыларға «Шебер» атты кері байланыс парағы беріледі.

Онда: балға суреті - «мен меңгердім», қол ара суреті - «мен білгенмін» және шеге суреті - «толықтырғым келеді» деген үш бағанға оқушылар бүгінгі сабақтан түйген ойларын жазып береді.

Бүгінгі сабақты қорыту үшін практикалық кезеңде өте жақсы, бағалау критерийіне сай орындалған киіз үй макеттерін атап көрсетемін және оқушыларға қолдау көрсетуді ұсынамын.

Келесі сабақта жаңа жылдық бет-перде жасайтынымызды ескерте отырып қажетті материалдарды өз қалаулары бойынша алып келуді тапсырамын. Нобайын орындау үшін sketchbook яғни сурет салуға арналған дәптерлерін алып келулерін ескертемін. Бет пердеге қажетті материалдар түрлі-түсті қағаз, ПВА желімі, қайшы, резіңке, газет немесе жұқа қағаз (салфетка), ермексаз.

Қажетті ресурстар:

Концелярлық пышақ, қайшы, сызғыш, желім, қалам, өшіргіш, түрлі-түсті картон, ПВХ матералы.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыдан күтілетін нәтижетапсырманы уақытылы орындау, бағалау критерийіне сәйкес болу, шығармашылық жұмысты сауатты орындау.

Сабақ барысында оқушыларға екі деңгейдегі дифференциациялық тапсырма берілді. Қабілеті жоғары оқушылар үшін киіз үйдің макетін ПВХ материалынан орындау және қабілеті орта оқушылар үшін картоннан макет жасау тапсырмасы берілді.

Дифференциациялық тапсырманы беру кезінде оқушыларға тапсырманың жоғары немесе орта деңгейдегі тапсырма екендігі айтылмайды және оқушы тапсырманы өздерінің қабілеттеріне қарай таңдап алады.

Кері байланыс

«Шебер»

Бағалау үшін қолданылған әдіс:

Өзара бағалау түрі

Әдісі «смайлик магниттері» және «стикер»

Топқа біріктіру үшін қолданылған белсенді әдіс - «Мозайка».

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары:

- сызғышты, қаламды лақтырмау;

- қайшы және концелярлық пышақты ұқыпты пайдалану;

- ПВХ материалына арналған желімді ұқыпты пайдалану.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу