1-сабақ: Интерьерді мерекеге орай безендіру. Көркем еңбек (қыздар), 9 сынып, дидактикалық материал.


https://toibiznes.kz/kk/oformlenie-cvetami

Кез келген мерекелік кеш ұйымдастыруды қолға алған адам оның тек көңілді болғанын ғана емес сонымен қатар, есте қаларлықтай ерекше өткенін қалайды. Ол үшін тер төгіп алдын ала дайындық жасайды. Қандай мейрам болмасын ұйымдастыру өзіндік күшті талап етеді. Оған арнайы уақыт бөліп, жоспар құрып, қаржылық мүмкіндіктеді пайдалану керек. Оған қоса бұл тек бір адамның қолынан келетін жұмыс емес. Әр қызметтің өз маманы бар және ол меркелік кештің жоғары деңгейде өтуіне өз үлесін қосады. Сондай жекелеген қызмет түрлерінің біріне безендіру жұмыстары кіреді.

Меркелік безендіру сан алуан болады. Онда ең маңыздысы қуаныштың себебі, өтетін орны және тақырыптық безендіру. Кез келген мерекеге сай безендіру жасауға болады Әр жиынның өзіндік ерекшелігі, бағыты бар соған орай безендіру түрлері де әртүрлі. Мысалы, балалар туған күні болса, безендіруге ойыншықтар, түрлі-түсті шарлар, ертегі кейіпкерлері қолданылады, ұлттық мерекелерді сәндік-қолданбалы өнер туындыларымен,ою-өрнекпен, тірі және жасанды гүлдер, мата мен ленталар қолданылса, ресми іс-шараларға салмақты түстер мен баннерлер көбірек қолданылады. Дегенмен, барлығы өтетін мерекенің тақырыптық бағытына да тікелей байланысты.

Безендіру -> Гүлмен безендіру 

Тақырыбына қарамастан мерекені безендірудің бірнеше нұсқасы бар. Ең танымалы – гүлдермен безендіру. Гүлдер – қыздарға арналған  сыйлық қана емес, сонымен қатар таңғажайып атмосфера құрудың түрі.  Мерекені гүлдермен безендіру – ең танымал және әдемі безендірудің бір түрі.  Біздің уақытта тірі, жасанды тіпті құрғақ гүлдермен безендіру кең таралған.

Гүлдермен безендіру  гүл шоғынан басталып, арка, дастархан, төбе және еденге дейін жалғасады. Әр гүл әр түрлі әсемдік пен мағына, мазмұн беретіндіктен залды гүлдермен безендіруді жеке қарастыру керек, оның үстіне гүлдер жағымды иіс бөліп тұрады.  Гүлдер композицисын құрау үшін композиция заңдылықтарын қолдану керек.

Мысалы: гүлдерді тек үйлесімділігі жөнінен ғана емес иістеріне байланысты да таңдай білу керек.  

Безендіру -> Шармен безендіру 

Мерекелік атмосфера жасау үшін көп нәрсенің  қажеті жоқ – шараның себебін және тиісті жобалау болса болғаны.  Мерекелерді безендірудің ең қарапайым жолы - шар. Бұлай безендірудің артықшылықтары:

  • Қолжетімді баға.
  • Кең ауқымды вариация.
  • Кез-келген мереке үшін қолайлы.
  • Көңілді атмосфера.

Мерекелік интерьерді шарлармен безендіру қашанда орынды. Мерекелердің түрлілігі шарларды бірнеше түрге жіктеуде:

  • Гелий және әуе
  • Қалыпқа келтірілген
  • Қозғалмалы
  • Светодиод
  • Әріп, сан – шарлар

Әрбір мереке шарлардың түсі, орналасқан жері, санына ерекше мән беруді  талап етеді. Балалар мерекесін түрлі түсті және әріп, жарқырауық шарлармен  безендіруге болады.  Соңғы қоңырау кешін сәндеу үшін жарық шашатын шарларды қолдану танымал болып келеді.

Түрлі кәсіби және шығармашылық ақпарат көздері мен педагогикалық тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың бейнелеу өнері бойынша академиялық тілі дамытылды. КДМ шығармашылық жоба тапсырмаларын, отандық және өзге елдің суретшілерінің туындыларын зерттеу және оның негізінде өз шығармаларын орындау, оны сыныптастарына таныстыру, сондай-ақ, түрлі байқауларға қатыстыру арқылы жүзеге асырылды. Атқарылған жұмыс нәтижесінде, оқушылардың пән бойынша тілдік дағдылары біршама көтеріліп, өз ой-пікірлерін термин сөздерді қолданып көлемдірек жеткізе алып, халықаралық, республикалық және мектепішілік байқауларда алған білімдері мен дағдыларын жоғары деңгейде көрсете білді. КДМ-на жету барысында әріптестеріммен стартегиялар мен педагогикалық әдіс-тәсілдерді қарастырып, әр сыныптың қажеттілігіне қарай тиімдісі анықталып отырды.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу